Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srsp_usynys_khat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.19 Кб
Скачать

9. Жағдаяттар бойынша ұсынысхат жазыңыз.

    1. Құрметті «Ардагер» супермаркеті!

«Беккер и К» компаниясы табиғи және жоғарғы сапада өнімдер шығарумен айналысады. Біздің компания нарықта 10 жыл бойы жетекші рөл алып келеді. Компания сіздерге шұжық және ірімшік, кондитерлік өнімдерін жоғары сапада ұсынады. Компания карамель, шоколад, ирис, мармелад, агар зефирі, печенье, вафли, қантсыз өнімдер, какао ұнтағы секілді кондитер өнімдерін ұсынады.

«Беккер и К» компаниясы республикалық байқауларда бірнеше рет женімпаз атағын алған.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы,Мақатаев көшесі 2а

Байланыс телефондары: 386-26-65, 397-73-28

«Беккер и К» компаниясы бас менеджері Қ.А.Әбілхасымов

    1. Құрметті Ерғали Бексұлтанович!

«ТенгизШеврон» компаниясындағы инженер лауазымына С.Тұраровты ұсынамын. С. Тұраров компанияда 7 жыл көлемінде адал жұмыс істеп келеді. Ол талантты, жауапкершілікті, өз жұмысының шебері және бұл лауазымға лайықты.

«ТенгизШеврон» компаниясының менеджері О.Р. Сабырова

3. Құрметті «Тұран» ЖШС-нің менеджері

«Жерұйық» мейрамханасы қала бойынша танымал мейрамханалардың бірі. Мейрамхана өз меймандарын дәмді тағамдармен, жайлы орындармен, көңілді әуенмен таң қалдырып келеді. Сонымен қатар үйге тапсырыстар және жұмыс орнына тасымалдау қызметтерін ұсынамыз. Сондай-ақ біз сіздерге 10 % жеңілдіктер ұсынамыз.

«Жерұйық» мейрамханасының С.М. Әуезов

бас менеджері

10. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұсынысхат қандай жағдайда жазылады?

2.Оның құрылымы қандай?

3.Ұсынысхаттың басқа қызметтік хаттардан айырмашылығы?

Сұрақтарға жауап:

  1. Ұсынысхат белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесін арттыру мақсатында жазылады.

  2. Ең бірінші кімге екені немесе лауазымды тұлғаның толық аты-жөні жазылады. Азат жолдан ұсынысхаттың мәтіні жазылады. Соңында ұсынысхатты жіберушінің аты-жөні жазылады.

  3. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]