
- •1.Ми ісігі.Клиникалық көрінісі.
- •2.Дислокационды синдром, маңызы,сыналану түрлері, клиникалық көрінісі.
- •3.Нейроинфекция. Менингиттердің жіктелуі.
- •4.Менингиттердің клиникалық көрінісі.
- •5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
- •6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
- •7.Құрысу синдромы. Этиопатогенезі.Құрысудың жиі себептері.
- •8.Парциальды және генерализді құрысу ұстамасының клиникалық көрінісі.
- •9.Құрысу ұстамасының дифференциалды диагностикасы.
- •10.Құрысу ұстамасының госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіш.
- •11.Эпилептикалық статус анықтамасы.Шұғыл көмек көрсету алгоритмі.
- •12.Онмк. Жіктелуі.
- •13. Ишемиялық инсульттің клиникалық көрінісі.
- •14.Миішілік қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •15.Онмк дифференциальды диагностикасы.
- •16.Нақтыланбаған инсульт терапиясы.Госпитализацияға көрсеткіші және қарсы көрсеткіші.
- •17..Кома. Этиопатогенезі.
- •18.Команың клиникалық көрінісі.
- •19.Гипергликемиялық кетоацидотикалық, гипергликемялық некетоацидотикалық, гипогликемиялық команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі..
- •20.Алкогольдік және улану комасының клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •21.Жарақаттық және церебральді команың клиникалық көрінісінің ерекшелігі.
- •22.Кома кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің принциптері.
- •23.Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек бас-ми жарақатының диагностикалық алгоритмі.
- •24.Бассүйек-ми жарақаттық кезіндегі шұғыл көмектің диагностикалық алгоритмі.
- •25.Жұлын жарақаты кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •26.Жұлындық шок.Клиникалық көрінісі.
- •27.Миастениялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •28.Холинергиялық криз кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
- •29.Мигренсіз статус кезіндегі шұғыл көмек және диагностикалық алгоритмі.
5.Энцефалит.Жіктелуі. Клиникалық көрінісі.
Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы.
Энцефалиттің қоздырғыштары: әр түрлі вирустар (арбовирустар, энтеровирустар, қызылша, қызамық, шешек, ұшық вирустары, т.б.), бактериялар (бруцеллалар, спирохеттер, туберкулез микобактериялары, стрептококк, т.б.), риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар (амеба, токсоплазма, трипаносома, т.б.), гельминттер (трематодалар, цестодтар, т.б.). Энцефалиттер патол. процестің дамуына қарай біріншілік Энцефалит және екіншілік Энцефалит болып бөлінеді. Біріншілік Энцефалиттің дамуына әдетте вирусты аурулар әсер етеді. Аурудың бұл түрі маусымдық таралу ерекшелігімен сипатталады. Бұған жылдың белгілі бір кезеңінде инфекция тарататын жәндіктердің (кене, маса) белсенді болуы ықпал етеді. Осыдан кене энцефалиті, маса Энцефалиті, энцефаломиелит, т.б. аурулар туады. Екіншілік Энцефалиттің дамуына әр түрлі жұқпалы аурулардың асқынуы әсер етеді. Мыс., безгек Энцефалиті, бөртпе сүзек Энцефалиті, тұмау, шешек, қызылшадан кейінгі асқынулар. Энцефалитпен ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, әлсізденіп, ұйқысы келе береді, басы ауырып, кейде лоқсып құсады. Ал ауру асқынғанда адам есінен айрылып, сандырақтайды, галлюцинация пайда болып, денесі тартылып, жиі-жиі ұстама болады. Энцефалиттің түріне қарай науқас адам жазылып кетеді немесе ұзақ жылдар бойы қол-аяғы әлсіз болып, жүріс-тұрысы бұзылады, әр түрлі икемсіз қимыл қозғалыстар пайда болып, денесінде салдану, тырысып қалу байқалады. Энцефалитпен ауырып жазылған адамдар тез шаршағыш келеді, басының жиі ауырып, дұрыс ұйықтамауы, еске сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға созылады. Аурудың диагнозы вирусол., бактериол. және серол. зерттеулердің қорытындысымен қойылады. Кейде электрфиз., рентгенол. және радиоизотоптық әдістер – ЭЭГ, вентрикулография, реоэнцефалография, гамма-томография, т.б. қолданылады.
6.Менингит және энцефалит кезіндегі госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек.Госпитализацияға көрсеткіші.
Тамыр ішіне 20 - 40 мг лазикса, 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін 40% глюкоза ерітіндісіне қосып енгізеді және 8 - 12 мг дексаметазона немесе 60 - 90 мг преднизолона енгізу қажет.Менингиттің жіті ағымы туралы күмән болмаған жағдайда стационарға жіберер алдында бұлшықетке 3000000 Б пенициллин, 25% магний сульфаты (10 мл), 1% димедрол ерітіндісін (1 - 2 мл).
Ми ісінуі қарқындай түссе дегидрациялық терапия жүргізіледі.Осы мақсатта лазикс пен гидрокортикоидтар қолданылады 2 -4 мл 50% анальгин ерітіндісін бұлшықетке енгізеді,тырысу мен психомоторлы қозуды алдын алу мақсатында тамыр ішіне 4 - 6 мл 0,5 % седуксен ерітіндісін енгізеді.Бұл жағдайда тырысуға қарсы, құсуды басатын,ауырсынуды басатын седативті және гипотермиялық әсері бар дәрілердің комбинациясын қолдану тиімді.Мысалы: 0,5% седуксен (1 мл), 0,5% галопериодол (1 мл), 1 % димедрол (2 мл), 4 %амидопирина (5 мл)ерітіндісін тәулігіне 3 рет енгізуге болады.Инфекциялық шоктың ауыр ағымында бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі байқалады,сондықтан бұл жағдайда міндетті түрде тамыр ішіне глюкокортикоидтарды енгізу қажет.Жедел түрде инфузиялық терапия түрінде натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі 10% глюкоза ерітіндісімен,полиглюкин немесе реополиглюкин енгізіледі.Инфузиялы ерітіндінің бірінші порциясына (500-1000 мл жасқа байланысты) 125 - 375 мг гидрокортизон немесе 30-90 мг преднизолон, 500-1000 мг аскорбин қышқылын қосадыАртериялық қысым қалпына келгенше дейін осы ерітіндіні тамыр ішіне енгізеді.Аурухана алды кезеңде инфузиялы терапияны бастауға мүмкіншілік болмаса жүрек гликозидтерін,адреномиметиктерді глюкокортикоидтармен бірге енгізеді.
Аурухана алды кезеңде энцефалитпен науқастанған адамдарға жедел көмек көрсету жедел көмек дәрігері үшін энцефалиттер тобында маңызы зор жедел вирусты энцефалиттер:кеңелік және маса (жапон) энцефалиті болып табылады.Бұл аурулармаусымдық ошақтық өршумен және эндемияға бейімділігімен ерекшеленеді