Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nevrologia-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.66 Кб
Скачать

14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.

Миға қан құйылу – Қытай медицинасындағы науқас атауы әрі адамдардың шұғыл сипатты ми қан тамыры ауруларына қойған жалпылама атауы және жай аталуы. Бұл кенет есінен танып қалу, ес-ақылынан айырылу, бет-ауызы қисаю, тілі күрмелу, жарым денесі жансыздану немесе есінен танбағанымен, жарым денесі жансыздану секілді белгілері бар ауру түрі. Батыс медицинасында бұл миға қан түсу, тор қабық асты қуысынан қан шығу, ми қан тамыры бітелу, ми қан тамыры ұйығы, миға қысқа уақыттық қан жетіспеу қатарлыларды қамтиды. Бұл ауру тұтқиыл пайда болатындықтан, ми аполексиясы немесе қан тамырлары шырғалаңы деп те аталған.

Миға қан құйылудың түп қайнары – қан қысымы жоғарылығы және ми артериясының қатаюы болып табылады. Ми қан тамырлары қабырғасындағы қоймалжың қатайып, қан тамырлары қуысын тарылтатындықтан немесе қос қабат артерия өспесін қалыптастырып, көңіл толқу, рухи сасқалақтық, артықша күш жұмсау, қан қысымы жоғарылау қатарлы әр алуан себептердің әсерінен қан тамырлары жарылу немесе тосылып қалу жағдайын тудырып, ми қан айналымын тосып, бір бөлім ми ұлпаларына қан жетіспеу, сулы ісік секілді ауру өзгерістерін қалыптастырып, нерв жолдарын бөгейді, сонымен миға қан құйылудың белгілері жарыққа шығады. Миға қан құйылу туыла қалғанда, ауру жағдайы әдетте ауырлау болады, белсене құтқару арқылы аман қалған күнде де, ауырғандардың басым көпшілігіндежарым денесі салдану, аузы қисайып, тілі күрмелу, сөйлей алмау сияқты зардаптар қалады. Кейбіреулер түрлі себептерден туылатын жарым денесі салдануды түгелдей миға қан құйылу деп атайды. Қатаңырақ айтқанда, бұлай деу анық емес. Өйткені ми өспесі, ми паразит құрт ауруы, ми іріңді ісігі қатарлылардың барлығы салдануды тудырады. Бұл аурулар миға қан құйылу ауруыныңбелгісіне кірмейді.

15.Онмк дифференциальды диагностикасы.

Салыстырмалы диагностика:

Гипогликемия.Жіті ми қан айналымың бұзылуы симптомдарымен ұқсас келеді.Бұл жағдай қант диабетімен ауыратын,гипогликемиялық дәрі-дәрмек қабылдайтын аурулардың барлығында болады;қояншық ұстамалары болуы мүмкін.Дұрыс диагноз қоюдың ең негізгі әдісі-қандағы глюкоза деңгейін анықтау.

Қояншық ұстамасы.Ұстаманың аяқ астынан басталып,аяқталуы.Ұстама кезінде сезімталдық төмендеп,әртүрлі еріксіз қозғалыстар байқалады,ұстамадан соң ұйқысы келіп,есінен шатасу болады. Ошақты неврологиялық симптоматика 24сағат ішінде жоғалады.Диагноз қоюға бұрын болған ұқсас ұстамалар көмектеседі,бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалардың инсультпен қатар жүретінін есте сақтау керек.

Бас сақинасының асқынған түрі.Бастапқа кезде ошақты неврологиялық симптоматика инсультті еске түсіреді;Ұстамаға дейін және кейін бастың қатты ауруы болады;сезімталдық пен көз көруі нашарлайды.Анамнезінде басы ауыратын әйелдер мен жас пациенттерден күдіктенуге болады;бас сақинасында инсульт тууы мүмкін.

Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз,абсцесс,субдуралды гематома).Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады,қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдануы мүмкін,анамнезінде қатерлі ісіктер немесе бассүйектік жарақат кездеседі.

Бассүйек ми жарақаты.анамнезінде басында жарақат іздерінің болуы.

Менингоэнцефалит.Анамнезінде инфекциялық үрдістерінің белгілері,бөртпе,құлақтың және мұрын қосалқыларының іріңді аурулары.инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]