Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын отчет Данияр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.78 Кб
Скачать

Кесте №1. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорының» қор құрылымы

3. ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН БАСҚАРУ

«Даму» Қоры бюджеттік қаржыландыру үлесін коммерциялық қаржыландыру пайдасына төмендетуге тырысады. «Даму»Қоры оңтайлы инвестиция портфелін және құнның артуы бойынша оның ұзақмерзімді басымдығына сәйкес келетін қорландыру құрылымын анықтайтын болады. Алға қойылған міндеттердің қаржыландырылуды қажетсінуінің тек бір бөлігі ғана «Даму» Қорының меншік қаражаты есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Осыған байланысты, қаржыландыру жүйесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін қаржы қаражатын келесі дерек көздерден:

1) Республикалық және жергілікті бюджеттен;

2) Жалғыз Акционер мен оның еншіліес/тәуелді компаниялары қаражатынан;

3) Шетелдік және ішкі капитал нарықтарынан;

4) Қордың меншік қаражатынан тартуды ойластырады.

Қор жоспарлы көрсеткіштер 2,2 млрд. теңге болған кезде, өзінің 2012 жылғы қаржылық қызметінің нәтижесінде 3,45 млрд. теңге таза кіріс алды. Таза кірістің жоспарланған көрсеткішінің орындалуы 156%-ды құрады (10-кесте). Негізгі және негізгі емес қызметтен жоспарланған 14,2 млрд. теңгенің орнына 14,17 млрд. теңге кіріс алынды.

Кіріс бойынша жоспар 100% орындалды. 2012 ж. Қордың жалпы шығыстары – 9,7 млрд. теңгені құрады, жоспар бойынша 11,5 млрд. теңге. Шығыс бойынша 1,76 млрд теңге немесе шамамен 15% қаражат үнемделді. Қор табыстары мен шығыстары бойынша жоспарланған жалпы көрсеткіштердің төмендеуі жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша орналастырылған сомалардың жоспар бойынша және мерзімінен бұрын өтелуіне және сәйкесінше несиегерлер алдындағы өз міндеттемелерінің мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты.

01.01.2013 ж. жағдай бойынша Қордың меншікті капиталы – 76,8 млрд. теңгені құрады. Есеп беру кезеңі ішінде меншікті капитал мөлшері алынған 3,45 млн. теңге таза пайданың есебінен және Қорды 28 млрд. теңге сомаға капиталдандыру есебінен 67%-ға артты.

2014 жылы ЕДБ мен ЛК-да қаражаттарды уағдаластырып орналастыру бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 104,7 млрд. теңге көлемiнде 2 159 қарызгер қаржыландырылған. 2014 жылы 31,4 млрд. теңге көлемiнде қаражаттардың қосымша орналастырылуы кәсiпкерлердiң ЕДБ мен ЛК арқылы қаржыландырылуының өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша қаражаттандыруға бөлiнген бюджеттiк қаражаттардың тапшылығы қалыптасуының нәтижесiнде, 2014 жылы жаңа шарттар жасау уақытша тоқтатылды.

Осыған орай, 2014 жылы сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру шарттарының саны 1 455 бiрлiктi құраған. Осы орайда несиелердiң жалпы сомасы 183,5 млрд. теңге көлемiнде болған, бұл 2014 жылы жобаларды қаражаттандыруға Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттар сомасының ұлғаюымен байланысты. Жалпы 27,4 млрд. теңге көлемiнде субсидиялар берiлген. 2014 жылы «БЖК 2020» бағдарламасына жедел-кепiл (көлемi азырақ, жедел сараптамамен) ұсыну тұрғысынан өзгерiстер енгiзiлуi нәтижесiнде, кепiлдендiру шартта-рының саны артты. 2014 жылы «БЖК 2020» бағдарлама-сы бойынша несиелердi кепiлдендiру шеңберiнде жалпы сомасы 7 млрд-тан астам теңге көлемiнде 148 шарт жасалды. Тұтастай алғанда кепілдік сомасы 3,3 млрд. теңгені кұрады

Қор 2005 жылдан бастап 2013 жылға дейін тіркелген ШОБ субъектілерінің саны екі есе өсті және 1,5 млн. бірлікті құрады.

ШОБ секторында жұмыс істейтін халықтың саны 1,4 есеге артты және 2013 ж. 2,6 млн астам адамды құрады.

ШОБ өнімдерін шығару қарастырылып отырған кезең ішінде 5,8 есе өсті және жылына 9 020 млрд. теңгені құрады.

Прямоугольник 1027

ШОК тіркелген субъектілері, мың бірл.

ШОК қамтылғандар, мың адам

ШОК жылына өнімді шығаруы, млрд. теңге (оң жақ осы)