- •Билет №21
- •1.Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
- •2.Құбылғылар: түрлері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің сүйек қаңқасы (скелет) билет №22
- •2.Жыландар: түрлері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің ішкі органдарының құрылысы және олардың атқаратын қызметтері
- •Билет №23
- •1.Балықтардың негізгі отрядтары, таралуы, маңызы
- •2.Қолтырауындар: түрлері, биологиялық ерекшеліктері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің тыныс органдары және көбеюі
- •Билет №24
- •1.Дөңгелекауыздылардың құрылысы, географиялық таралуы
- •2.Тасбақалар: түрлері, биологиясы, таралуы
- •3.Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы билет №25
- •1.Сүйекті балықтардың құрылысы
- •2.Рептилийлердің шығу тегі және эволюциясы
- •3.Қолтырауындар отряды
2.Қолтырауындар: түрлері, биологиялық ерекшеліктері, таралуы
Қолтырауындар (лат. Crocodylia, гр. κροκόδειλος - малта тастай құрт) —бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар,гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинеяаралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы суайдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 – 7 метр Басыжалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдайпайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі –жүрегі 4 камералы (қуысты). Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ. Қолтырауындар жыныстық жағынан 8–12 жылда жетіледі. Аналықтары 20–100-дей жұмыртқасын су жағалауындағы құмның немесе батпақтың шіріген жапырақтары мол жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл қолтырауынының жұмыртқасынан 3–4 айда ұрпақтары шығады. 50–85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл қолтырауындары, жалды қолтырауындар адам үшін қауіпті. Қолтырауынның барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма, Кения, т.б.) қолтырауын арнайы фермаларда қолда өсіреді. Ертеде Мысырдақолтырауындарды киелі санап, оған табынған, әрі арнайы мумиялап, фараонның мүрдесімен бірге жерлеп, пирамидаларда сақтаған. 1903 жылы Шығыс Африкада ұзындығы 7,6 метр, Мадагаскар аралынан ұзындығы 10 метр қолтырауын ұсталған. Қолтырауынның ең ірісіИндонезияда, Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарында таралған жалды қолтырауындар. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұзындығы 4,2–4,8 метр, ал салмағы 408–520 килограмм. 1957 жылы ұсталған жалды қолтырауынның ұзындығы 8,63 метр, салмағы 1 тоннадан астам тартқан. Белсенділігі түнде басталады. ХТҚО Қызыл кітабына 26 түр, оның ішінде 15 түрі нағыз қолтырауындар енгізілген.
3.Қосмекенділердің тыныс органдары және көбеюі
Қосмекенділердің көбеюі. Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады. Жазғытұрым қоныр бақалардың еркектерінің арқа жағында жэне тамағының астында күлгін түсті теңбіл пайда болады. Тритондар мен протейлерде “күй салтанаты” кезінде ашық теңбілдер пайда болады. Морфологиялық құрылыстарында да ерекшеліктер байқалады. Мысалы жаз кезінде жалды тритондардың еркектерінің арқасында және құйрығында сүйел сияқты тері өсінділері күшті өсіп, оларда өте жиі орналасқан қан тамырының торлары пайда болады. Құйрықсыздардың еркектерінде алдыңғы аяқтарының саусақтарының ішкі бетінде сүйелденген төмпешіктер өседі, осы төмпешіктер арқылы еркектері шағылысқан кезде, ұрғашыларына бекім жабысады. Кейбір түрлерінде мұндай “күй сүйелі” денесінің басқа бөлігінде де болады. Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік — олардың көбею кезінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтуі. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Әйткенмен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік. Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен ар-қасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады. Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді. Бұдан кейін спермасын кішкене қапшықшаларға салып, сперматофораларын су астындағы өсімдіктердін, үстіне шашады, олар өсімдіктерге бекиді. Ұрғашысы жүзіп келіп осы қапшықшаларға клоакаларын беттестіріп, ұрық жолдарына ендіріп, ұрықтанады. Құрлықта жүретін кұйрықты саламандралар сол мекендеген жерінде шағылысады. Бұл кезде еркек саламандра алдыңғы аяқтарымен үрғашыларын құшақтап, екеуі клоакаларын беттестіреді. Еркегінің сперматофоры ұрғашысы-ның клоакасы арқылы ұрық жолына өтеді. Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дами-тыны туралы көптеген деректер бар. Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тас-тардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жата-ды. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көшіреді, суда метаморфозы тез аяқталып, ересек формаға айна-лады. Қалталы бақаның (Nоtotгеmа) ұрықтанған жұмыртқалары денесінің арқа бөліміндегі тері қатпарларының терең түкпіріне орналасады. Кейбір түрлерінің осындай қатпардан шыккан итшабақтарының дамуы суда аяқталады, ал кейбір түрлерінде барлық стадиялары осы қалташада өтеді де одан метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады. Оңтүстік америкалық бақа — Дарвинның ринодермасының (Rһіпоdегmа (dаwiпі) көбеюі ерекше болады. Еркегі ұрықтанған жұмыртқаларын жұтып көкірегі мен құрсағында болатын, ұзын дыбыс қапшықшасының ішінде алып жүреді. Бұл дыбыс қапшыкшаның ішіне 20—30 шақты жұмыртқа сияды. Ұрықтар алғашқы уақытта, тек-қана жүмыртқаның ішіндегі сары затымен қоректену арқылы дамиды. Сары заттары біткен соң, арқа және кұйрық бөлімдерінің бетімен бірігіп дыбыс қапшықшаларының ішкі беттеріне бекиді, ондағы көптеген қан тамырлары арқылы зат алмасу процесі жүреді. Бұдан сыртқа метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады. Кейбір бақалар жұмыртқаларын өздері жасаған ұяларға са-лады. Мысалы, Оңтүстік Американың филломедуза деген бақасы жұмыртқасын иіліп тұрған өсімдік жапырақтарының үстіне салады. Ол үшін олар жапырақтық жиегін бір-біріне жақындатып, бүріп кішкене конверт жасайды. Жапырақтың жиегі жұмыртқалардың қоймалжың қабымен желімделеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар біраз уақыт осында болып, кейін суға түсіп, метаморфозын аяқтайды. Тропиктік ормандарда тіршілік ететін кейбір түрлері де жұмыртқаларын иіліп, суға төніп тұрған жапырақтардың қолтырына салады немесе жапырақтың бетіне желімдеп қояды. Кейбір амфибилер тірі туады, бұл құйрықтылар мен аяқсыз-дардың азғана түріне тән. Мысалы, теңбіл саламандралар (SаІаmапdга sаlаmапdга) әдетге тірі туады. Кейде (лабораторияда ұстағанда) жұмыртқа салады. Бірақ жұмыртқадан сол сағатың Ішінде сыртқы желбезегі бар личинкалар шығады. Тау саламандралары (Sаlатапdга аtга) личинкаларыгіың метаморфозы анасының ішінде аяқталады. Үцгір саламандраларымен (Sреlегреs fиsсиs) кейбір аяқсыз қос мекенділердің түрлері толық дамып жетілген тірі бала туады. Амфибилердің жоғарыда көрсетілген көбею тәсілдерінің әдеттегі көбеюден ерекше болуы, олардың әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделіп, өзінен кейінгі тұқымын сақтауға қам ету болып саналады. Амфибилердің өсімталдығы түрліше болады. Мысалы, қара саламандра 2 бала туады, ал теңбіл саламандра мен терілі құртша бір ғана бала туады. Цейлонның жылан балығы 10—15 жұмыртқа, буылтық құртша 5—10, пипалар 50—100, Дарвин ринодермалары 20—30 жұмыртқа салады. Шөп бақасы 1500— 4000 жұмыртқа, жасыл бақа 3—8 мың, ал қүрбақалар 10 мыңға дейін уылдырық салады.
