Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер ресурсарын пайдалану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.41 Кб
Скачать

1Сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру үлгісі

Жалға беру мерзімін ұзарту арендаторды жер учаскесі иесі мәртебесіне жақындатады және оның құнарлылығын арттыруға үлкен дәрежеде мүдделі етеді. Жер пайдаланудың ұзақтығы арендаторлардың, топырақ құнарлылығын арттырумен, тиімді жер пайдаланумен байланысты шараларды жүзеге асыру қажеттілігіне сенімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақыттағы жер қатынастарының дамуы жердің нақты құнын анықтаусыз мүмкін емес. Жер төлемдерінің жүйесі қатаң ақпараттың базасына, мониторингке, жерлің кадастрлік бағасында негізделетін жер бағасының көрсеткіштерінде негізделуі тиіс. Жерге нормативтік бағалар нарықтық механизмінің жұмыс істеуінің негізі болып табылады. Солар арқылы жерге салық салу мен жалға ақы төлеу, кепілдік операциялар (ипотека) және жерді сатып алу-сату механизмінің өзінің жүйелері жұмыс істейді. Жердің құны жерлердің құнарлық мәселелерінен, өткізу нарығына қатысты олардың орналасу орнынан, сондай-ақ табиғи-климаттық жіне эконоимкалық сипаттағы көптеген аспектілерден тұратын жерді бағалаудың тұтас жүйесі негізінде есептелінеді.

Жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мем­лекеттің басты әкімшілік функ­цияларына жататын мем­ле­кет­тік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақ­та­луын бақылау болып табыла­ды. Атал­ған функцияны агенттіктің өңір­аралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қо­ры­тындысы бойынша, агенттіктің жер инспек­циялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайда­ла­ныл­майтын жер учаскелерін анық­тады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учас­келері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.

Ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы, осы салада еңбек өнімділігін арт­тырудың ауыл шаруашылығы субъек­тілеріне тиесілі келесі бір бағыт – жерді пайдаланудың ғылы­ми негізделген жерге орналастыру жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнар­лылығын арттыруға негізделген жер­ді өңдеудің технологиялық кар­таларын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар.

2 Сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау кезеңдері және әдістемелік ұсынымдар

Әлемдік тәжірибе мен пратика ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау үдерісінің әрқайсысының өзіне өзі әдістемелік көзқарастары тән үш жүйелі сатыдан өтуі тиіс екенін көрсетті (2-сурет).

Зерттеу батыстық экономикалық практиканың қозғалмайтын мүлік нысандарын бағалауға үш негізгі әдістемелік амалын жасап шығарды және іске асырды: сатуларды салыстыру, шығынды және кірісті капитализациялау (жерді бағалауға да осыны жатқызуға болады).

Салыстырмаларды салыстыру әдісі жер құнын бағалаудың әдісі жер құнын бағалаудың өте жақсы әдісі болып табылады, алайда Қазақстан үшін тән сатылымддар боцынша жеткілікті ақпараттың жоқ кезінде қолданылатын басқа да әдістер бар. Жер, ғимараттар мен ғимараттардан бөлек жалға берілетін кезде жер рентасын капитализациялау әдісі ыңғайлы.

Арендатор салықты төлеуге және барлық басқа да шығындар үшін жауапты мойынына алатын жағдайда жалға алынатын ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер мен коммерциялық қолданыстағы учаскелер жағдайында бұл әдіс негізгі болып қалады. Жердің дамыған нарығыменелдерден айырмашылығы ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау кезінде Қазақстанда нормативтік бағаны есептеу үшін ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлерді экономикалық бағалаудың 3 туры нәтижелерін қолдануға негізделген өз әдістемелік көзқарастары қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы жерлерін бағалаудың бірінші кезеңі республикада 1986 жылы аяқталды. Топырақ бонитировкасы орналасқан орнын бағалау, жердің технологиялық қасиеттерінің сипаттамалары негізінен барлық аудандар бойынша бар. Жерлерді бағалаудың екінші және үшінші сатыларын іске асыру ауыл шаруашылығы үшін бұл міндеттерді шешуге нақты – практикалық көзқарастар әзірленген болатын. Республикадағы жерлердің барлық санаттарын бағалаудың екінші кезеңінде мұндай қағиданы жер үшін төлем ақы ставкасын анықтау кезінде жер шаруашылығының мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы қолданды.

Қызылорда облыстық жерді үйлестіру және жерді пайдалану мекемесінен, облыстық “Казгипроземнен”, сонымен бірге облыстық ауыл шаруашылық және облыстық орман шаруашылығы басқармасы есептерінен алынған мәліметтерден қарастырылып отырған аумақта атропогендік кешендер басым келетінін көреміз.

Облыс аумағында ландшафттардың зоналар бойынша антропогендік әсерден өзгеру дәрежесін үш топқа бөлуге болады: а) әлсіз өзгергендер; б) біршама өзгерген табиғи кешендер және в) қатты өзгерген кешендер.

Әлсіз өзгергендерге шөлдік ландшафттарды (Қызылқұм) жатқызуға болады, біршама өзгерген ландшафтарға Сырдарияның атыраулық жазығын (егістік-күріштік, бау-бақшалықтар), қатты өзгерген ландшафтқа қала және елді мекендер төңірегін, үлкен тасжол (Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралының ) бойларын жатқызуға болады.

Қызылорда облысының жер қорын шаруашылықта пайдалану құрылымына талдау жасағанда жергілікті ландшафттардың әр түрлілігін көрсетті. Олар төмендегідей болып жіктеледі: егістік жерлер, көп жылдық өсімдіктер, тыңайған жерлер, шабындық, өрістік жайылым, үй іргесіндегі жерлер.

Бұлардың көбісі ғылыми, рекреациялық және мәдени-әсемдік жағынан көпшілікті қызықтырады, сондықтан басты маңызды мақсат оларды қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру жолымен сақтап қалу. Әсіресе, көктемде әртүрлі эфемерлерге толатын әсем де көрікті аласа таулық ландшафт (Қаратаудың Өгізмүйіс, Дәуіт, Дарбаза, Ақүйік, Бесарық шатқалдары т.б.) Сырдариялық Қаратаудың өсімдік жамылғысы әлі толық зерттелмеген. Сырдария бойындағы тоғайлық - бұл шөлге тән ерекше ландшафттың тұнып тұрған қайталанбас өңірі. Мұнда Қазақстандағы бірден-бір реликті ағаш - қызыл тораңғыл тоғайы өседі. Сусыз қаңыраған даладағы шұратты жер – Телікөл көлдер жүйесінің өзі ерекше экожүйе. Телікөл көлдер жүйесі осы өңірдегі оңтүстік пен солтүстікке ұшып өтетін құстардың жол-жөнекей тоқтайтын жері. Табиғатты қорғауда маңызды аң-құстарға да бай өлке. Өзен және көл экожүйесіне бай атыраулық ландшафт бір бөлек. Онда көктем мен күзде құс базарына айналатын Ақсай-Лақалы көлдер жүйесі, Ақкөл, Қотанкөл, Бөген т.б.

Аймақтағы табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру басты мақсат, ол үшін әр түрлі деңгейдегі өзгеріске ұшыраған ерекше және сол жерге ғана тән ландшафттарды қорғау және сақтау өте қажет.

Жалпы қарастырып отырған аймақтың бір ерекшелігі, облыстың бүкіл жер қорының 80-85 пайызын құрайтын суармалы егістік пен 80-95 пайыз шабындық Сырдария аңғарында орналасқан. Биологиялық өнімділігі ең жоғары ландшафт түрі де осында [1]. Қазіргі теңіз түбінен босаған ландшафтар аккумулятивті-аллювиалдық эолды, денудациялық-құрылымдық және аккумулятивті болып келеді. Олар тұздылығы жоғары, аккумулятивті-аллювиалды жазықтарға жатады.

Сондықтан, табиғи қорғалатын аумақтарды ұйымдастыру идеяларына, Қызылорда облысының табиғи-шаруашылық жағдайына талдау жасай отырып мынадай тұжырымға келуге болады, яғни, аймақ тарихи жағынан да, экологиялық-әлеуметтік-экономикалық жағынан да қорғалатын табиғи ландшафтар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай қорытынды жасауға болады:

Қызылорда облысының табиғи ландшафт құрылымына халық шаруашылығының әсерін анықтау үшін бірнеше көрсеткіштерді мысал ретінде қарастыру. Қызылорда облысының табиғи ландшафттарын негізінен ауыл шаруашылығының егін және мал шаруашылығы (жайылым) салалары пайдалануда. Сонымен қатар, Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралының құрылысы жүріп жатқан жерлерде ландшафтың қалыптасуында техногендік әрекеттің кері әсеріне мониторинг жасау.

Сырдария өзенінің төменгі ағысының ландшафтысына талдау жасауда өңірдің ландшафттық құрылымының ерекшелігін көрсететін ландшафттық-картографиялық мәліметтерді толықтыру.

Қорғаудағы аумақтардың болашақ кешенін ұйымдастыруды шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, сол жердің табиғат кешендерінің физикалық-географиялық аудандау негізіне сүйене жасау қажет

Сырдың төменгі ағысының табиғатын сипаттай келе олардың ландшафтпен ажырамас бірлікте екені анықталып, оларды сақтап қалу тек ландшафтты табиғи қалпында қорғағанда ғана жүзеге асырылатыны анықталды.