Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
proped.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316.65 Кб
Скачать

8 Билет

2 Сурак

Темір тапшылықты қан аздық Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар арасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды. Этиологиясы. Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.

Клиникалық бейнесі. Науқастан келесі анемиялық синдромның белгілерін анықтауға болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу. Аяқ ұштары, балтырлар, беті шамалы ісінуі мүмкін. Асқазан – ішек бұзылыстардың ішінде ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері жатады. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен теміртапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында сидеропениялық синдромның белгілері айқындалынады: ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды.Парадонтоз дамиды, глоссит, стоматит білінеді. Ерекше белгілерінің бірі – «сидеропениялық субфебрилитет», дене қызуы узақ уақыт субфебрильді денгейде тұрады

Емі. Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз, темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер теміртапшылықты анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Теміртапшылықты анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррум - лек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Теміртапшылықты анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.

В 12 - фолий қышқылытапшылықты қан аздық

Этиологиясы мен патогенезі. Бұл қан аздық ағзаға В12 – витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын сырқат. Асқазан ішкі кілегей қабаты сөлмен бірге “гастропротеин ” затын бөліп шығарады. Гастропротеин арқылы тамақпен бірге түскен В12 – витамині фолий қышқылымен байланысып қан жарату дәрісіне қатысады. Асқазан ауруларында бұл дәріс бұзылғандықтан қан аздық дамиды. Қан аздыққа әкеліп соғатын аурулар қатарына созылмалы гастрит, құрт аурулары, дұрыс тамақтанбау жатады Клиникалық бейнесі. Негізінде ұш синдромнан тұрады: анемиялық синдромынан, ас қорыту қызметінің бұзылуынан, жүйке жүйесінің өзгерістерінен дамитын белгілер қатары. Анемиялық синдромда әлсіздену, бастың айналуы, құлақтың шулауы, ентігу, жүректің жиі қағуы, көздің қарауытуы білінеді. Артериялыдқ қан қысымы негізінде төмендейді. Терісі боз, лимон сарғыш түсті, науқастар сонымен қатар тілдің ашып ауырсынуына шағымданады. Тілдің емізікшелері тегістеліп, трофикалық өзгерістерге ұшырайды. Тілдің түсі күрең қызыл түске боялып, жылтырланады. Жүйке жүйесінің өзгерістеріне науқастың сезімталдығы бұзылып, ауырсыну білініп, қол – аяқтары ұйыйды, науқастың жүрісі өзгереді. Кейбір жағдайларда психикалық бұзылыстар байқалады. Ас қорыту қызметінің бұзылыстарына тамаққа тәбетінің жойылуы, лоқсу, құсу, кекіру, іштің өтуі жатады. Негізінде асқазан сөлінің қышқылы төмендейді, кейбір науқастарда бауыр мен көк бауыр үлкейеді. Сырқат шұғыл өршуі мүмкін, ол жағдайда кома белгілері пайда болады. Науқас есінен танып қалады, дене қызуы және қан қысымы төмендейді, ентігу, лоқсу, рефлекстердің жоғалуы, несептің еріксіз шығуы байқалады. Команың пайда болуымен гемоглобин мөлшерінің арасында анық сәйкестілік болмайды. Команың дамуына негізгі рольді келесі мәнбірлер атқарады: гемоглобин мөлшерінің шапшаң төмендеуінен орталық жүйке жүйесінде шұғыл пайда болатын ишемия және гипоксия. Зертханалық тексерісте қанда гемоглобин және эритроциттердің мөлшерінің азайғаны байқалады. Бояғыш көрсеткіші төмендейді, анизоцитоз, пойкилоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасын клиникалық белгілеріне (глоссит) және гематологиялық өзгерістерге (лейкопения, тромбоцитопения) сүйене отырып жүргізеді. Сырқаттың нақтамасы сүйек миының пунктатының нәтижесімен анықталады.

Емі. Сырқаттың емдеу барысында емдәм тәртібі маңызды роль атқарады. Тамақ құрамында В12 көп болу керек. Аурудың құрамды емін оның этиологиясын, қан аздықтың дәрежесін, жүйке жүйесінің өзгерістерін ескере отырып жүргізу керек. Дисбактериозды емдеу маңызды болып табылады. Патогенетикалық қағида В12 витаминін қолдану. В12 - витаминін 500 мкг күн сайын бұлшық етке, ауыр жағдайларда көк тамырға ұзақ мерзіммен қан анализінің көрсеткішін бақылай отырып жүргізеді. Ас қорыту қызметі бұзылғанда фермент дәрілерін қолданады (панзинорм, фестал, панкреатин). Құрт ауруларымен байланысты қан аздықта міндетті түрде құрттарға қарсы ем тағайындалады. Ішек флорасын қалпына келтіру ферменттік дәрілермен қатар диспепсия синдромын жоюға мүмкіндік туғызатын емдәм тағайындау арқылы жүргізіледі. Анемияның жоғарғы дәрежесінде кома белгілері, қан айналымы өзгерістері пайда болғанда қан құюды қолданады.

3 сурак Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.

Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді. Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.

Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.

Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге бастайды. Ауру асқынғанда пневмонияның жедел түріндегі клиник. белгілер қайталанады. Созылмалы пневмония ұзаққа созылады. Дер кезінде емделсе, науқас 2 — 3 аптадан соң жазыла бастайды. Балаларда болатын пневмонияның кейбір ерекшеліктері бар. Олар пневмониямен ауырғанда демігумен бірге бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді; диспепсия белгілер байқалуы мүмкін. Көп жағдайда тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Жаңа туған сәби пневмониямен ауырғыш келеді. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі.[1]

Белгілері

New Pneumonia cartoon.jpg

Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;

Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы.

Әр дем алыПневмониядем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліПневмониябасылып тұрады.

Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді).

Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан).

Кеуде ауырады.

Науқастың халі ауырлайды.

Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.

Микоплазмалы пневмония

Микоплазмалар химиялық құрамы бойынша бактерияларға, ал өсіп-өну мүмкіншілігін ескергенде, вирустарға жақын. Ол бұрын атипиялық пневмония деп аталып келген аурудың қоздырушысы болып саналады.

Микоплазмалар эпителий жасушаларының ішінде көбейіп, оларды дистрофиялық өзгерістерге душар етеді, олардың цитоплазмасы бояулармен әлсіз боялып, көбіктеніп тұрады. Осы клеткалар кейінірек альвеола ішіне көшіп түсе бастайды. Олардың айналасында нейтрофилді лейкоциттер, эритроциттер топталып қабыну ошағы пайда болады. Қабыну сіңбесінің аралық ұлпасында көбеюі осы инфекция үшін өте тән құбылыс. Қабыну ошақтары майда, бірақ қоңыр-қызыл түсті болады. Оларды ателектаз және эмфизема ошақтары қоршап жатады. Микроплазмалы пневмонияға әдетте вирусты немесе бактериялы инфекциялар қосылып аралас инфекциялы пневмония дамиды.

Саңырауқұлақтар шақыратын ошақты пневмония (пневмомикоз)

Бұл пневмонияларды негізінен ашытқы саңырауқұлақтар тобына жататын С.albicans қоздырады(кандидамикоз). Кандидамикоздар көбінесе антибиотиктерді өте көп және ретсіз қолдану нәтижесінде пайда болатын дисбактериозға байланысты дамиды. Өкпеде үлкенді-кішілі, қызғылт-сұр түсті, тығыз ошақтар пайда болады. Осы ошақтардың ортасында саңырауқұлақтардың жуан жіпшелерін, олардың айналасында лейкоциттер мен макрофагтар көрінеді. Кейін осы жерде эпителоидты және алып клеткалы грануляциялы ұлпа өседі. Өкпе әдетте ауыз қуысында, өңеште кандидалы процесс болғанда аспирация жолымен дамиды.[2]

Өзге түрлері

Абецедирлейтін пневмония — аденовирустар туғызатын интерстициальдық пневмония, әдетте жара некрозды трахеиттермен және күшті байқалатын паренхима некрозымен бірге жүреді.

Алейкоцитарлық пневмония — бұл жағдайда альвеолярлық экссудат құрамында лейкоциттер болмайды, лейкопениялық күй кезінде, мәселен, сәуле ауруы кезінде байқалады.

Ареактивтік пневмония (анергиялық пневмония) — әлсіреген адамдардың немесе кәрілік жасындағы адамдардың организмнің реакциясы төмендеген кезде байқалатын температуралық реакциясы айқын болмайтын аурудың босаң ұзақ барысы.

Аспирациялық пневмония — бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония.

Ателектаздъқ пневмония — өкпе учаскесіне инфекция арқылы пайда болған ауру.

Өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы — аурудың әдеттегі түрінен ауытқып кетуін сипаттайды.

Өкпенің ацинозды қабынуы — ацинусты құрайтын альвеола тобын қамтиды.

Өкпенің ацинозды-нодозды қабынуы — бөлек ацинустарды қалай қамтыса, ацинус тобын да солай қамтиды.

Өкпенің билиозды қабынуы — өт арқылы асқазан ішіне бөгде заттардың түсуі салдарынан жаңа туған балада дамиды. Ауру жағдайында ас ішектен асқазанға түседі. Өкпедегі ұлпаның тез қорытылуын сипаттайды.

Өкпенің сырқырамалы сары ауруынан қабынуы — сары ауруымен ауыратын адам өкпесінің қабынуы, құрғақ немесе сұйық заттан болатын сірі қабықтың қабынып және кеңірдек бездеріне салқын тиіп құятын ошақтардың пайда болуымен альвеоланың қабынуы түрінде өтеді.

Өкпенің іш сүзектен қабынуы — іш сүзек ауруының 3—4 аптасында басталады, регионарлы лимфа түйіндеріндегі өкпе тканінде іш сүзектен тері талаурап іседі.

Өкпенің вагусты қабынуы — көкірек қуысына зақым келгенде, жылжымалы жүйкелердің тітіркенуден өкпенің қатты қабынуы.

Өкпенің үстіңгі бөлшек қабынуы — өкпенің жоғарғы жағына жайылмай қабынуы.

Жаңа туған бала өкпесінің ана құрсағы ішінде қабынуы — ана құрсағы ішінде даму кезінде немесе туар кезінде пайда болған.

Шіріген пневмония — өкпе шіруімен асқынған пневмония.

Өкпеге қанның жиналуынан қабынуы — альвеолды сұйық затта және қақырықта көптеген қанның қызыл түйіршіктері байқалады, мысалы, тұмау кезінде, өкпеден тиетін чума түрінде, түйнеменің іріңді түрінде байқалады.

Өкпенің жансызданып, қанды қабынуы — өкпедегі ұлпаның жансызданып, альвеолды қанды сұйық заттың жиналуы. Тұмау кезінде өкпеден тиетін чума түрінде байқалады.

Өкпенің аса ірі клеткалық қабынуы — альвеолды сұйық зат құрамында бір ядролы көп клеткалар болады. Цитомегалия кезінде және кейбір басқа вирусты ауруларда байқалады.

Ауа тазартқыштың жетіспеуінен өкпенің қабынуы — өкпедегі ұлпаның инфицирлі бөліктерінде ауаның төмендеуінен, мысалы өкпедегі ателектаздың толық болмауынан болады.

Өкпенің гипостатикалық қабынуы — өкпе тканінің кіші күре тамырында қан кернегенде пайда болады, мысалы, ұзақ уақыт шал қасынан жатқан кезде өкпенің артқы бөліктерінде пайда болады.

Өкпенің тұмауратқаннан қабынуы — 1. Тұмау асқынған кезде, әдетте бактериялы көбіне стафилокок жұқпалы ауру жинақталғанда дамиды, ауру созылмалы түрде өтеді және бейімділікпен іріңді ісікке айналады; 2. өкпенің тұмауратқаннан алғашқы қабынуы — өкпенің қанды қабынуы қан айналымының бұзылуынан қатты өтетін түмаудың пирусын қоздырады.

Өкпенің бөлік аралық қабынуы — көбінесе бөлік аралығындағы дәнекер болып тұратын ұлпаның ісіп қызару әрекетінің кеңейген өкпенің интерстициальді қабынуы.

Өкпенің микоплазмадан қабынуы (саңырауқулақ бактериясындағы сұйық бөлік) — өкпенің мөлшерден ауытқып қабынуы, алғашқы түрі — микоплазманы қоздырып өкпе ошағының немесе бір бөлігінің қабынуы.

Өкпенің миллиарлы қабынуы — көп, ұсақ, диаметрі 1—2 мм ісу, қызару ошақтарының пайда болуы.

Өкпенің обтурациялы қабынуы — кеңірдек тарамындағы саңылаудың шырышпен немесе бөгде заттармен бітеліп қалуына себепші болатын ауру.

Өкпенің орнитозды қабынуы — орнитозда өкпенің интерстициальді немесе ұсақ ошақтарының қабынуы ауру белгісі әлсіз көрінеді, ауру ұзақ өтеді және бейімділікпен қайталанады.

Өкпенің жедел қабынуы — сұйық заты болатын қабыну түрі бойынша өкпе қабынуының тез дамуы.

Өкпенің ошақты қабынуы — өкпедегі ұлпаның шамалы бөліктерін қамтиды.

Өкпенің паравертебральді қабынуы — омыртқасымен жатқандардың өкпе бөліктерінің бірінде болады; көбіне жаңа туған балада байқалады.

Кеңірдек тарамдарындаты ұлпаның талаурап ісуінен өкпенің қабынуы — көбінесе кеңірдек тарамдары айналасында болады: кеңірдек тарамдарында ұлпаның талаурап ісіп, лимфа жолымен өкпедегі ұлпа де ісіп қызару әрекетінің таралуы салдарынан пайда болады.

Өкпенің перифокальды қабынуы — табиғаты жағынан ісіп қызармайтын өкпенің зақымдану ошағы (мысалы жансыздану ошағы) айналасында дамиды.

Өкпенің пневмококтан қабынуы — өкпедегі шар тәрізді бактерияны қоздырып, өкпенің ісіп қабынып ауруы немесе өкпе ошағының қабынуы талшықпен және іріңмен жиі араласқан ұйыма альвеолды сұйық заттан тұрады.

Өкпенің операциядан кейін қабынуы — өкпенің көбінесе орнықпай немесе ауа тазартқыштың жетіспеуінен қабынуы, хирургиялық операциядан кейінгі жақын күндерде дамиды, кәрі адамдарда немесе әлсіз ауруларда жиі болады.

Өкпенің полифераттық қабынуы өкпенің СОЗЫЛМАЛЫ түрде қабынуы, альвеола мен кеңірдек тарамындағы кілегейдің ұлғаюынан болады.

Өкпенің жалған лобарлы қабынуы өкпе ошағының араласып қабынуы рентген сәулесімен тексергенде және емдегенде өкпе бөлігінің қабынуын мысалы крупозды ісінуін еске салады.

Өкпенің реаматизмнен (сарнтап) қабынуы ревмативм асқынғанда, өкпе ошағының көбіне бір бөлігінің қатты қабынуы, өкпе қан тамырларындағы бұлшық ет сіңірінің жансыздануы себепші болады.

Өкпенің бір текті қабынуы — өкпенің сегментін (бар тектестігін) қамтпды.

Өкпенің септикалық қабынуы — іріңдеткіш мпкробтардың қанға жайылып асқынуы немесе қанды іріңнің организмге жайылуының білінуі.

Өкпенің сары суланып қанның жиналуынан қабынуы — қанның қызыл түйіршектерінің нашар жағымен араласқан сары сулы альвеолды сұйық заттан болады, мысалы тұмау кезінде, обада байқалады.

Өкпенің сары суланып фибринді қабынуы — фибринмен араласқан сары сулы альвеолды сұйың заттан болады.

Өкпенің түйнемеден қабынуы — өкпе ошағының қатты жансызданып, қанның жиналып қабынуы өкпеге түйнеме бацилласының енуінен болады, түйнеменің іріндеткіш микробтары қанға және ұлпаға жайылады.

Өкпенің араласып қабынуы — жеке, ұсақ ісіп қызару ошақтарының тым ірілеріне келіп қосылуы.

Өкпенің стафилокктан қабынуы өкпе ошағының кейде араласып қабынуын cтафилококк қоздырады. Өкпедегі ұлпаның жансыздануы және іріңдеуі көбінесе балаларда, кәрі және әлсіз адамдарда байқалады.

Өкпенің зақымдалудан қабынуы — өкпеге зақым келгенде, мысалы, қабырға сынғанда, өкпе зақымданып қабынады.

Өкпенің зақымданудан екіншілей қабынуы — қарама-қарсы жарақат жағында дамиды.

Өкпенің зақымданудан қабынуы, алғашқы түрі — жарақат түскен өкпеде дамиды.

Қан ұйып тамырдың бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың бітеліп қалуынан немесе оның тарамдарының кішкентай бөлшектерінде қанның ұюынан болады.

Өкпенің туляремиядан қабынуы — өкпеге туляремия таяқшасының енуінен өкпе ошағының сары суланып, фибринді қабынуы, ұзақ уақыт жансызданады және іріңді ісікке айналады. Лимфа бездерінің ауруы және ірі қабықтың қабынуы дамиды. Осының негізінде өкпе туляремиясы дамиды.

Өкпенің фибринозды — қанды қабынуы — сары сулы альвеолды сұйық затта фибрин мен қанның қызық түйіршіктерінің саны көп болады, мысалы, обада байқалады.

Өкпенің созылмалы түрде қабынуы — ұзақ уақыт асқынады және өкпедегі ұлпаның зақымдалған бөлімі біртіндеп тыртықтанып тыржиып дәнекер ұлпаға айналып қатаяды.

Өкпенің орталықта қабынуы — қабыну ошағы өкпе бөлігінің тамырында болады, ал сірі қабық ауру күйінде тартылмайды.

Өкпенің обадан қабынуы — өкпеге оба таяқшасының енуінен өкпенің сары суланып және қанның жиналып фибринді және қанның жиналып немесе жансызданып қабынуы. Осының кезінде өкпеге оба ауруы тарайды.

Қан тамырының бітеліп қалуынан өкпенің қабынуы — өкпедегі үлкен күре тамырдың немесе оның тарамдарының бітеліп қалуынан болады.

Иллинос өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ организмдер қоздыратын қатты жұқпалы ауру, өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.

Луизиан өкпенің қабынуы — хламида тобынан ұсақ организмді қоздыратын қатты жұқпалы ауру. Өкпенің қабынуы ауыр жағдайда өтеді.

Сүйекті қалпына келтіргеннен өкпенің қабынуы — ауру себебі белгісіз, негізінде перфокальды қабынудың пайда болуымен өкпедегі дәнекер болып тұратын ұлпаның сүйектену ошағының тууы жатыр.[3]

Пневмонияғы әкелетін жағдайлар

Жас балалар:

құрсақтық гипоксия және асфиксия;

туу жарақаттары;

жаңа туған кезедегі пневмопатия ;

туа біткен жүрек ақаулары;

өкпенің туа біткен ақаулықтары;

муковисцидоз;

тұқым қуалайтын иммунитет дефициті;

аштық;

гиповитаминоздар.

Мектеп жасындағы балалар:

жұтқыншақ инфекциясының созылмалы ошақтары;

қайталанбалы бронхит;

муковисцидоз;

Жүрек клапаны аурулары;

иммуно жетіспеушілік ;

шылым шегу.

Ересектер:

темекі шегу және созылмалы бронхит;

өкпенің созылмалы аурулары;

эндокриндік аурулары;

жүрек жеткіліксіздігі;

иммуно жетіспеушілік;

кеуде және іштің хирургиямв;

маскүнемдік;

Емдеу жолдары

Уикипедия медициналық кеңес беретін орын емес, мұндағы кеңестер шындыққа жанаспауы мүмкін (Дереккөздер[4]):

Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдеу емір немесе өлім мәселесіне келіп тірелуі мүмкін. Пенициллин, ко-тримоксазол немесе эритромицин беріңіз. Науқастың халі нашарлап бара жатса прокаин-пенициллин шанышыңыз, ересек адамдарға: күніне 2—3 рет 400 000 ед (250 мг) немесе күніне 4 рет 500 мг ампициллин ішкізіңіз. Жас балаларға ересектерге берілетін дәрі мөлшерінің 0,5—025 мөлшерін беріңіз, 6 жасқа дейінгі балаларға ампициллин берген жөн.

Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен беріңіз.

Науқасқа мейлінше көп сұйық беріңіз. Егер науқас тамақ іше алмаса, онда оған сұйық тағам немесе регидрат сусынын беріңіз.

Жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және су буы ингаляциясын жасау ұсынылады.

Сырыл болған жағдайда теофиллин немесе эфедрин түріндегі демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]