
- •1997 Жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысы болып өзгертілді.
- •Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері.
- •2. Қызылорда облысының аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау
- •1Сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру үлгісі
- •2 Сурет – Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау кезеңдері және әдістемелік ұсынымдар
- •Қорытынды
2. Қызылорда облысының аграрлық секторда жер ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау
Қызылорда облысының жер қоры 24035,9 мың гектарды құрайды; оның ішінде егістік жерлер 146,5 мың гектар, көп жылдық екпелер 2,9 мың гектар, тыңайған жерлер 53,4 мың гектар, шабындық жерлер 115,6 мың гектар, жайлымдар 11832,1 мың гектар, орманды алқаптар 5004,3 мың гектар, су асты жерлері 2357,3 мың гектар, басқа да жерлер 4319,5 мың гектар. Осы көлемнің ішінде Қызылорда облысы 2205,4 мың гектар, жерді Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының аумағының ұзақ мерзімді пайдалануға алған. Бұдан басқа Қызылорда облысы аумағынан 771,4 мың гектар жерді Ресей Федерациясы Жалға алып пайдалануда. Қызылорда облысының әкімшілік аумағы 226,0 мың шаршы шақырым (22601,9 мың гектар). Қызылорда облысының солтүстіктегі шекарасы 410 шақырым, Қарағанды облысымен солтүстік – батыстағы шекарасы 525 шақырым, Ақтөбе облысымен оңтүстік – шығыстағы шекарасы 600 шақырым Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстіктегі шекарасы 750 шақырым Өзбекістан Республикасымен шектеседі. Қызылорда облысы 7 ауданнан және Қызылорда қаласының әкімшілік аумағының жерінен тұрады. Облыста 1 облыстық маңыздағы қала, 2 аудандық маңыздағы қала және 277 ауылдық елді мекендер бар. Облыстағы жалпы халықтың саны - 630,7 мың адам.
3 - кесте деректерінен Қызылорда облысының жер құрамы мен құрылымына берілген талдауды көреміз. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 187,4 мың гектарға немесе 7,0 пайызға кеміген. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жер 12,5 мың гектарға немесе 14,0 пайызға өсіп отыр. Босалқы жер көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 180,1 мың гектарға немесе 1,5 пайызға өсіп отыр. Барлық жер көлемі 6,0 мың гектарға артқан.
Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң даму бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының қысқаруына, оның нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiмдерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқтатудың ең негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл қазіргi шаруашылық жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ресурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың өнiмдiлiгi төмендеген уақытта маңызды.
Шаруашылықтың және жердi пайдаланудың экономикалық механизмiнiң жоқтығы жер ресурстарының тапшылығы мен деградациясына алып келедi. Осыған байланысты жердi пайдаланудың ақысыз түрiнен ақылы түрiне өту арқылы жер ресурстарын тиiмдi пайдаланудың экономикалық негiзi жасалды.
Кесте 3 – Қызылорда облысының жер құрамы
Көрсеткіштер |
2009 ж |
2010 ж |
2011 ж |
Өзгерісі 2011-2010 ж.ж |
||||
Мың гектар |
% |
Мың гектар |
% |
Мың гектар |
% |
+,- |
% |
|
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер |
2635,7 |
11,0 |
2635,7 |
10,9 |
2448,3 |
11,0 |
-187,4 |
93,0 |
Елді мекендердің жерлері |
680,7 |
2,8 |
680,7 |
2,8 |
680,7 |
2,8 |
- |
- |
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жер |
89,4 |
0,37 |
89,4 |
0,37 |
101,9 |
0,37 |
+12,5 |
114,0 |
Ерекше қоғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мақсаттағы жер |
161 |
0,67 |
161 |
0,67 |
161 |
0,67 |
- |
- |
Орман қорының жері |
6488,2 |
27,0 |
6488,2 |
27,0 |
6488,1 |
27,0 |
+0,1 |
- |
Су қорының жері |
2237,5 |
9,3 |
2237,5 |
9,3 |
2237,9 |
9,3 |
+0,40 |
100,01 |
Босалқы жер |
11737,6 |
48,9 |
11743,4 |
48,9 |
11923,5 |
48,9 |
+180,1 |
101,5 |
Барлық жер көлемі |
24030,1 |
100 |
24035,9 |
100 |
24041,9 |
100 |
+6,0 |
100,0 |
Ескерту – Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
Келесі талдауымызда жер қорының құрылымына талдау жасайтын болсақ, ең жоғары үлесті босалқы жерлер құрап отыр, оның үлес салмағы 48,9 пайызды құраса, одан кейінгі орында орман қорының жерлері құрады оның үлес салмағы 27,0 пайызды құраса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үлесі 11,0 пайызды құрап отыр.
Келесі 4 - кестеде Қызылорда облысы бойынша ауылшаруашылық жерлерінің бөлінуі динамикасына талдау берілген.
4 - кесте деректерінен көріп отырғанымыздай Қызылорда облысы бойынша ауылшаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 5526 гектарға өссе, оның ішінде егістік жер көлемі 5899 гектарға немесе 4,1 пайызға, бақшалық жерлер 1422 гектарға немесе 9,1 пайызға өсіп отыр. Ал көп жылдық екпелер 203 гектарға немесе 7 пайызға, тыңайған жер 6009 гектарға немесе 10,7 пайызға, жайылымдық жер 1892 гектарға немесе 0,1 пайызға, барлық ауылшаруашылық алқаптары 1124 гектарға немесе 0,1 пайызға кеміген.
Кесте 4 - Қызылорда облысы бойынша ауылшаруашылығы жерлерінің бөлінуі
Көрсеткіштер |
2009 ж |
2010 ж |
2011 ж |
Өзгерісі 2011-2010 ж.ж |
||||
гектар |
% |
гектар |
% |
гектар |
% |
+,- |
% |
|
Жалпы жер көлемі Оның ішінде |
24030100 |
100 |
24035912 |
100 |
24041438 |
100 |
+5526,0 |
100,0 |
Егістік |
141210 |
0,58 |
143056 |
0,59 |
148955 |
0,61 |
+5899,0 |
104,1 |
Көп жылдық екпелер |
2645 |
0,01 |
2851 |
0,01 |
2648 |
0,01 |
-203 |
93,0 |
Тыңайған |
52147 |
0,21 |
56136 |
0,23 |
50127 |
0,20 |
-6009 |
89,3 |
Шабындық |
115604 |
0,48 |
115604 |
0,48 |
115604 |
0,48 |
- |
- |
Жайылымдық |
11821545 |
49,2 |
11831358 |
49,2 |
11829466 |
49,2 |
-1892,0 |
99,9 |
Бақшалық |
15321 |
0,06 |
15586 |
0,06 |
17008 |
0,07 |
+1422,0 |
109,1 |
Барлық ауылшаруашылық алқаптары |
11881628 |
49,4 |
12164951 |
50,6 |
12163827 |
50,6 |
-1124,0 |
99,9 |
Ескерту - Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
Келесі талдауымызда ауылшаруашылық жерлерінің құрылымына тоқталатын болсақ ең жоғары үлесті барлық ауыл шаруашылық алқаптары құрап отыр, оның үлес салмағы 50,6 пайызды құраса, жайылымдық жердің үлес салмағы 49,2 пайызды құрады.
Кесте 5 – Қызылорда облысы бойынша шаруа қожалығын жүргізумен айналысатын азаматтардың жер учаскелері
гектар
Көрсеткіштер |
2009 ж |
2010 ж |
2011 ж |
Өзгерісі 2011-2010 ж.ж |
|
+,- |
% |
||||
Шаруа қожалықтарының саны |
2920 |
3098 |
3133 |
+35,0 |
101,1 |
Жалпы жер көлемі |
1426589 |
1454165 |
1485175 |
+31010,0 |
102,1 |
Егістік |
48125 |
50860 |
55361 |
+4501,0 |
108,8 |
Көп жылдық екпелер |
114 |
125 |
136 |
+11,0 |
108,8 |
Тыңайған |
20051 |
20147 |
21123 |
+976 |
104,8 |
Шабындық |
22987 |
23786 |
24506 |
+720 |
103,0 |
Жайылымдық |
1046287 |
1074358 |
1093197 |
+18839,0 |
101,7 |
Бақшалық |
3215 |
3483 |
3316 |
-167 |
95,2 |
Барлық ауылшаруашылық алқаптары |
1124787 |
1172759 |
1197639 |
+24880,0 |
102,1 |
Басқа да жерлер |
279451 |
281406 |
287536 |
+6130,0 |
102,2 |
Ескерту - Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
5-кесте деректерінен Қызылорда облысы бойынша шаруа қожалығын жүргізумен айналысатын азаматтардың жер учаскелерінің көлеміне берілген талдауды көреміз. Талдау нәтижесі бойынша шаруа қожалықтарының саны соңғы үш жылда өсіп отырғандығын байқаймыз 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы оның саны 35 шаруашылыққа артқан. Жалпы жер көлемі 31010,0 гектарға немесе 2,1 пайызға өскен. Егістік көлемі 4501 гектарға немесе 8,8 пайызға, көп жылдық екпелер 11 гектарға немесе 8,8 пайызға, тыңайған жерлер 976 гектарға немесе 4,8 пайызға, шабындық 720 гектарға немесе 3,0 пайызға, барлық ауылшаруашылық алқаптары 24880 гектарға немесе 2,1 пайызға, басқа да жерлер 6130 гектарға немесе 2,2 пайызға артып отыр.
Өсімдік шаруашылығы өнімі өндірудің өсуін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі жыртылатын жерлерді дұрыс пайдалану,егістіктер құрылымын жақсарту. Жыртылған жерлерді пайдалануды талдау кезінде қолданатын негізгі көрсеткіштерөайдалған жерлерді пайдалану коэффиценті ,күтіп-бапталатын ауыл шаруашылығының дақылдарын экономикалық бағалау көрсеткіштері, егістіктер құрылымының тиімділігін бағалау көрсеткіштері. Жыртылған жерлерді пайдалану коэффиценті егістікке пайдаланылатын жыртылған жер алаңының (шаруашылықтың егістік алаңының) шаруашылықтағы баржыртылған жер алаңына қатынасы. Жыртылған жерді пайдалану коэффиценті егер барлық жыртылған жер ауыл шаруашылығы дақылдары егістігіне пайдаланылады деген жағдайда 1-ге тең.
Кесте 6 – Қызылорда облысындағы суармалы жерлердің пайдаланылу жағдайы
гектар
Көрсеткіштер |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл |
Өзгерісі 2011-2010 ж.ж |
|
+,- |
% |
||||
Суармалы жерлердің барлығы: оның ішінде |
214562 |
217913 |
218823 |
+910 |
100,0 |
Инженерлік жүйеге келтірілгені |
168912 |
174853 |
178967 |
+4114 |
102 |
Барлық пайдаланылмаған суармалы жерлер Оның ішінде |
54124 |
56136 |
50127 |
-6009 |
89,0 |
Тұздану |
1562 |
1621 |
1605 |
-16 |
99,0 |
Су басып кету |
1741 |
1972 |
707 |
-1265 |
64,0 |
Су шықпау |
8470 |
9270 |
5619 |
-3651 |
39,0 |
Суландыру жүйесінің бұзылуы |
67 |
65 |
1063 |
+998 |
116,3 |
Қол – дренажды жүйелерінің ақаулығы |
- |
- |
297 |
+297 |
- |
Басқада себептерден |
40214 |
43208 |
40836 |
-2372 |
5,0 |
Ауыспалы егіс бойынша Оның ішінде |
|
|
|
|
|
Күріш |
28169 |
29946 |
26113 |
-3833 |
13,0 |
Мал азығындық |
8421 |
8998 |
9448 |
+450 |
105 |
Бақшалық, суармалы жайылым |
72 |
72 |
72 |
- |
- |
Жай жерлер |
14569 |
17120 |
14494 |
-2626 |
15,0 |
Ескерту - Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
6 – кесте деректерінен Қызылорда облысының суармалы жерлерінің пайдаланылу жағдайына талдау берілген. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы суармалы жерлердің жалпы көлемі 910 гектарға немесе 100 пайызға, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 4114 гектарға немесе 2,0 пайызға, жай жерлер 15,0 пайызға, суландыру жүйесінің бұзылуы 16,3 пайызға өсіп отыр. Барлық пайдаланылмаған суармалы жерлер 11,0 пайызға, тұздану жерлері 16,0 гектарға немесе 1,0 пайызға, су басып кеткен жерлер 1265,0 гектарға немесе 36 пайызға, су шықпайтын жерлер 3651 гектарға немесе 61,0 пайызға, басқада себптерден жерлер 2372 гектарға немесе 95,0 пайызға кеміген, күріш алқабы 3833 гектарға немесе 87,0 пайызға, жай жерлер 2626 гектарға немесе 85 гектарға кеміген.
Кесте 7 – 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша жалпы егістік алқабы
гектар
|
Шаруашылықтың барлық санаттары |
соның ішінде |
||
ауыл шаруашылығы кәсіпорындары |
шаруа (фермер) қожалықтары |
жұртшылық шаруашылығы |
||
Қызылорда облысы |
163 954,0 |
85 056,5 |
50 198,6 |
28 698,9 |
Арал |
232,0 |
- |
139,4 |
92,6 |
Жалағаш |
30 526,6 |
16 715,0 |
8 512,5 |
5 299,1 |
Жаңақорған |
29 383,1 |
6 036,0 |
20 104,6 |
3 242,5 |
Қазалы |
19 155,9 |
12 725,0 |
1 218,0 |
5 212,9 |
Қармақшы |
21 479,8 |
16 637,0 |
1 967,0 |
2 875,8 |
Сырдария |
32 438,8 |
21 548,0 |
7 660,0 |
3 230,8 |
Шиелi |
24 061,6 |
7 685,5 |
10 251,1 |
6 125,0 |
Қызылорда қ.ә. |
6 676,2 |
3 710,0 |
346,0 |
2 620,2 |
Ескерту - Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
7 кесте деректерінен 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша жалпы егістік алқабы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 163954 гектарды құрап отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жер көлемі 85056,5 гектарға, шаруа қожалықтары 50198,6 гектарды, жұртшылық шаруашылығы 28698,9 гектарды құрап отыр. Аудандар бойынша Сырдария ауданының шаруашылықтарының барлық санаттарының жерлері 32438,8 гектарға, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 21548 гектар, шаруа қожалықтары 7660 гектарды, жұртшылық шаруашылығы 3230,8 гектарды құрады. Жалғаш ауданының жер көлемі 30526,6 гектард, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жер көлемі 16175 гектарды, шаруа қожалықтары 8512,5 гектарды, жұртшылық шаруашылығы 5299,1 гектарды құраса, жер көлемі жөнінен Арал ауданының жері ең төменгі орынды алып отыр, оның көлемі 232 гектар. Шаруа қожалықтарының жері 139,4 гектарды, жұртшылық шаруашылығының жері 92,6 гектарды құрап отыр.
8 кесте деректерінен Қызылорда облысы бойынша 2011 жылы әрбір гектардан алынған күріштің өнімділігіне талдау берілген талдауды көреміз. Кесте мәліметтері бойынша күріштің әрбір гектарының өнімділігі барлық шаруашылық санаттары бойынша орташа түсімділік 37,7 центнерді көрсетіп отыр. Оның ішінде ауылшаруашылығы кәсіпорындарының түсімділігі 36,8 центнерді, шаруа (фермер) қожалықтарының түсімділігі 39,3 центнерді, жұртшылық шаруашылығының түсімділігі 45,2 центнерді құрап отыр. Аудандардың ішінде Қазалы ауданы жоғары түсімділікке қол жеткізген.
Кесте 8 - Қызылорда облысы бойынша 2011 жылы әрбір гектардан алынған күріштің өнімділігі
|
Шаруашылықтың барлық санаттары |
соның ішінде |
||
ауыл шаруашылығы кәсіпорындары |
шаруа (фермер) қожалықтары |
жұртшылық шаруашылығы |
||
Қызылорда облысы |
37,7 |
36,8 |
39,3 |
45,2 |
Арал |
40,0 |
35,5 |
47,3 |
- |
Жалағаш |
34,6 |
32,4 |
35,3 |
- |
Жаңақорған |
34,4 |
34,8 |
31,8 |
- |
Қазалы |
43,2 |
43,4 |
42,4 |
- |
Қармақшы |
35,9 |
37,0 |
33,0 |
- |
Сырдария |
37,3 |
31,6 |
41,3 |
45,2 |
Шиелi |
31,9 |
31,8 |
35,1 |
- |
Қызылорда қ.ә. |
37,7 |
36,8 |
39,3 |
45,2 |
Ескерту - Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтері негізінде |
Ауданда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша түсімділік 43,2 центнерді, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының түсімділігі 43,4 центнерді, шаруа қожалықтарының түсімділігі 42,4 центнерді құрап отыр.
Кесте 9 – «Шаған» ЖШС - нің жыртылған жердің әрбір гектарына өсімдік шаруашылығы өнімінің шығыны
Көрсеткіштер |
Бөлімшелер |
||
№1 |
№2 |
№3 |
|
Барлығы ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлер, га |
2673 |
2124 |
3125 |
Егіс алаңы, га |
1714,2 |
1528,0 |
1701,9 |
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі,барлығы, мың теңге |
7062 |
5798 |
6956 |
100 га а/ш пайдаланылатын жерлерге мың теңге |
264 |
273 |
222 |
100 га айдалған жерге мың теңге |
412 |
379 |
409 |
Ескерту – «Шаған» ЖШС - нің мәліметтері негізінде есептелді |
9 кестеде шаруашылықтың өндіріс бөлімшелерінде есептеу мен ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлерді пайдалану тиімділігін анықтау мысалы келтіріледі. Ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлерге кіретін табиғи жайылымдар есепке кірмейді, өйткені жайылымда тұтынылған шөптер жалпы өнімді есептеу кезінде есепке алынбайды.
3. Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың басым бағыттары
Қазақстандағы жер қатынастарын дамыту ауылшаруашылығында жер пайдалануды реттеуді күшейтумен сипатталады. АӨК ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлердің жоқ кезінде жерді қайта үлестіру мен оны пайдаланудың тиімділігін арттырудың басты құралы болатын жалға беру қатынастары перспективалы болып қалады. Жалға беру кезінде адамдардың үш маңызды мотивациясының: қожайын-жұмысшы-жерді пайдаланушы бірыңғай жүйеге бірігуіне қол жеткізіледі.Э кономикалық құқықтық түсінікте жалға беру бір тарап (жалға беруші) екінші тарапқа жалға алушыға мүлікті (жерді) шартта кеісілген жалға беру ақысына уақытша пайдалануға беретін шартпен рәсімделген мүліктік жалға беру болып саналады. Жалға алу кезінде жалға беруші, егер бұл келісім шартта көрсетілмесе оны пайдалану тәсілін өздігінше айқындай алады және өндірілген өнім мен оны сатудан түскен пайданың меншік иесі болып қалады. Жалға берушіні бұл жағдайда тек шамасы жалға беріліп жатқан жердің ахуалымен анықталатын жалға беру төлемақысы ғана қызықтырады. Жалға берудің мынадай түрлері бар: жеке отбасылық және ұжымдық.
1. Жеке жалға алу - шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру мақсатында жеке тұлғалар үшін;
2. Отбасылық - отбасы басшысына жалға беру келісімін заңды рәсімдеумен отбасының әрбір мүшесіне жалға жер үлесін беру.
3.Ұжымдық - өз жер үлестерімен және еңбекке қатысуымен АШӨК, ЖШС жұмысшылары үшін Қазақстанда барлық мемлекеттік емес агроқұрылымдар (АШӨК, ЖШС, Ш (Ф) Қ) алғашқы қайтарымсыз ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының иеленушілері болып табылады (5 жылдан 49 жылға дейін мерзімге) (1-сурет). Екінші жер пайдалану құқығы,бірінші жер пайдаланушы өзіне тиісті учаскені немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалануға екінші адамға берген жағдайда пайда болады. Жалға беру келісімшарты жалға берушінің арендатормен қарым қатынасын реттейтін негізгі құжат болып табылады. Жалға беру келісімшартында:
-Жалға берілетін жер учаскесінің құрамы мен құны;
-Жалға беруші жөнінде жалға берушінің және оны мақсатты пайдалану жөнінде жалға алушының міндеті;
-Жердің құнарлылығы мен экологиясын сақтау және жақсарту бойынша тараптардың міндеттерін бөлу;
-Келісім шарт тоқтағаннан кейін жалға берушіге жерді келісімде көрсетілген ахуалда қайтаруға арендатордың міндеті;
-Жалға алу ақысы өлшемі,жалға беру мерзімі және басқада шарттар қарастырылады.
Заң бойынша 3-5 жылға және қосымша пайда алу мақсатында оларды пайдалану кезеңінде жалға берушілерге жер үлестерін иеленушілер (әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер) беретін қысқа мерзімді жалға беру белгіленген. Жалға берушінің сол бір учаскені өңдеу сияқты ұзағырақ болған сайын,оны тиімді пайдалану үшін онда себептің көп болатынын тәжірбие көрсетуде.
Мемлекеттік
жер қоры (аудандық,
қалалық, қыстақтық, ауылдық, селолық
атқару комитеттерінің үкім шығару құқы
бар)
алғашқы
жер пайдаланушылар
-
мемлекеттік емес заңды тұлғалар (ӨК,
ШС, АҚ) -
жеке тұлғалар (ШФҚ) қайтарымсыз ұзақ
мерзімді жер пайдалану құқында
мемлекеттік
заңды тұлғалар тұрақты немесе уақытша
жер пайдалану құқығымен
алғашқы
жер пайдалану құқының пайда болуының
негізі
-
жалға беру келісім шарты -
уақытша қайтарымсыз жер пайдалану
келісім шарты
мемлекеттік
құзырлы орган актісі
Жер
пайдалану құқын басқару
учаскелерді
немесе олардың бір бөлігін: -
субарендаға; -
уақытша қайтарымсыз жер пайдалануға
(сатып алу-сату, алмасу, кепіл) беруге
құқылы
мемлекеттік
өкілеттік орган келісімімен ұзақ
кақытқа жалға бере алады
Екінші
жер пайдаланушылар
Ауыл
шаруашылығы өнімін өндіруге тілек
білдірген немесе өндірумен айналысатын
азаматтар мен заңды тұлғалар
Екінші
жер пайдалану құқығының пайда болу
негіздері
Субаренда
келісім шарты түріндегі екінші жер
пайдалану туралы келісім шарты
Уақытша
қайтарымсыз жер пайдалану туралы
келісім шарт