Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест аударма қазақша Д.М..docx толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.33 Кб
Скачать
  1. Абсцесс

  2. Киста

  3. Күлбіреуік

  4. Көпіршік бөрткен

  5. +Пустула (іріңдік)

51. Базальды және тікенекті қабат жасушаларының пролиферациялануының күшеюі нәтижесінде эпителий қабаты қалыңдаған. Ұзарған эпителий бүртіктері астындағы дәнекертінге ене өскен. Бұл патогистологиялық үрдіс қалай аталады?

  1. Спонгиоздану

  2. Паракератоз

  3. Гиперкератоз

  4. +Акантоздану

  5. Баллонды дистрофиялану

52. Жабынды эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталтын бөрткен:

  1. Ойық жара

  2. +Эрозия

  3. Жырым

  4. Тілік

  5. Дақ

53. Ауыз іші кілегейлі қабығында дұрыс пішінсіз қатты ауыратын жара бар, жараның жиегі бойымен сары түсті ұсақ миллиарлы суық абсцестер немесе ыдырамаған бұдырмақтар (Трель дәндері) орналасқан. Қандай ауру кезінде сипатталған зақымдаушы элемент орын алады?

  1. Қызыл жегі кезінде

  2. ЖИТС – ы кезінде

  3. Кандидоз кезінде

  4. Қарапайым герпес кезінде

  5. +Миллиарлы-жаралы туберкулезде

54. Ауыз іші кілегейлі қабығында немесе теріде біріншілік мерез кезінде орын алатын бөрткен:

  1. Сүйел

  2. Гумма

  3. Трель дәндері

  4. Афта

  5. +Берішті шанкр

55. Барлық ағзалар мен тіндерде үшіншілік мерез кезінде орын алатын бөрткендер:

  1. Сүйел, өткірұшты кандиллома

  2. +Гумма, бұдырмақ

  3. Трель дәндері, Фордайс денешіктері

  4. Афта, жара

  5. Берішті шанкр, шанкрге ұқсас пиодермия

56. Зақымдаушы бөрткендер орналасқан тілдің бетінің кілегейлі қабығының рельефі «ойдым-ойдым шабылған шабындық» симптомына ие болады, Бұл симптом қандай ауру кезінде орын алады?

  1. Лейкоплакия, веррукозды түрі

  2. +Екіншілік папулалы мерез

  3. Созылмалы атрофиялаушы кандидоз

  4. Қызыл жалпақ теміреткі

  5. Қызыл жегі, әдетті түрі

57. Білектің және тізенің жазылмалы беттерінің терісіне кокардаға ұқсас бөрткендер шыққан. Бұл бөрткендер қандай ауру кезінде орын алады?

  1. Лейкоплакия, тоғалы түрі

  2. Туберкулез жегісі

  3. Екіншілік мерез

  4. ЖИТС-ы

  5. +Көптүрлі жалқықты қызарма (эритема)

58. Бөрткендердің көптүрлілігі қандай ауру кезінде орын алады?

  1. Веррукозды лейкоплакия

  2. Туберкулез жегісі

  3. +Көптүрлі жалқықты эритема

  4. Қызыл жегі

  5. Дәріден дамыған аллергия

59. Лейкоплакияның бұл түрі жазық және веррукозды түрлерінің асқынуы салдарынан дамиды:

  1. +Эрозиялы-жаралы түрі

  2. Таппейнер лейкоплакиясы

  3. Жұмсақ лейкоплакия

  4. Тоғалы түрі

  1. Ақ кеуекті невус.

60. Осы ауруға тән ерекшелік: көпіршік бөрткендер еріндер жиегінде теріге жақын аймақта орналасады. Бұл қандй ауруға тән ерекшелік?

  1. Лейкоплакия, веррукозды түрі

  2. Гуммалы мерез

  3. Трель дәндері

  4. +Қайталамалы ерін герпесі

  5. Белдеме теміреткі

60. Бөрткендері акантоздану, экзоцитоз, вакуольды дистрофиялану, спонгиоздану, баллонды дегенерациялану нәтижесінде дамиды. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер тән ауру:

  1. Лейкоплакия

  2. Гуммалы мерез

  3. Трель дәндері

  4. +Қарапайым герпес

  5. Берішті шанкр

61. Бұл ауруға ауыз кілегейлі қабығында көрініс беретін жазық, веррукозды және эрозиялы-жаралы түрлерімен сипатталатын ауру жатады:

  1. Аусыл

  2. Қайталамалы ұшық (герпес)

  3. Белдеме теміреткі

  4. +Лейкоплакия

  5. Қызыл жегі

62. Ұлпаның жедел қабынуы кезінде бөлінген биологиялық белсенді заттардың әсерінен дамитын патологиялық үрдіс:

  1. +Ұлпаның қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

  2. Алкалоз белгілері

  3. Ацидоз белгілері

  4. Ұлпа склероздануы

  5. Альтерациялану үрдістері

63. Ұлпа қабынуын емдеу кезінде асқынуға алып келетін қателіктерге төмендегі аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

  1. асептика және антисептика ережелерін сақтамау

  2. ұлпаны жарақаттап алу

  3. аққан қанды толық тоқтатпау

  4. түбір өзектерін өңдеу үшін антисептиктерді дұрыс таңдамау

  5. +эндодонттық жолды дұрыс қалыптастыру

64. Ұлпа қабынуын витальды экстирпациялау әдісімен емдеу кезінде жиі орын алатын асқынуларға төменде аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

  1. Түбір өзегінде эндодонттық аспаптың сынуы

  2. Түбір қабырғасының тесілуі

  3. Ұлпаны экстирпациялағаннан кейін түбір өзегінен қан ағуы

  4. + Түбір өзегінің физиологияллық тарылымға дейін пломбылануы

  5. Түбірұшы тесігі сыртында гематома пайда болуы

65. Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезіндегі жиі асқынуға төменде аталғандардың барлығы жатады, біреуінен басқа:

  1. Девитализдеуші пастаны қойғаннан кейінгі ауру сезімінің күшеюі

  2. Медикаментозды папиллит, ошақты пародонт қабынуы

  3. +Пастаны қойғаннан кейін ауру сезімінің тоқтауы

  4. Ампутациядан кейін түбір өзегі сағасын сүңгілеу кезіндегі ауру сезім

  5. Ұлпа ампутациясы мен экстирпациясынан кейін қан ағу

66. Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын ұзақ әсер ететін ұлпаны өлеттендіретін қойыртпақ (паста):

  1. Тимолды қойыртпақ

  2. Эвгенолтимолды қойыртпақ

  3. Цинкэвгенольды қойыртпқ

  4. +Параформды қойыртпақ

  5. Резорцин-формалинді қойыртпақ

67. Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын қысқа уақытта әсер ететін ұлпаны өлеттендіретін қойыртпақ:

а) Йодоформды қойыртпақ

b) Триоксиметиленді қойыртпақ

  1. +Мышьякты қойыртпақ

  2. Тимолды қойыртпақ

  3. Йодоформтимолды қойыртпақ

68. Девитальді ампутациялау әдісін жүргізгеннен кейін түбір ұлпасын жабу үшін төменде аталған емдік қойыртпақтардың біреуінен басқасының бәрі қолданылады :

  1. Мумификациялаушы

  2. Метаплазиялаушы

  3. Антисептикалық

  4. Одонтотроптық

  5. +Ауыру сезімін жоюшы

69. Мумификациялаушы қойыртпақтарға төменде аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

  1. Резорцин-формалинді (ex tempore дайындалған)

  2. Крезодент

  3. Форедент

d) Форфенан

e) +Гринозол

70. Девитальді ампутациялау әдісін жүргізу кезінде түбір ұлпасының тұқылын жабу үшін қолданылатын метаплазиялаушы қойыртпақтарға төменде келтірілгендердің біреуінен басқасының бәрі жатады:

  1. +Йодоформды

  2. Тимолды

  3. Йодоформтимолды

  4. Триоксиметиленді

  5. Эвгенолтимолды

71. Науқас 65 жаста, жақын арада миокард инфарктымен ауырған, ұлпа қабынуымен 26 тісін емдеу басталған. Аппликациялық жансыздандырудың көмегімен тісжегі қуысынан жұмсарған дентин алынып, ұлпаның алдыңғы-ұрт мүйізшесі ашылып, мышьякты қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Қандай емдеу әдісі жүргізіле басталды?

  1. Витальды экстирпациялау

  2. Девитальды экстирпациялау

  3. +Девитальды ампутациялау

  4. Консервативтік әдіс

  5. Витальді ампутациялау

72. Науқас 30 жаста, гемофилиямен ауырады, 36 тісте ұлпаның созылмалы жай қабынуы бойынша ем жүргізіле басталған. Жұмсақ дентинді алғаннан кейін ашылған ұлпа мүйізшесіне ұлпаны өлеттендіруші қойыртпақ және уақытша пломбы қойылған. Қандай өлеттендіруші қойыртпақ қойылды және қандай әдіс қолданылады?

  1. Витальді экстирпациялау, анестетик

  2. +Девитальды ампутациялау, параформды қойыртпақ

  3. Девитальды ампутациялау, мышьякты қойыртпақ

  4. Консервативтік әдіс

  5. Витальді ампутация

73. Науқас 70 жаста, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен ауырады. 35 тісінде ұлпаның созылмалы шіри қабынуы бойынша емдеу басталды. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы таңдалуға тиіс?