Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын отчет Данияр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.78 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

2015 Жылдың 16 ақпан мен – 24 сәуір аралығында «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» ақ –нан диплом алды өндірістік іс - тәжірибеден өттім.

Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана калалық филиалына өндірістік тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, кәсіпкерлерге барынша ынғайлы кеңес беріп, субсидия бөлу және басқа да органдармен, субьекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:

  • корын қызметкерлерінің, мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, мәдениетті болу;

  • өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;

  • орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;

  • тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;

  • мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу.

Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберуі туралы үш жақты келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындауға тырыстым:

  • салық комитетінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға;

  • жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен орындалу сапасына жауап беруге;

  • бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға;

  • университет тапсырмасына сәйкес келетін қосымшалары мен тәжірибе нәтижесі туралы жазбаша есеп беруге.

Қазақстанда және оның аймақтарында кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды құралы болып «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы табылады. «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы ҚР Президенті Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өсім – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және 2020 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында жасалған.

«Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасының шегінде кәсіпкерлер қаржылық қолдау алып қана қоймай, сонымен қатар оқу бағдарламаларына қатыса отырып, шетел мамандандырылған кәсіпорындарында тәжірибе өте отырып, бизнесті жүргізу бойынша қызметтер ала отырып, өзінің біліктілігін арта алады.

Кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру және оларға қолдау көрсету мақсатында 2010 жылдан бастап «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы шегінде 4 бағытты «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» іске асыру жүргізіле бастады.

Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу құрылымы, экономикамызда алатын орны, мемлекеттің саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлімаралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері қарастырылған. «Даму» қоры сонымен бірге, орта және шағын кәсіпке қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді. Мәселен, «Бизнес-Кеңесші» «Даму-Көмек» бағдарламалары арқылы мүгедек кәсіпкерлерді қолдап отырады, осы бизнеске қатысты ағартушылық бағыттағы бастамалары да бар. Қандай да бір өнім өндірісіндегі, көлік және байланыс саласындағы, қызмет көрсету саласындағы қызықты жобалары бар кәсіпкерлер осы  инвестициялық қорларға барып, солармен бірге жұмыс істесе болады.

Мақсатым – жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған мағлұматтармен салыстырып, түйсігімде қалыптасқан қателіктерді түзете отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену.

1. «ДАМУ » КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.

Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

2007 жылдың соңынан бастап «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды (Қосымша №1).

Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды. Аталған бағдарлама экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн.

АҚШ долл. құрайтын барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба). Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді.

Қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар 2012 ж. «Даму» Қоры кәсіпкерлерді оқыту және оларға кеңес беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмысын жалғастырды. Нәтижесінде 2011 ж. бастап «БЖК 2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын «Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді тренинг-оқыту бағдарламасының аясындағы тыңдаушылар саны 32 961 адамды құрады.

«БЖК 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты 4-ші бағыттың басқа жобаларының аясында 420 кәсіпкер «Назарбаев Университеті» АҚ-да топ-менеджмент оқыту курстарынан өтті, 1 123 адам «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқытудан өтті, бизнес жүргізуде сервистік қолдау көрсету аясында 83 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Алматы, Шымкент қалаларында 2 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, моноқалаларда 12 Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (ары қарай – КҚО) ашылды, аудандық деңгейде кәсіпкерлер мен халыққа кеңес беру үшін 5 мобильді КҚО іске қосылды.

«Даму» Қорының негізгі мақсаттары:

1. Республикалық және жергілікті бюджеттен, шетелдік донорлардан, сондай-ақ «Даму» Қорының жеке қаражаты есебінен қаражат тарту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржыландырылу көлемін арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алға қойылатын негізгі міндеттер:

1) Әрекет етуші ШОК субъектілерінің және істерін бастап жатқан кәсіпкерлердің қаржылық ресурстарға қол жетімділігін арттыруға жәрдемдесу.

2) Аймақтардағы және салалардағы ШОК субъектілерін барынша қамту жолымен несие ресурстарының тиімді үйлестірілуін қамтамасыз ету.

2. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы кәсіпкерліктің қаржыландырылуының артуын ынталандыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер орындалатын болады:

1) «БЖК 2020» бағдарламасының 1–3 бағыттары шеңберінде қаржы агенті функцияларын тиімді орындау.

2) ШОК инновациялылығын, техникалық жарақталуын арттыруға ықпалдасу.

3. Халықтың кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған әлеуетті және іс барысындағы кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылай емес демеу көлемін арттыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алға қойылатын негізгі міндеттер:

1) «БЖК 2020» бағдарламасының 4-бағытының Операторы функцияларын сапалы орындау;

2) ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-сараптамалық кеңес беру қызметтерін ұсынатын қашықтықтағы құралдарды енгізу;

3) Қазақстанның бүкіл аймақтарында кәсіпкерлікке қаржылай емес демеу көрсету инфрақұрылымын дамыту;

4) ШОК секторының дамуына мониторинг және сараптамалық зерттеулер жүргізу.

4. «Даму» Қоры қызметінің тиімділігін арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер орындалатын болады:

1) Корпоративтік басқаруды жетілдіру.

2) Тиімді кадрлық саясатты жүргізу.

3) Аймақтарды дамыту, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, ұлттық дамыту институттары мен басқа ұйымдар арасында «бірыңғай терезе» мен байланыстырушы буын функцияларын орындау.

4) Активтерді тиімді басқару.

«Даму» қорының миссиясы – Қазақстандағы шағын және

орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу.

Сурет №1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бағыттары

Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету.