- •Билет №21
- •1.Шеміршекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы
- •2.Құбылғылар: түрлері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің сүйек қаңқасы (скелет) билет №22
- •2.Жыландар: түрлері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің ішкі органдарының құрылысы және олардың атқаратын қызметтері
- •Билет №23
- •1.Балықтардың негізгі отрядтары, таралуы, маңызы
- •2.Қолтырауындар: түрлері, биологиялық ерекшеліктері, таралуы
- •3.Қосмекенділердің тыныс органдары және көбеюі
- •Билет №24
- •1.Дөңгелекауыздылардың құрылысы, географиялық таралуы
- •2.Тасбақалар: түрлері, биологиясы, таралуы
- •3.Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы билет №25
- •1.Сүйекті балықтардың құрылысы
- •2.Рептилийлердің шығу тегі және эволюциясы
- •3.Қолтырауындар отряды
1.Балықтардың негізгі отрядтары, таралуы, маңызы
Балықтар - омыртқалы жануарлар. Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады, олай жануарларды омыртқалылар деп аталады. Балық та - омыртқалы жануар. Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады. Балықтар өмір бойы желбезен арқылы тыныс алады. Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді. Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі. Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек 0ана6 ол скелет шем3ршектер3не жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды. Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады. Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар. Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады.
