- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Сан есімнің семантикалық топтары.
Сан есім семантикалық сипаты жағынан заттың сан- мөлшерін,ретін т.б. білдіріп, қанша?неше?нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап береді.Сан есім заттың санын,мөлшерін, ретін білдіріп, тікелеі зат есіммен тіркесіп қолданылады.Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді.Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны,әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.Сан есім құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады.Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады.
2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені кейінірек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлем қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді. Етістік грамматикалық сипаты жағынан сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз табы. Басқа сөз таптарындағыдай морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр- тұлғаларға бөліну етістікке де тән.Бірақ етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы нәтижесінде қалыптасып, туады, жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды.Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып танылатын етістікке тән белгілі мағына білдері алатын,бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі граммматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады. Етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір ала-құлалығы немесе тіпті кейде оның мәніне түсінбеушілік етістік категорияларының ерекшеліктерін анықтап, оларды жіктеуден де байқалып жүр.
1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін – етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады:
І – сөйлеуші жақ.
ІІ – тыңдаушы жақ.
ІІІ – бөгде жақ.
Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
1. Етістіктің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер тікелей жіктеледі.
2. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғау жалғанады.
1. Етістіктің есімше (-ған, -ген, -атын, -ар, -р, -с), қалып етістіктері, есім сөздер біркелкі жіктеледі. -уда, уде тұлғалы тұйық етістіктер есімдерше жіктеледі.
2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е,- й, -п, -ып, -іп) І-ІІ жақтарда есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта арнайы –ды/ді жалғауы болады.
3. Шартты рай (-са, -се), жедел өткен шақ (-ды,-ді) тұлғасының түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі.
4. Етістік бұйрық рай тұлғасында ерекше жіктеледі.
5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі – қалау рай.).
