Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhanuarlar_sist_bilet (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.19 Кб
Скачать

3.Қолтырауындар отряды

Қолтырауындар (лат. Crocodylia, гр. κροκόδειλος - малта тастай құрт) — бауырымен жорғалаушылардыңархозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдаржәне нағыз қолтырауындар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңізжағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен,көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 – 7 метр Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері мен танау тесіктерібас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауызқуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқыаяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі – жүрегі 4 камералы (қуысты). Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығыжоқ. Қолтырауындар жыныстық жағынан 8–12 жылда жетіледі. Аналықтары 20–100-дей жұмыртқасын сужағалауындағы құмның немесе батпақтың шірігенжапырақтары мол жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл қолтырауынының жұмыртқасынан 3–4 айда ұрпақтары шығады. 50–85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл қолтырауындары, жалды қолтырауындар адам үшін қауіпті. Қолтырауынның барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма,Кения, т.б.) қолтырауын арнайы фермаларда қолда өсіреді. Ертеде Мысырда қолтырауындарды киелі санап, оған табынған, әрі арнайы мумиялап, фараонның мүрдесімен бірге жерлеп,пирамидаларда сақтаған. 1903 жылы Шығыс Африкада ұзындығы 7,6 метр, Мадагаскар аралынан ұзындығы 10 метр қолтырауын ұсталған. Қолтырауынның ең ірісі Индонезияда, Австралияда жәнеЖаңа Гвинея аралдарында таралған жалды қолтырауындар. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұзындығы 4,2–4,8 метр, ал салмағы 408–520 килограмм. 1957 жылы ұсталған жалды қолтырауынның ұзындығы 8,63 метр, салмағы 1 тоннадан астам тартқан.[1] Белсенділігі түнде басталады. ХТҚО Қызыл кітабына 26 түр, оның ішінде 15 түрі нағыз қолтырауындар енгізілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]