Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест 436 +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570.37 Кб
Скачать
  1. Лидокаин

  2. Дикаин

  3. +Бупивакаин

  4. Тримекаин

Новокаин

146. М-холинорецепторлардың орналасуы:

  1. Парасимпатикалық ганглидің нейрондарында

  2. Симпатикалық ганглидің нейрондарында

  3. Қаңқа бұлшық еттерінің шеткі пластинкаларында

  4. Бүйрек үсті безінің хромаффиндік жасушаларында, каротидты шумақта

  5. +Холинергиялық талшықтар ұштары аймағындағы эффекторлық мүшелердің жасушаларында, ОЖЖ

147. Асқазанның М-холинорецепторын таңдамалы тежейтін зат:

  1. +Пирензепин

  2. Скополамин

  3. Ипратропий бромиді

  4. Метацин

  5. Платифиллин

148. Атропинмен және құрамында атропині бар өсімдіктермен улануға тән белгілер:

  1. +Тахикардия, мидриаз, сөйлеудің және қимылдың қозуы

  2. Температураның төмендеуі, брадикардия, АҚ төмендеуі

  3. Миоз, сілекей бездері секрециясының жоғарылауы

  4. Тыныстың тежелуі, бронхоспазм

  5. Қимыл қозғалыстың жоғарылауы, АІЖ тонусының жоғарылауы

149. Дитилиннің әсер ету механизмі:

  1. қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолин синтезінің бұзылуы

  2. постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы

  3. +постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

  4. постсинапстық мембрананың тұрақтануы

ацетилхолиннің гидролиздену жылдамдығының жоғарылауы

150. Адренорецепторлардың орналасуы:

  1. Симпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлық талшықтар ұшында (симпатикалық ганглий нейрондарында)

  2. +Адренергиялық талшықтар ұшы аймағындағы эффекторлы мүшелердің жасушаларында

  3. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлық талшықтар ұшында (парасимпатикалық ганглий нейрондарында)

  4. Каротидты шумақта

  5. Бүйрек үсті безінің милы қабатының хромаффиндік жасушаларында

151. Препаратты анықтау: сорып алу аймағы үлкен инертті ұнтақ, токсиндермен және улы заттармен уланған кезде сорып алушы зат ретінде, сонымен қатар метеоризмде қолданылады:

Анестезин

2. +Белсендірілген көмір

3. Танин

4. Висмуттың негізгі нитраты

5. Крахмал шырышы

152. Адреналин қосқан кезде новокаиннің жансыздандырғыш әсерінің күшеюі және ұзаруы негізінен байланысты:

1. Ыдырауының баяулауына

2. Адреналинмен кешенді қосылыстар түзуіне

3. +Сіңірілудің баяулауына

4. Екі заттың анестезиялаушы әсерінің қосындысына

5. рН ортаның өзгеруіне

153. Деполяризациялаушы миорелаксант:

Атропин

2.+ Дитилин

3. Тубокурарин

4. Мезатон

5. Адреналин

154. Бета-2 –адреномиметиктерді қолдануға көрсетулер:

  1. Артериялық гипотензия

  2. Миастения, полиомиелиттің қалдық белгілері

  3. Жүрек тахиаритмиясы

  4. Ашық бұрышты глаукома

  5. +Бронх демікпесі

155. Көздің түбін тексеру үшін, ішек, бүйрек және бауыр шаншуларында, бронх демікпесінде, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасында, холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда қолданылатын препарат:

  1. Сальбутамол

  2. +Атропин

  3. Ипратропиум бромиді

  4. Пирензепин

  5. Изадрин

156. Қармаушы заттардың негізгі әсер ету механизмі:

  1. Рецепторлық құрылымдардың тежейд і

  2. Шырышты қабатта қорғаныш қабатын түзеді

  3. Химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды

  4. +Шырышты қабаттың бетіндегі белоктарды коагуляциялайды

Импульстердің өтуін бұзады

157. Қаптаушы заттардың әсер ету механизмі:

  1. +Шырышты қабатта қорғаныш қабық түзеді

  2. Шырышты қабаттың бетіндегі белоктарды коагуляциялайды

  3. Рецепторлық құылымдарды тежейді

  4. Химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тіркенуден қорғайды

Импульстердің өтуін бұзады

158. Қармаушы заттардың қолданылуы:

  1. Метеоризм кезінде

  2. +Улану кезінде асқазанды жуу және шаю үшін

  3. Ішкі мүшелердің трофикасын жақсарту үшін

  4. Алаңдатушы әсер шақыру үшін

  5. Бульбарлы орталықтарды рефлекторлы белсендіру үшін

159. М-холиномиметиктерді тағайындауға көрсетулер:

  1. Миастения, бүйрек шаншуы

  2. Бүйрек шаншуы, гиперацидті гастрит, пилороспазм

  3. +Глаукома, ішек парезі, қуық атониясы, гипосаливация

  4. Жедел панкреатит, бауыр шаншуы, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

  5. Бронх демікпесі, қаңқа бұлшық еттерінің парезі

160. Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсетулер:

  1. Қарашықтың тарылуы, брадикардия

  2. Бронх демікпесі, артериялық қысымның жоғарылауы

  3. Ішкі ағзалардың тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусының жоғарылауы, бауыр және бүйрек шаншулары, тырысу синдромы

  4. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гиперацидті гастрит, бронх бездерінің секрециясының жоғарылауы, гиперсаливация

5. +Қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуі, салданулар, парездер, ішек және қуық атониясы, глаукома

161. Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін М-холиноблокатор:

  1. Атропин

  2. Ипратропия бромиді

  3. Платифиллин

  4. Метацин

  5. +Скополамин

162. Альфа –адренорецепторларды айрықша ынталандыратын дәрілік зат:

  1. Норадреналин, Адреналин

  2. Изадрин, Сальбутамол

  3. +Мезатон, Нафтизин

  4. Галазолин, Пропранолол

  5. Атенолол, Метопролол

163. Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:

  1. бронхоспазмды жою үшін

  2. +асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы, гиперацидті гастрит, бауыр, ішек шаншуларын емдеу үшін

  3. наркоздық заттарды қолданғаннан кейінгі жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін

  4. брадикардияны жою үшін

  5. бүйрек және бауыр шаншуларында

164. Заттардың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішек және қуық атониясында деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисі ретінде қолданылады:

  1. М-холиномиметиктер

  2. М-холиноблокаторлар

  3. Н-холиноблокаторлр

  4. Адреномиметикитер

+Холинэстеразаға қарсы заттар

165. Заттардың тобын анықтау: қарашықты тарылтады, аккомодация спазмын шақырады, көзішілік қысымды төмендетеді, бронхтың, ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады, бездердің секрециясын күшейтеді, ганглилердегі және жүйке-бұлшық еттік синапстардағы қозудың берілуіне әсер етпейді. Глаукома кезінде қолданылады. Бұл заттармен уланғанда атропинді тағайындайды:

1. +М-холиномиметиктер

2. М-холиноблокаторлар

3. Ганглиоблокаторлар

4. Н-холиномиметиктер

5. Холинэстеразаға қарсы заттар

166. Затты анықтау: ОЖЖ-сін тежейді, қарашықты кеңейтеді, аккомодацияның салдануын шақырады, тегіс салалы бұлшықеттердің тонусын төмендетеді, бездердің секрециясын төмендетеді, теңіз және әуе ауруларының алдын алу үшін қолданылады:

  1. +Скополамин

  2. Атропин

  3. Прозерин

  4. Ацеклидин

  5. Платифиллин

167. Дитилиннің аса ұзақ әсерін жою үшін қолданылады:

  1. Армин

  2. Прозерин

  3. +Жаңа дайындалған цитратты қан

  4. Физостигмин салицилаты

  5. Галантамин

168. Затты анықтау: көлденең-жолақ бұлшық еттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, жылдам апноэ шақырады, әсер ұзақтығы 20-40 мин. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті – холинэстеразаға қарсы заттар:

  1. Мелликтин

  2. Ацетилхолин

  3. Дитилин

  4. Бензогексоний

  5. +Тубокурарин

169. Препаратты анықтау: пресинапстық варикозды кеңеюге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) босап шығуына ықпал етеді, адренорецепторларға тікелей әлсіз ынталандырғыш әсер етеді. Негізгі фармакологиялық әсерлері адреналинге ұқсас.

изадрин

2. сальметерол

+3. эфедрин

4. сальбутамол

5. фенотерол

170. Заттың тобын анықтау: жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді. Эфир осы заттардың әсерлерін күшейтеді, прозерин – әлсіретеді:

  1. Ганглиоблокаторлар

  2. М-холиноблокаторлар

  3. Деполяризациялаушы миорелаксанттар

  4. М-холиномиметиктер

+Деполяризацияға қарсы миорелаксанттар

171. Холинэстеразаға қарсы әсері қайтымсыз зат:

  1. Галантамин

  2. Прозерин

  3. Дипироксим

  4. +Армин

  5. Изонитрозин

172. Паралич, парез және миастенияда қолданылады:

  1. Галантамин

  2. Прозерин

  3. Дипироксим

  4. +Армин

  5. Изонитрозин

173. Ішек және қуық атониясын емдеу және алдын алу үшін қолданылады:

  1. Ацеклидин, Пилокарпин

  2. +Прозерин, Галантамин

  3. Бензогексоний, Пирилен

  4. Атропин сульфаты, Платифиллин

  5. Карбахолин, Ацетилхолин

174. Үшіншілік аминдерге жататын М-холиноблокаторлар:

  1. +Атропин, Скополамин, Платифиллин

  2. Метацин, Бензогексоний, Пирилен

  3. Пирензепин, Атропин, Пентамин

  4. Цититон, Лобелин, Скополамин

Атропин сульфаты, Платифиллин, Карбахолин

175. Холинэстераза реактиваторлары:

  1. Ипратропий бромиді, атропин

  2. +Изонитрозин, дипироксим

  3. Пирензепин, платифиллин

  4. Метацин, скополамин

  5. Атропин, бензогексоний

176. Дипироксимді төмендегі қайсы заттармен уланған кезде қолданады:

  1. Спирттермен

  2. Ауыр металл тұздарымен

  3. +Холинэстеразаға қарсы фосфорорганикалық қосылыстармен

  4. Наркотикалық анальгетиктермен

  5. Барбитурат қышқылының туындысы –ұйықтатқыш заттармен

177. Ипратропиум бромидін қолдануға көрсету:

  1. +Бронхоспазмның алдын алу үшін аэрозолды баллондармен ингаляция түрінде

  2. Наркоз кезіндегі жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін

  3. Көктамырға енгізу үшін ерітінді түрінде

  4. Сілекей бездерінің секрециясын төмендету үшін тамшы ретінде

  5. Асқазанның ойық жарасында

178. Дәрілік заттардың тобын анықтау: көз қарашығын кеңейтеді, көзішілік қысымды жоғарылатады, аккомодацияның салдануын шақырады, бронх және ас қорыту бездерінің секрециясын төмендетеді, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді, тахикардия шақырады. Көз түбін тексергенде, бауыр, бүйрек, ішектің шаншуларында, бронх демікпесінің ұстамасында, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасында қолданылады:

  1. М-холиномиметиктер

  2. +М-холиноблокаторлар

  3. Холинэстеразаға қарсы заттар

  4. Ганглиоблокаторлар

  5. Адреномиметиктер