Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын отчет Данияр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.78 Кб
Скачать

Сурет №2. Қазақстанның шоб субъектілері қызметінің көрсеткіштері

4. ҰЙЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАРАЖАТТАРЫ

«Даму» Қорының қызметін қаржыландыру көздері:

1) «Даму» Қорының меншік қаражаты;

2) бюджеттік инвестициялар және қарызға алу;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарыз алу;

4) ішкі және сыртқы капитал нарығындағы нарықтық алыс - беріс;

5) «Самұрық-Қазына» АҚ топтары ішіндегі қаржыландыру және т.б.

Қаржы-шаруашылық қызметтiң негiзгi параметрлерi, кiрiс пен шығыс болжамы Қордың Директорлар Кеңесiмен бекiтiлген 2011–2015 жылдарға арналған Қордың даму жоспарында қарастырылады. 2014 жылғы қаржылық қызметiнiң нәтижесiнде жоспарлы көрсеткiштер 2 541 млн. теңге бола тұра, Қор 3 488 млн. теңге көлемiнде таза кiрiс көрген. Жоспарланған таза пайда көрсеткiшiнiң орындалуы 137% құраған.

Негiзгi және негiзгi емес қызметтен түсетiн табыс жоспарлы 14 670 млн. теңге барысында 13 490 млн. теңгенi құраған. Табыс бойынша жоспардың орындалуы 92% құраған. Табыстардың азаюы негiзгi қызметтен түсетiн табыстардың төмендеуiмен байланысты.

Бұл жағдай Тұрақтандыру бағдарламалары бойынша бөлiнген қаражаттар көлемiнiң жоспарлы төмендеуiмен және олардың 2015 жылдың соңына қарай жабылуымен байланысты. Сонымен қатар, Азиялық даму банкiнiң 2014 және 2015 жылдардағы 2-шi және 3-шi транштарының несиелiк қаражаттары есебiнен уағдаластырып тарту бағдарламалары бойынша ЕДБ-мен бөлiнген қаражаттар көлемiн ұлғайту жоспарланып отыр.

Қордың жалпы шығыны 2014 жылы жоспарлы 11 493 млн. теңге барысында 8 872 млн. теңгенi құрады. Шығын үнемi 2 620 млн. теңгенi немесе шамамен 23%-ды құрады.

Қордың жеке капиталы 01.01.2015 ж. жағдайына қарай 80 070 млн. теңге құраған. Жеке капиталының 2,4 млрд.теңге көлемiнде ұлғаюына 3,48 млрд.теңге көлемiнде таза пайда алынуы әсер еткен.

Кесте №2.

Қызмет табыстылығының көрсеткiштерi

Атауы

2012

2013

2014

жоспар

Дерек

Орындалды

1

ROA, активтердiң табыстылығы

1,80%

1,90%

1,50%

2,10%

141%

2

ROE, капиталдың табыстылығы

7,50%

4,50%

3,30%

4,40%

132%

3

Қызметiнiң табыстылығы

29,90%

35,50%

22,10%

39,30%

178%

4

Таза табыс, мың теңге

3 461 820

3 456 204

2 541 599

3 488 006

137%

5

Nimargin

26,90%

27,80%

19,20%

30,80%

160%

Активтердің рентабельділігі (ROA) сату рентабельділігі (Rрп) мен капиталдың айналымдылық коэффициентін (Ка) көбейткенге тең.

ROA=Rрп* Ка

Мұнда, ROA – активтердің рентабельділігі;

Rрп – сату рентабельділігі;

Ка – капиталдың айналымдылық коэффициенті.

Қаржы-шаруашылық қызметтiң негiзгi параметрлерi, кiрiс пен шығыс болжамы Қордың Директорлар Кеңесiмен бекiтiлген 2011–2015 жылдарға арналған Қордың даму жоспарында қарастырылады. 2014 жылғы қаржылық қызметiнiң нәтижесiнде жоспарлы көрсеткiштер 2 541 млн. теңге бола тұра, Қор 3 488 млн. теңге көлемiнде таза кiрiс көрген. Жоспарланған таза пайда көрсеткiшiнiң орындалуы 137% құраған.

Көрсеткiштiң артуы 2014 жылы Республикалық бюджеттен жобаларды қаражаттандыруға бөлiнген қаражаттар сомасының өсуi, сондай-ақ «Даму-Өңiрлер 3» Өңiрлiк кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы мен Әйелдер кәсiпкерлiгiн кiшiгiрiм несиелендiру бағдарламасын iске асыруға қаражаттардың бөлiнуi есебiнен орын алған. «Даму» Қоры бағдарламаларының әлеуметтiк бағдарлануының да маңызы зор. 2014 жылдың нәтижелерi бойынша жеке кәсiпкерлiк секторындағы қаржылық қолдау есебiнен 14 901 жұмыс орны құрылды (жоспардан 126%). «Әрекет етушi ШОК субъектiлерiнiң қолдаумен қамтылу үлесi» ҚТК бойынша жоспардың асыра орындалуы оқыту және кеңес беру түрiнде қолдау көрсетiлген ШОБ субъектiлерiнiң артуы есебiнен орын алған. «Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру бағдарламалары шеңберiнде ЖКС қаржыландырудың кезеңдегi жалпы сомасы» ҚТК бойынша орындалу жоспардан 15%-ға артық. Бұл Азиялық Даму Банкi қаражаттары есебiнен ШОБ субъектiлерiн қаржыландыру бағдарламалары шеңберiнде ЕДБ-дiң кәсiпкерлердi белсендi қаржыландыруымен, сондай-ақ «Даму-Өңiрлер 3» бағдарламасының iске асы-рылуына қаражат бөлiнуiмен байланысты.

Нақты дерек бойынша, 2014 жылы қаражаттарды уағда-ластырып орналастыру бағдарламалары шеңберiнде қаржыландырудың жалпы сомасы 104 766 млн. теңгеге (жоспардан 115%) 2 159 кәсiпкер (жоспардан 146%) қаржыландырылды.