- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Модификациялық жұрнақтар.
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекшіморфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімніңшырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.
2.Сөз формасы, оның түрлері.
Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық , не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық(морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру
Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі —сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады.
1. Сөздердің негізгі тұлғасының бірі — түбір сөздер туралы ойлар кеңестік дәуірдегі барлық оқулықтар мен грамматикаларда кездеседі. Түбір сөз туралы пікір алшақтығы немесе өзгеше сипаттау әдеті кездеспейді. Оның анықтамасы Қ. Жұбановтың "Сөздің түбірі қосымшасыз өзі ғана тұрса, түбір сөздер дейміз" деген ережесінің негізіне құрылған. Бұған қосылған ұғым — туынды түбір, яғни әр түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіп табылған сөздер жайындағы түсінік.
2. Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және соншалық қиын түрі — күрделі сөздер мәселесі. Күрделі сөздердің жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) жайы Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық зерттеулер объектісіне айналды да, 40-50-жылдардан бастап ішінара диссертациялық зерттеу тақырыбына көшті. Бұл зерттеулердің бәрінде де зерттеулер жүйесінің көлемі және мақсатына байланысты кездесетін ерекшеліктер болмаса, жалпы принципті мәселелер туралы пікір алшақтығы байқалмады. Бірақ жалпы алғанда, қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Мысалы, осы уақытқа дейін күрделі сөздердің іштей грамматикалық мағынаны тудыратын түрлерінің өзара жігі айқындалып, тұрақты бір межеге тіркелмей келеді. Күрделі сөздердің ішінде біріккен сөздер үнемі лексикалық жаңа мағына тудырып отыратынына дауа жоқ. Бірақ кез келген қосарланған сөз тіркестері үнемі лексикалық жаңа мағына тудыра бермейді.
