Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия казакша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.65 Кб
Скачать

1. Кардиогенді шоктың этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

Кардиогендік шок – миокардтың жиырылу қасиетінің айқын төмендеуімен сипатталатын сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің ауыр дəрежесі, ол тамырлық кедергінің жоғарылауымен қалпына келмейді жəне барлық тіндер мен ағзалардың, бəрінен бұрын тіршілік үшін маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына əкеледі. Өлім-жітім 70%-тен 95%-ке дейін.

Диагностикалықкритерилер  Нағыз кардиогендік шок

Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”, жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі,тұншығу.  1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:

- сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;

- акроцианоз;

- венаның жабылуы;

- суық алақан мен табан;

-шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы. 2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.

3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия).

4. Систолалық АҚ-ның 90 – 80 мм с.б.-нан төмендеуі.

5.ПульстікАҚ-ның20ммс.б.-нантөментүсуі.  Перкуссия бойынша жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, аускультацияда жүрек тондары тұйық, аритмия, тахикардия, протодиастолалық шоқырақ ырғағы. (айқын байқалатын солқарыншалық жетіспеушілік). Тыныс алуы жиі, үстіртін.

Кардиогендік шоктың ауыр ағымы жүрек демікпесі мен өкпе ісінуінің дамуымен сипатталады. Тұншығу пайда болады, көбік қақырықты жөтел. Өкпе перкуссиясында төменгі бөліктерде перкуторлық  дыбыс тұйықталған. Осы жерде крепитация жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. Альвеолалық ісіну дамығанда сырылдар өкпенің 50%-тен жоғары бетінде естіледі.  Диагноз систолалық АҚ-ның 90 мм Hg төмен түсуіне, гипоперфузия жəне өкпелік жеткіліксіздігінің клиникалық белгілеріне негізделген.

Рефлекторлы шок (ауырсынудан дамыған коллапс) аурудың алғашқы сағаттарында, жалпы шеткі тамырлық кедергінің рефлекторлық түсуі нəтижесінде жүрек аймағында қатты ауыру кезеңінде дамиды.

- Систолалық АҚ 70-80 мм с.б.;

- Шеткі қанайналым жеткіліксіздігі – бозарып кету, суық тер шығу;

- Брадикардия – осы шоктың негізгі симптомы;

- Гипотензия уақыты 1-2 сағаттан аспайды, шок симптомдары өздігінен немесе ауыру сезімін басқаннан кейін басылады;

- Миокардтың артқы-төменгі бөлігінің шектелген инфарктында дамиды;

- Экстрасистолия, атриовентрикулярлық блокада, АВ қосылыстан ырғақ берілуі тəн;

- Рефлекторлы кардиогендік шоктың клиникасы ауырлықтың 1 дəрежесіне сəйкес;  Аритмиялық шок

1. Кардиогендік шоктың тахисистолалық (тахиаритмиялық) варианты.

Пароксизмальді қарыншалық тахикардия, суправентрикулярлық тахикардия, пароксизмальді жыпылықты аритмия жəне жүрекше дірілі алғашқы сағаттарда дамиды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Шоктың барлық клиникалық белгілері айқын:

- шамалы артериялық гипотензия;

- шеткі қанайналым жеткіліксіздік симптомдары;

- олигоанурия;

- 30% науқастарда ауыр жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды;

- асқынулар – қарыншалардың фибрилляциясы, тіршілік үшін маңызды ағзалардың тромбоэмболиясы;

- пароксизмальді тахикардияның рецидивтері, некроз аймағының кеңеюі, кардиогендік шоктың дамуы.  2. Кардиогендік шоктың брадисистолалық (брадиаритмиялық) варианты.

Толық атриовентрикулярлық блокадада 2:1, 3:1 дамиды, жай идиовентрикулярлық жəне түйіндік ырғақтарда, Фредерик синдромында дамиды. Брадисистолалық кардиогенді шок жайылмалы жəне миокардтық трансмуральді инфаркті дамуының алғашқы сағаттарында білінеді.

- шоктың ағымы ауыр;

- өлім-жітім 60% жəне жоғары;

- өлім себептері – солқарыншалық ауыр жеткіліксіздік, жүректің кенет асистолиясы, қарыншалардың фибрилляциясы.

 Кардиогендік шоктың 3 ауырлық дəрежесін бөледі:

1. Бірінші дəрежесі:

- ұзақтығы 3-5 сағаттан артық емес;

- АҚ систолалық 90 -81 мм Hg;

- пульстік АҚ 30 - 25 мм Hg;

- шок симптомдары əлсіз;

- жүректік жеткіліксіздік жоқ немесе əлсіз;

-емдік шараларға тез тұрақты прессорлық реакция береді.  

2. Екінші дəрежесі:

- ұзақтығы 5 – 10 сағ.;

- АҚ систолалық 80 – 61 мм Hg;

- пульстік АҚ 20 – 15 мм Hg;

- шок симптомдары айқын;

- айқын солқарыншалық жіті жеткіліксіздік симптомдары;

- емдік шараларға прессорлық реакциясы баяу, тұрақсыз.  

3. Үшінші дəрежесі:

- 10 сағаттан ұзақ;

- систолалық АҚ 60 мм Hg төмен, 0-ге дейін түсуі мумкін;

- пульстік АҚ 15 мм Hg төмен;

- шоктың ағымы ауыр;

- жүректік жеткіліксіздігінің ағымы ауыр, өкпе ісінуі қарқынды;

- емдік шараға прессорлық реакция жоқ, ареактивті жағдай дамиды.