
- •1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Морфема, оның түрлері.
- •3. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2.Қосымша, оның түрлері.
- •3. Бүгінді ертең жеңеді (ғ.С.). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)
- •1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық мағына, оның берілу тәсілдері мен жолдары.
- •1.Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Көптік жалғау және көптік категориясы.
- •1.Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •2. Септік жалғау және септік категориясы.
- •1.Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Грамматикалық және көлемдік септіктер.
- •1.Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
- •2. Сын есімнің шырай категориясы.
- •3. Көрмес – түйені де көрмес (мақал).
- •1.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
- •2. Есімше, оның мағынасы мен түрлері.
- •1.Етіс категориясы, оның түрлері мен мағынасы.
- •2. Салт-сабақтылық категориясы.
- •1.Сөздерді таптастыру принциптері.
- •1.Шылаудың грамматикалық сипаты.
- •1.Сөз таптары мен сөз топтары, олардың арақатынасы
- •2. Етістіктің грамамтикалық категориялары.
- •Одағайдың грамматикалық сипаты.
- •Сын есім категориясы.
- •1.Модаль сөз және модальдылық мағына.
- •1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
- •1.Шақ категориясы.
- •1.Рай категориясы.
- •1.Сан есімнің семантикалық топтары.
- •2.Етістік түбірдің ерекшеліктері.
- •1.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері.
- •Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
- •2.Қосымшалардың жіктелуі.
- •1.Модификациялық жұрнақтар.
- •2.Сөз формасы, оның түрлері.
- •1.Лексика-грамматикалық категориялар мен таза грамматикалық категориялар.
- •1.Жалғаулар, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •1.Күрделі етістік және аналитикалық етістіктер.
- •1.Қазақ тіл білімінің Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.
1.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
Етістік грамматикалық сипаты жағынан сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз табы. Басқа сөз таптарындағыдай морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр- тұлғаларға бөліну етістікке де тән.Бірақ етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы нәтижесінде қалыптасып, туады, жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды.Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі болып танылатын етістікке тән белгілі мағына білдері алатын,бірақ қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі граммматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады. Етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір ала-құлалығы немесе тіпті кейде оның мәніне түсінбеушілік етістік категорияларының ерекшеліктерін анықтап, оларды жіктеуден де байқалып жүр.
1.Шақ категориясы.
Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады.
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.
Осы шақтың 2 түрі бар:
1)Ауыспалы осы шақ.
2) Нақ осы шақ.
Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.
Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған.
Өткен шақ
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:
1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.
2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.
3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.
Келер шақ Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:
1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.
3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.