ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген
Кеңес төрайымы
____________ Н.Дүйсенғұлова
«___ » _________2014 ж., № ___
Білім беру бағдарламасы бакалавриат
5B050800 - «Есеп және аудит», 5B090900 - «Логистика», 5В050301 – «Құқықтану» мамандықтары
Оқу түрі - күндізгі
Силлабус
«Философия» пәні бойынша
Курс: 1,2
Семестр: 2,4
Кредит саны: 3
Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Ш. Ибжарова
Телефоны: 302-21-55, № 103 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырған: ф.ғ.к., доцент _______________Ш. Ибжарова
Силлабус 5B050800 - «Есеп және аудит», 5B090900 - «Логистика», 5В050301 – «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған «Философия» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған
Силлабус кафедра отырысында талқыланған
«28» тамыз 2014 ж. № 1 хаттама
«Жалпы білім беру пәндері»
кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.___________________А. Колушпаева
Кіріспе
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік дейгеімен бірге адамгершілік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Білім алушы жастар қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен жоғары білім беру оқу орындарындағы оқытушы-философ мамандары, осы тұрғыдан алғанда, қойылып отырған талаптардың маңызы соларға арта түсіп отыр.
Философияның басқа ғылымдардан ерекшелігі - ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Мендігің» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын, ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі.
Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады.
Философия тарихын зерттеуі тұлғаның бойында адамшылық ережелердің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде ғана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз; әділеттілік, мейірімділік, адалдық тұрғыдан өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу; жан-жақты болуға ұмтылу және тағы да басқа моральдық принциптерді танып білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибесінде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну, яғни, индивидтің бірте-бірте тұлғаға айналып қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия – рухтың жоғары еркіндік саласы және философия тарихы белсенді ойлау мен белсенді өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
«Философия» курсы бүтіндей жүйелі түрде философия тарихын баяндап, соның ішінде әртүрлі бағыттағы философиялық ойларды және теориялық философияның негізгі мәселесін оқытады
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:
дәріс (лекция) оқу;
практикалық сабақтар жүргізу;
ОБСӨЖ;
СӨЖ.
Пәнді оқытудың мақсаты: болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Аталмыш пәнді оқытудың міндеттері:
философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
көзқарастық білімін қалыптастыру және тәрбиелеу;
гуманитарлық ой-өрісін кеңейту;
философиялық ой-өрісін қалыптастыру;
философиялық мәдениеттілікке бейімдеу.
Алдыңғы деректемелер: материалды терең меңгеру үшін келесі пәндерден білімі болуы қажет: қоғамтану, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, сыни ойлау, экономикалық теория негіздері.
Соңғы деректемелер: саясаттану, әлеуметтану, бизнес философиясы, дінтану.
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:
-білу керек: философияның пәні, мақсаты мен міндеттері; философия мәселелерінің негізгі шеңберін; философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсерін; философияның негізгі даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін білу.
меңгеру керек: философиялық білімнің фундаменталды теориясын игеру; танымның негізгі принциптері мен заңдарын; әлеуметтік өмірдің негіздері мен заңдылықтары туралы түсінігі болу; адам болмысының универсалды құндылық категорияларын айыра білу; жалпы гуманитарлық сипаттағы әдебиетпен өз бетімен жұмыс жасай білу, басты көзқарастық мәселелерді және олардың шешімдерін таба білу.
дағдыны меңгеру: философиялық терең, логикалық түрде, жүйелі және сыни ойлау; жиналған философиялық эрудиция қорын күнделікті өмірдің әр түрлі сұрақтары бойынша өзіндік пікір тұжырымдауда және оны дәлелдеуде пайдалану.
Пәндік мамандандырылған:
-білу керек: өз мамандығының философиялық негізін.
меңгеру керек: философияның ойлау әдістері арқылы әр-түрлі мамандықтар шеңберінде атқарылатын операциялардың нәтижесін қорыту және болжау.
дағдыны меңгеру: кәсіби білімінің нәтижелерін синтездеу және ұжым орталарында бірігей және эффективті жұмыс атқару үшін жүйелі, сыни, нақты, терең философиялық ойлау қабілетін қолдану.
