
- •2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
- •2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
- •3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.
- •2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.
- •3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.
- •2. Колониялы балдыр өкілі вольвокстың даму циклы, көбею ерекшелігі
- •3. Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы. Жемісті дене мен қалта типтері
- •2. Тіркеспелі балдырлардың көбею
- •3.Қыналар бөлімі. Қыналардың құрылымдық компоненттері , анатомиялық ерекшелігі, талломдарының әр түрлі пішімділігі. Көбею тәсілдері. Таралуы, экологиялық топтары, маңызы
- •2. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері, экологиясы, маңызы.
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
- •3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
- •2. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ алмасу және фаза алмасуы
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •2. Қара күйе саңырауқұлақтарының өкілдері, зияны мен күрес шаралары
- •3. Алтын түсті балдыр өкілдері, құрылысы, пигменттері, көбею ерекшелігі
- •2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.
- •3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.
- •2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Тат саңырауқұлақтарының таралуы мен көбею ерекшеліктері
- •3. Сапрофитті және паразитті саңырауқұлақтар. Олардың экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы
- •2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.
- •3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,
- •2. Гнетопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Тұқымдастары, тіршілік циклі.
- •3. Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқалар қатары, тұқымдасы. Ерекшеліктері, таралуы, маңызы
- •2. Магнолиопсидтер немесе Қосжарнақтылар және Лилиопсидтер немесе Даражарнақтылар кластарының жалпы сипаттамасы
- •Ашық тұқымдылар бөлімі (голосеменные) -gimnospermatophyta, hemece gimnospermae
- •2. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер.
- •3 Астеридтер класс тармағы. Қосжарнақтылар системасындағы орны
- •2. Талдар қатары. Талдар тұқымдасы. Гүлдің эволюциясы. Таралуы
- •3. Асқабақтар қатары, тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Негізгі өкілдері.
2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
, көбеюі
3. Кілегейлілер бөлімі.
Миксомицеттер(Mуxomуceta) (грек. mуxo – кілегей және mуcоta – саңырауқұлақ), кілегейлілер, кілегейлі саңырауқұлақтар – хлорофильсіз саңырауқұлақ тәріздіорганизмдер бөлімі. 400-ге жуық түрлері белгілі, Қазақстанда 100-ге тарта түрі анықталған. Миксомицеттер әдетте шіріген ағаштың жарық қуыстары мен олардың түбірлерінің астында, ормандардағы өсімдік қалдықтарының арасында, ылғалды жерлерде дамиды. Вегетативтік денесі көп ядролы, қабықпен қоршалған плазмалықмассадан тұратындықтан оларды плазмодийлер деп те атайды. Дене көлемі әр түрлі, өте майда микроскоптың түрлері (Echіnostelіum) мен қатар көлденеңі 1 м-ге жететін түрлері де (Fulіgo) кездеседі. Миксомицеттер спораларымен көбейеді. Спора түзу процесі Миксомицеттердің түріне байланысты (пішіні, көлемі, түсі жағынан) әр түрлі болып келеді. Ең қарапайым түрлерінде плазмодий пішінін өзгертпестен қабықшаға оранып, кішкене мамықшаға немесе күлшеге ұқсас спора түзгіш денеге айналады. Миксомицеттердің басқа түрлерінің денесінде арнайы спора түзуші жемісті денелер пайда болады. Пісіп жетілген споралар жемісті денені жарып сыртқа шығып, ауамен таралады. Споралар тіршілік қабілетін жоймай, жылдап жата береді. Қолайлы жағдай туғанда спора әдетте сулы ортада өсіп, оның ішінен екіден (клетканың алды мен артында орналасқан) жіпшелері бар 1 – 8 зооспоралар шығады. Егер спора сусыз дымқыл жерде өсетін болса, онда одан жіпшесіз миксоамебаларөсіп жетіледі. Мұндай зооспоралар мен миксоамебалардың саны олардың екіге бөлінуі арқылы көбеюі мүмкін. Содан кейін жыныстық кезең басталып, бір-бірімен жұптала қосылады. Ядролары диплоидтық қалпына келеді де, митотикалық жолмен бөліне бастайды. Пайда болған плазмодий бірте-бірте үлкейе түседі. Кейде ұсақплазмодийлер бір-бірімен қосылып, бір ортақ дене құруы да мүмкін. Көпшілігі сапротрофтар. Миксомицеттер бактерияларды, амебаларды, саңырауқұлақтардыңмицелийлері мен спораларын қорек етеді. Кейбір түрлері (Plazmodіophora brassіcae) ауыл шауашылығының өсімдіктерінің (картоптың, қызанақтың, капустаның) өте зиянды ауру тудыратын қоздырғыштары
№14 1. Жасыл балдырлар бөлімі. Жалпы сипаттамасы, құрылысындағы ерекшеліктері, көбеюі, таралуы, маңызды өкілдері, маңызы.
Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Жасыл балдырлардың 5 класы:
вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);
хлорококк жасыл балдырлары (протококк) (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);
улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae);
сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);
конъюгаттар (Conjugatophyceae).
Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір жасушалы, көп жасушалы, колониялы тіршілік етеді. Жасушалары бірне көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан жасушаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Жасушаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.
Қор заты – крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия,оогамия, коньюгация) және вегетативтік (бір жасушалы түрлері – екіге бөліну арқылы, көп жасушалы түрлері – жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір жасушалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су «гүлдеп» тұрғандай көрінеді. Жасыл балдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлеріШығыс Азия елдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Бір жасушалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді. [1]
Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі, 15000-нан астам түрлері бар. Оларға бір клеткалы, қауымды, көп жасушалы тарамдалмаған /трихальды/ және тарамдалған /гетеротрихальды/ жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Бұлардың ішінде барлық структуралық құрылысты организмдер бар. Осындай алуан түрлілігіне қарамастан барлықтарына тән аттарына байланысты хлоропластың таза жасыл түсті болып келуі, онда хлорофильдің және пигметтерінің басым болып келуінде, сонымен бірге қосымша каротин, ксантофилл пигменттері де болады. Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Бір жасушалы түрлерінде жасушаның жай екіге бөлінуі, қауымды және жіптесінді формаларында қауымның ыдырауы мен жіптің бөлшектерге үзілуі арқылы вегетативтік көбейеді. Жыныссыз көбеюлері зооспоралар мен қозғалмайтын апланоспоралар арқылы болады. Жасыл балдырларда гологамиялық, изогамиялық, гетерогамиялық және оогамиялық жыныс процестерінің болуымен бірге зигогамиялық та жыныс процесі болады. Кейбір түрлерінде изоморфты ұрпақ алмасуы байқалады. Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы суларда, біраз түрлері теңіз суларында кездеседі, кейбір түрлері ылғалды топырақты, ағаштың қабығын мекендейді.