Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhanuarlar_sist_bilet (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.19 Кб
Скачать

3.Қосмекенділердің сүйек қаңқасы (скелет) билет №22

1.Дөңгелек ауыздылардың құрылысы, биологиясы. Дөңгелек ауыздылар (Сусlоstоmаtа) Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен,тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады. Дөңгелек ауыздылардың аяктары мен жактары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронка-ларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады. ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады. Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі. Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадаи тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның, жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады. Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек плас-тинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесі-гінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады. Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады. Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі езгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана болады. Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшелікте-рі: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жік-телмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті система-сының болуы т. б. жатады. Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]