Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын отчет Данияр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.78 Кб
Скачать

2. Қызмет көрсетуді ұйымдастыру және маркетинг

Қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі параметрлері, кіріс пен шығыс болжамы Қордың 2011–2015 жылдарға арналған Директорлар кеңесі 12.12.2011 ж. бекіткен Даму жоспарының негізіне салынған. Қордың 2011–2015 жылдарға арналған 27.07.2011 ж. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген Даму жоспары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйымдарының Даму жоспарын дайындау, келісу, бекіту, түзету, орындау және орындалуына мониторинг жүргізу ережелеріне сәйкес дайындалып, бекітілген.

Қаржы активтері бойынша сыйақының орташа есептік Корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі жанында келесі Комитеттер құрылды:

  • Аудит жөніндегі комитет;

  • Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет;

  • Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті.

Комитет жұмысының мақсаты «Даму» Қоры қызметінің жеке салаларын терең зерттеу және осы мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне кеңес беру болып табылады.

Аудит жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізудің тиімді жүйесін орнату, ішкі, сыртқы бақылау жүйелерінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне және тәуекелдердің басқарылуына бақылау жүргізу, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуы бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Басқарма мен Директорлар кеңесінің құрамына жоғары білікті мамандарды тарту; Жалғыз акционерге, Директорлар кеңесіне берілетін сыйақыларды белгілеу және Директоралар кеңесіне, Басқарма мен Корпоративтік хатшыға берілетін сыйақыларды белгілеу туралы ұсыныс дайындау мәселелері бойынша кепілдеме әзірлеу және беру мақсатында құрылған.

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті Қордың даму стратегиясын әзірлеу және оның іске асырылуына қатысты мәселелер бойынша кепілдеме мен ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ Директорлар кеңесіне «Даму» Қорының бюджеттеу және дивидендтік саясат жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Еліміздің экономикасын дамыту жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бойынша арнайы маркетингтік бағдарламалар іске асырылып жатыр:

1. Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

2. «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

3. «Даму - Көмек» бағдарламасы.

4. Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы.

5. «Даму - Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы.

6. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің лизингілік мәмілелерін екінші деңгейдегі банктер және Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы.

7. ШОКС аймақтық қаржыландыру бағдарламасы.

8. Шағын қалаларындағы Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын қаржыландыру бағдарламасы.

9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы.

10. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдардағы арналған бағдарламасы.

«Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелерін  Екінші деңгейдегі банктер және Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы»

Бағдарлама ҚР Үкіметінің 09.10.2009 ж. №1553 қаулысына сәйкес іске асырылады, «Стрестік активтер қоры» АҚ Бағдарламаның іске асырылуына Қорға 2,0 млрд. теңге сомасында кредит қаражатын бөлді. Қор Бағдарламаны іске асыру жөніндегі операторы болып табылады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингтік мәмілелері Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер және Лизингтік компаниялар арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаға келесі лизингтік компаниялар қатысады:

  1. «СК Лизинг СК» АҚ;

  2. «Leasing group» АҚ;

  3. «Темiрлизинг» АҚ;

  4. «Еуразиялық лизинг» АҚ;

  5. «Цесна Банк» АҚ

Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істеп жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (одан әрі- ШОКС) лизингтік мәмілелерін негізгі қаржыландыру шарттары:

  • ШОКС тек жаңа жобаларын (лизинг тік мәмілелерін ) қаржыландыру жүзеге асырылады;

  • ШОКС-тің Өңдеуші өнеркәсіптің келесі кіші салаларында жұмыс істеуге :

    • Тамақ өнімін шығару;

    • Сусын шығару;

    • Тоқыма өнімдерін шығару;

    • Киім шығару;

    • Былғары және соған жататын өнім шығару;

    • Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін шығару;

    • Сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйым жасап шығару;

    • Қағаз және қағаз өнімдерін шығару;

    • Баспа және жазылып алынған материал дарды жаңадан шығару;

    • Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;

    • Негізгі фармацевти калық өнімдер мен препарат тар шығару;

    • Рәзіңке және пластмасс адан жасалған бұйымдар шығару;

    • Металл емес өзге минерал өнімдерін шығару;

    • Машиналар мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін шығару;

    • Компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер шығару;

    • Электр жабдықтарын шығару;

    • Өзге санатқа жатқызылмаған машиналар мен жабдықтар шығару;

    • Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару;

    • Өзге авто көлік құралдарын шығару;

    • Жиһаз шығару;

    • Өзге дайын бұйымдар шығаруға бағытталған лизингтік мәмілелерін қаржыландыру .

  • лизинг мерзімі – 84 айға дейін;

  • сыйақының соңғы мөлшерлемесі - жылдығы 8,0% аспайды;

  • мәміле валютасы – теңге;

  • негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік мерзімі (лизинг затының құны ) –24 айға дейін;

  • ШОК субъектілеріне қаржы лизингі шарттары бойынша өз қаражаты есебінен аванстық төлем жасауына рұқсат етіледі;

  • Бағдарлама қаражаты есебінен бір ШОК субъект ісіне берілетін ең көп қаржыландыру лимиті айлық есептік көрсеткіштің 60 000 – еселенген мөлшерінен (одан әрі – АЕК) аспауы тиіс. Осы ретте ШОК субъектісінің аванстық төлем есебінен қаржы лизингі шартының жалпы сомасы АЕК 60 000 – еселенген мөлшерінен асуы мүмкін;

  • лизингтік мәмілелердің өзге талаптарын Әріптес банк/ Лизингтік компания өзі белгілейді.