
- •2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
- •2. Биологиялық ілімдердің жүйесіндегі систематиканың орны. Таксономиялық категориялар
- •3. Сапрофитті және паразитті аскомицеттер. Ашу. Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер класс тармағы, экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы.
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы.
- •2. Зигомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, құрылысы, көбеюі, таралуы, негізгі өкілдері, сапрофитті және паразитті зигомицеттер. Энтомопатогенді зигомицеттер. Практикалық маңызы.
- •3. Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) бөлімі.
- •2. Колониялы балдыр өкілі вольвокстың даму циклы, көбею ерекшелігі
- •3. Аскомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы. Қалта мен ілгіктің қалыптасуы. Жемісті дене мен қалта типтері
- •2. Тіркеспелі балдырлардың көбею
- •3.Қыналар бөлімі. Қыналардың құрылымдық компоненттері , анатомиялық ерекшелігі, талломдарының әр түрлі пішімділігі. Көбею тәсілдері. Таралуы, экологиялық топтары, маңызы
- •2. Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері, экологиясы, маңызы.
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Хара балдырлар бөлімі, өкілдері мен көбеюі, таралуы
- •3. Базидиомицеттер класы. Жалпы сипаттамасы, ерекшелігі, көбеюі. Жыныстық көбеюі: базидийлер мен базидиоспоралардың түзілуі.
- •2. Қоңыр балдырлардағы ұрпақ алмасу және фаза алмасуы
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •3. Қыналардың морфологиясы, құрамы мен көбею ерекшелігі
- •2. Қара күйе саңырауқұлақтарының өкілдері, зияны мен күрес шаралары
- •3. Алтын түсті балдыр өкілдері, құрылысы, пигменттері, көбею ерекшелігі
- •2. Қызыл балдырлар бөлімі. Пигменттерінің құрамы, көбеюі, ұрпақ алмасуы, классификациясы. Таралуы мен маңызы.
- •3. Дейтеромицеттер (немесе жетілмеген) класы. Жалпы сипаттамасы, басты өкілдері. Таралуы. Маңызы.
- •2. Көп ядролы бір клеткалы балдыр өкілдерінің құрылысының ерекшеліктері
- •3. Кілегейлілер бөлімі.
- •2. Тат саңырауқұлақтарының таралуы мен көбею ерекшеліктері
- •3. Сапрофитті және паразитті саңырауқұлақтар. Олардың экологиялық топтары
- •2. Ашық тұқымдылардың шығу тегі, классификациясы., филогениясы
- •3. Кариофиллидтер класс тармағы. Қалампырлар қатары. Алаботалар тұқымдасы. Таралуы, негізгі өкілдері, маңызы
- •2. Сальвиниидтер класс тармағы. Қатарлары мен тұқымдастары. Таралуы.
- •3. Раушандар қатары. Раушандар тұқымдасы. Раушандар, Тобылғылар, Алмалар,
- •2. Гнетопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Тұқымдастары, тіршілік циклі.
- •3. Ламиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Қатарларға бөлінуі. Алқалар қатары, тұқымдасы. Ерекшеліктері, таралуы, маңызы
- •2. Магнолиопсидтер немесе Қосжарнақтылар және Лилиопсидтер немесе Даражарнақтылар кластарының жалпы сипаттамасы
- •Ашық тұқымдылар бөлімі (голосеменные) -gimnospermatophyta, hemece gimnospermae
- •2. Тұқымбүрдің пайда болуы. Аталық және аналық гаметофиттер.
- •3 Астеридтер класс тармағы. Қосжарнақтылар системасындағы орны
- •2. Талдар қатары. Талдар тұқымдасы. Гүлдің эволюциясы. Таралуы
- •3. Асқабақтар қатары, тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Негізгі өкілдері.
Өсімдіктер систематикасы
№1 1. Ботаниканың негізгі салалары.
Ботаника (гр. botn — шөп, өсімдік) — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.
Салалары:
Өсімдіктер жүйеленімі;
геоботаника;
өсімдіктер анатомиясы (мүшелердің микроқұрылысын және ұппаларды зерттейді);
өсімдіктер морфологиясы (мүшелердің макроқұрылысын және сыртқы пішінін зерттейді);
өсімдіктер физиологиясы (өсімдіктің өмір сүру процесін зерттейді);
палеоботаника (қазбадағы өсімдіктерді зерттейді);
өсімдіктер селекциясы;
өсімдіктер генетикасы;
өсімдіктер биохимиясы;
Зерттеу объектісіне қарай бөлінуі
Альгология, лихенология, микология, бриология, дендрология, карпология, полинология, ризология, фитопатология.
Ботаника ғылымы б.з.б. 4-ғасырдан бері белгілі. Оның негізін салушы грек жаратылыстанушысы және философы Теофраст (б.з.б. 372 — 287 ж.). Ол 500-ге жуық өсімдік түрлерін сипаттап, олардың құрылысы мен көбеюі, дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың айырмашылықтары туралы Ботаникаға ғыл. мәліметтер мен терминдер енгізді.
2 Прокариоттар мен эукариоттарға жалпы сипаттама
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді.
3.Холобазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер класс тармақтары. Басты өкілдері. Экологиялық топтары.
ХОЛОБАЗИДИОМИЦЕТТЕР-HOLOBASIDIOMYCETIDAE КЛАСС ТАРМАҒЫ .
Базийдің цилиндр пішінді клеткаға бөлінбеген бір клеткалы .Класс тармағы экзобазидиялық қатарына ,гименомицеттер мен гастеромицеттер қатарлар тобына бөлінеді . Экзобадиялық-Exobasidiales қатарының көпшілік өкілдері жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері .Жемісті денесі болмайды . Базидий мицелийде орналасады . Одан 2-4-6 базидиоспора түзіледі .Өкілі экзлбазидиум .
Гименомицеттер –Hemenomycetiidae қатарының тобы базидиомицеттер класының негізгі белгілегімен сипатталады .
Базидиомицеттер, базидиальді саңырауқұлақтар (кл. Basidiomycetes) – көпклеткалы мицелийлі жоғары сатылы саңырауқұлақтар. Өз атауын ерекше морфологиялық құрылымдар – базидийлер үшін алған. Базидийлерде экзогенді базидиоспоралар түзіледі, олар мицелийдің екі вегетативті клеткаларының өзара қосылуы (соматогамия) нәтижесі болып табылады. Даму циклінде дикариотты мицелий басым. Пішіні мен құрылысы бойынша жеміс денелері алуан түрлі: жұмсақ, қатты, тұяқ пішінді, қабықша түрінде немесе табан мен қақпаққа диференцияланған. Базидиомицеттердің тәжірибелік маңызы өте зор. Олардың ішінде жеуге жарамды, ағаш ыдыратушылар, улы, микориза түзушілер, өсімдік паразиттері, антибиотик пен басқа физиологиялық активті заттардың продуценттері бар. Конидиальді кезең өте аз кездеседі. Жүйелеу базидийлердің даму типі мен құрылымына негізделеді. Үш кластармағына бөлінеді – холобазидиомицеттер (Holoba-sidiomycetidae), гетеробазидиальді (Heterobasidiomycetidae), телиоспороми-цеттер (Teliosporomycetidae).
Әлемде 30 000-ға жуық түр белгілі. Қазақстанда 1000-нан астам тү анықталған.
№2 1.Қоңыр балдырлар бөлімі. Талломдарының құрылысы. Табиғатта таралуы және маңызы, маңызды өкілдері, экологиясы.
Қоңыр балдырлар бөлімі (Рhаеорhуtа)
Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нәтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен (гигантский), кейде тіптен 60-100м жететіндеріне дейін кездестіруге болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинари (полисахарид), маннит (сахатоспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді-феллюлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады. Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді) көптеген екі талшақты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар (Іsоgеnеrаtае) класы, гетерогенераттылар (Неtеrоgеnеrаtае) класы және цикласпоралылар (Сусlоsроrеае) класы.