Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Морфология шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.

Грамматика (гректің grammatike оқи алу, әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым – қатынастарды, сөйтіп, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сздердің бір –бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады.Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтық қасиеті негізінде сөздер грамматикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады.Біріншіден,лексикалық мағынанға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, солан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір –бірімен әртүрлі қарым – қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы үстеледі. Екіншіден, лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір – бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады,жеке сөзге ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан топтауға негіз болады.Үшіншіден, сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөзде біреу де,бірнешеуде де болуы мүмкін. Грамматикалық мағына белгілі жолдар арқылы беріледі. Соның бірі – грамматикалық форма.Грамматикалық форма, бір жағынан сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі, оның бір түрі арқылы берілп отырады.Граматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.

3. Тапсырма. Сөздердің қандай тұлғада тұрғанын анықтап, түбір мен қосымшаға ажыратыңыз. Түбір қандай мағына береді? Қосымшалар қандай мағына береді?

Қазақ тілінде «таза адам» деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады (Ғ.Мүсірепов).

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. (Б.Бұлқышев)

1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.

Есімдік – лексика- грамматикалық сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы.Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.Есімдік заттың өз атауын да,белгісінін, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады.

2. Көптік жалғау және көптік категориясы.

Жалғаулардың ішінде көптік жалғаулардың орны ерекше.Көптік жалғау – көптік ұғымның көрсеткіші.Қазақ тіл білімінде сан –мөлшер категориясы көбіне – көп көптік ұғыммен, көптік жалғау тұлғасымен байланысты қаралып келді.Қазақ тілінің грамматикаларында сан –мөлшер категориясы деген терминнің болмай, грамматикалық түлға ретінде көптік жалғау, көптік жалғау категориясы немесе көптік категориясы деген терминдердің қолданылуы осының дәлелі болса керек. «Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес.Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі, лексикалық,морфологиялы,синтетикалық тәсіл арқылы да айтылады.

Әрмен қарай «көптік жалғау категориясың деген ұғымға не кіреді деп ашық айтылмайды,сірә, ол термин және ұғым көптік жалғау дегенмен бара –бар болуы керек. Мұнда, бірнішіден,категория деген термин, жоғарыда арнаулы тақырыпта көрсетілгендей, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принципен қолданылмаған.Екіншіден, «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас, әрі өз ішінде бір –біріне қарама –қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады.

3.Тапсырма.Түбір сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарын көрсетіңіз. Лексикалық және грамматикалық мағынаның айырмашылығы неде екенін анықтаңыз. Өзен. Бақыт. Жақсы. Бесеу. Кел.