Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест аударма қазақша Д.М..docx толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.33 Кб
Скачать
  1. Витальді экстирпациялау

  2. Витальды ампутациялау

  3. +Девитальды ампутациялау

  4. Девитальды аралас әдіс

  5. Консервативтік әдіс

74. Емделуші 25 жаста, дені сау, 46 тісінде ұлпа қабынуы бойынша емдеу кезеңі жүргізілді. Уақытша жансыздандырудан кейін тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, дәрілермен өңделіп, кептірілгеннен кейін тісжегі қуысы табанына кальций сутотығы құрамды емдік төсем және уақытша пломбы қойылды. Төменде келтірілген ұлпа қабынуын емдеу әдістерінің қайсысы таңдалды және емдеудің қай кезеңі жүргізілді?

  1. Витальді ампутациялау, II-кезең

  2. Витальді экстирпациялу, I-кезең

  3. +Консервативтік әдіс, I-кезең

  4. Девитальді экстирпациялау, I-кезең

  5. Девитальді аралас әдіс, I-кезең

75. 35 жастағы емделушінің 34 тісінде ұлпа қабынуы бойынша емдеу жүргізілді. Ұлпа алдын-ала өлеттендірілді, тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, тіс ұлпасы толық алынды, түбір өзектеріне ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдеу жүргізілді және пломбыланып, тұрақты пломбы қойылды. Ұлпа қабынуын емдеудің қандай әдісі және қай кезеңі орындалды?

  1. Витальді ампутациялау, I-кезең

  2. Витальді экстирпациялу, II-кезең

  3. +Девитальді экстирпациялау, II-кезең

  4. Консервативтік әдіс, II-кезең

  5. Девитальды ампутациялау, II-кезең

76. Жедел лейкозбен сырқат 32 жасар науқас дәрігер- стоматологқа 25 тісінде өздігінен пайда болатын, жан-жаққа таралатын ұстамалы ауыру сезіміне шағымданып келді және 25 тісінде «ұлпаның толық жедел қабынуы» деген диагноз қойылды. Төмендегі ұлпа қабынуын емдеу әдісінің қайсысын таңдаған болар едіңіз?

  1. Консервативтік әдіс

  2. Витальді ампутациялау әдісі

  3. +Девитальді экстирпациялау, алдын-ала түбір ұлпасын лазердің көмегімен немесе электр тогының көмегімен коагуляциялау қажет

  4. Девитальді ампутациялау әдісі

  5. Витальді экстирпациялау әдісі

77. Науқас 50 жаста, созылмалы лейкозбен ауырады, дәрігер –стоматолог 16 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Емдеу әдісінің қайсысын таңдаған дұрыс және қндай тиімді дәрілік препарат қолданылуы керек?

  1. Витальды экстирпациялау

  2. +Девитальді ампутациялау, параформды қойыртпақ

  3. Консервативтік әдіс

  4. Витальді аралас әдіс

  5. Витальді ампутациялау

78. Науқас 70 жаста, Б сатысындағы гипертониялық ауруы бар, 46 тісінде «ұлпаның созылмайы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Емдеу әдісінің қайсысын таңдаған дұрыс.

  1. Витальды аралас әдіс

  2. Витальді экстирпациялау

  3. +Девитальді ампутациялау

  4. Витальді ампутациялау

  5. Консервативтік әдіс

79. Науқас 65 жаста, ИБС-пен және стенокардиямен ауырады, 14 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Емдеу әдісінің қайсысын таңдаған тиімді?

  1. Консервативтік

  2. Аралас

  3. Девитальді экстирпациялау

  4. +Девитальді ампутациялау

  5. Витальді экстирпациялау

80. 23 тісте ұлпа қабынуын емдеу кезінде түбір ұлпасын экстирпациялағаннан кейін өзектенқан ағуы байқалды. Төменде келтірілгендердің біреуінен басқасы қан ағуға себепші фактор болып саналады :

  1. Ұлпада жыртылған жара бетінің қалыптасуы

  2. Ұлпаны толық экстирпацияламау

  3. Анықталмаған қан ауруы

  4. +Түбір ұшы сағасын толық кеңейтпеу

  5. Түбір ұлпасының түбірұшы сыртында үзілуі

81. 35 жастағы науқас агранулоцитозбен ауырады, 25 тісінде « ұлпаның толық жедел қабынуы» деген диагноз қойылды. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:

  1. Аралас әдіс

  2. + Витальді экстирпациялау әдісі (түбір ұлпасын диатермокоагуляциялаудан кейін)

  3. Витальді ампутациялау

  4. Девитальді ампутациялау

  5. Девитальді экстирпациялау

82. 20 жастағы емделушіге 16 тісінде « ұлпаның жартылай жедел қабынуы» деген диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізіле басталды. Осы қабылдауда емдеу шаралары жүргізілді: уақытша жансыздандырудан кейін асептика және антисептика ережелерін сақтала отырып тісжегі қуысы өңделді, ұлпа мүйізшесі ашылды,антисептикалық өңдеу жүргізілді, ұлпа мүйізшесі тұсына антибиотик құрамды қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Қандай емдеу әдісі таңдалды және жүргізу басталды ?