Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
srsp_usynys_khat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.19 Кб
Скачать

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ұсыныс хат

Орындаған: 321-топ студенті,

Қабылқаев А.

Қабылдаған: Кульманова М.Н.

Алматы-2015

1. Ұсынысхат үлгілерімен танысыңыздар: Құрметті ..............................

«БТА Инкассация» ЖШС қарауындағы жұмысшылар саны 500 адамнан асатын, ал жарғылық қоры – 300 миллион теңгені құрайтын ірі бизнес субъектісі болып табылады. «БТА Инкассация» ЖШС-ның құрамында Алматы қаласында орналасқан Бас офисі, Ұшу инкассациясының басқармасы, Қалалық Инкассация басқармасы және ҚР-ның барлық облыстарындағы ірі және шағын қалаларда, сондай-ақ, аудан орталықтарында қазіргі уақытта инкассация қызметін көрсететін 15 бөлімшесі бар.

«БТА Инкассация» ЖШС-ның материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына толық сай келеді (байланыс құралдары, қару-жарақ, амунация (каскалар, броножилеттер) және т.б.). Бағалы заттарды тасымалдау арнайы автокөлікпен жүзеге асырылады (брондалған автомобильдер). 2007 жылдың мамыр айынан бастап жеке ұйым болып қызмет еткен жылдары инкассация қызметі инкассациялық қызмет көрсетуден көпжылдық тәжірибе жинады және өзінің клиенттерінің сенімін ақтады.

«БТА Инкассация» ЖШС клиенттерімен жұмысында басты назарды мыналарға аударады:

  • сапалы қызмет көрсету және Қазақстанның барлық аймақтарына қызметін ұсыну;

  • сенімділікті, құпиялықты және қызмет көрсетуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • клиенттердің бағалы заттарын тасымалдауда міндетті түрде сақтандыру жүргізу.

«БТА Инкассация" ЖШС іс-әрекетін ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясымен жүргізеді(2007 жылдың 10мамырдағы ҚР Ұлттық Банкінің №5 лицензиясы).

Заңды мекен-жайы: ҚР, 050091, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Б.Момышұлы көшесі, 26, 103-бөлме.

Телефон: (3272) 590-215

Факс: (3272) 724-928

2. Хаттың құрылымын анықтаңыз, бөліктерге бөліңіз.

1. Ақпарат беру, ұсыныс түрін хабарлау

2. Қызмет түрімен таныстыру, мүмкіндіктерімен таныстыру

3. Тыңдаушы назарын аудару

4. Сендіру құралдары

5. Мекенжайын хабарлау

3. Құрметті Меценаттар клубы мүшелері!

2006 жылғы «Тарлан» сыйлығын білімді, талантты өнер иесі Батырхан Шөкеновке беруді ұсынамыз. Оның тамаша шығармаларын халық сүйеді.Ұлттық тарихты, танымды бейнелейтін «Отан-ана» әні жас ұрпақтың жүрегінен орын алды.

Ізгі ниетпен «Қазақконцерт» ұжымы

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұсынысхат мазмұны не туралы?

2.Ұсынысхатты кім жазған?

Жауабы:

  1. Ұсынысхат «Қазақконцерт» ұжымының 2006 жылғы «Тарлан» сыйлығын білімді, талантты өнер иесі Батырхан Шөкеновке беруді ұсынатыны жайында жазылған.

  2. Ұсынысхатты «Қазақконцерт» ұжымы жазған.

4. Ардақты Меценаттар клубы мүшелері!

2007жылғы «Тарлан» сыйлығына С.Нарымбетовты ұсынамыз. Оның Қазақстан киноматографиясын дамытуда қосқан үлесі зор. Оның жазған сценарийлері бойынша белгілі фильмдер түсірілді, елімізді әлемге танымал етті. С.Нарымбетов білікті маман, жанашыр азамат. Оның «Тарлан» сыйлығының иегері болатынына сенеміз.

Ізгі ниетпен «Қазақфильм» ұжымы

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұсынысхат кімнің атына жазылған?

2.С.Нарымбетовты «Тарлан» сыйлығына не үшін ұсынған?

Жауабы:

  1. Ұсынысхат Меценаттар клубы мүшелеріне жазылған.

  2. С.Нарымбетовты «Тарлан» сыйлығына Қазақстан киноматографиясын дамытуда қосқан үлесінің зор болғандығы, оның жазған сценарийлері бойынша белгілі фильмдер түсіріліп , елімізді әлемге танымал еткені үшін ұсынған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]