Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sistematika_shpor.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.

АШЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР БӨЛIМI (отдел голосеменные — Gymnospermae)

         Ашық тұқымдылар бөлiмiне шамамен 800-дей түр жатады. Олар тұқымдары арқылы көбейетiн ағаштар мен бұталар. Ашық тұқымдылар жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң ерте пайда болған тобына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған.

Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында  ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген.

 Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде  кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель — Picea), қарағай (сосна — Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта — Abies), арша (можжевельник — Juniperus), қылша (эфедра — Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы(сосна сибирская – Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер.

3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.

Кариофиллидтер класс тармағы Caryophyllidae

Қалампыргүлділер қатары Caryophyllales

Қалампыр тұқымдасы ( Гвоздичные-Caryophyllaceae)

Гүлінің формуласы: * СА5 СО5 А5+5 G(2-5) .

Жемісі қорапша, олар тістер немесе бүтін қақпақшалар арқылы ашылады, сол сияқты жемісі сирек жағдайда жаңғақ, жидек тәрізді.

Қалампыр тұқымдастарының жиі кездесетін жабайы түрлеріне:дымқыл жұлдыз шөп( звездчатка мокрица- Stellaria media), тегіс грыжник (грыжик гладкий-Herniaria glabra), шалғындық қалампыр (гвоздика луговая Diathus pratensis ), кәдімгі сабыншөп (мыльнянка обыкновенная- Saponaria officinales ) еңкіш сылдыршөп( смолевка поникающая- Silena nutans) тағы басқалары жатады.

Алабұталар (маревые- Chenopodiaceae) тұқымдасы.

Гүлдерінің формуласы:* Р(5) тостағанша тәрізді А5 G(2-5)

Жемісі жаңғақ, кейде қорабша немесе жидек түрінде болады

Біздің флорада жиі кездесетін түрлеріне құм ебелегі (рогач песчанный -Ceratocarpus arenarius), кәдімгі қызылша (свекла обыкновенная –Beta vulgaris), итсигек бүйіргін( ежовник безлистый- Anabasis aphylla), лессинга қараматау (камфоросма лессинга- Camphorosma Lessingii), жатаған изен ( кохия стелющаяся – Kochia prostrata), кәдімгі алабұта (марь белая- Chenophodium album ) т. б.

4 1. Авто- және гетеро

трофтылар, продуценттер, редуценттер, консументтер ұғымдарына түсінік.

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынансуданазоттыңбейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады. Автотропты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор, олар адам және жануар синтездей алмайтын барлық органикалық заттарды құрайды. Автотропты ағзаларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (паразиттер мен сапрофиттерден басқа), балдырлар және кейбір бактериялар жатады. Автотропты бактериялар органикалық заттарды минералды қосылыстардан синтездейді. Ол үшін химиялық реакциялар (хемоситез) қуатын пайдаланады. Мысалы, топырақ бактериялары -нитросомонас және нитробактер аммиакты азот қышқылының тұзына дейін тотықтырады да, одан босаған қуатты денесін құруға пайдаланады. Кейбір микроағза жасушасында хлорофилл тектес пигменттер болғандықтан, синтездеу процессіне қажетті қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші Автотропты микроағзалар деп атайды

Гетеротрофтар (гетеротрофы); (грек, heteros — басқа, trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — қоректенуге дайын органикалық заттарды (протеиндердімайларды,көмірсуларды) пайдаланатын организмдер (гетеротрофты организмдер).Гетеротрофты организмдерге адам мен барлық жануарлар (жәндіктер), кейбір өсімдіктер, микроорганизмдер (бактериялардың көпшілігі), саңырауқұлақтар жатады

Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:

  1. продуценттер (өндірушілер);

  2. консументтер (тұтынушылар);

  3. редуценттер (ыдыратушылар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]