Телефонограмма
№180 Электр участогіне
Қаңтар айының 6-нан бастап 8-не дейін сіздердің үйлеріңізде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.
Осы мәліметті участок қызметкерлері № 25,26, 27, 28 тұрғын үй тұрғындарына жеткізулеріңізді сұраймын.
Қол қойған: ЭЭС бастығы Жайдарханов А.
Жіберуші: Қалиева З. тел. 263-45-89
Қаңтардың 2-сі, 2014 жыл, сағ. 15:45-те
13-мәселе Құжаттар туралы мәліметті толтырыңыз.
Бұл телефонограмма.
№ 180 электр участогіне ЭЭС бастығы Жайдархановтан жіберілді.
Энергия беруді тоқтату туралы ақпарат берілді.
Қол қойған: ЭЭС бастығы Жайдарханов А.
Жіберуші: Қалиева З. тел. 263-45-89
Қаңтардың 2-сі, 2014 жыл, сағ. 15:45-те
14-мәселе Мына құжатты аударыңыз.
Телефонограмма
"Талдықорған қаласының радиохабар дирекциясына — радиотарап директоры Алдабердиевке.
Осы жылдың 3 мамыры күні қала әкімшілігінің кіші залында әкімшілік басшысының орынбасары Жеңістің 55-жылдығына арналған мерейтойдың ұйымдастырылуына байланысты жиналыс өткізеді.
Іс-шараның өткізілетін орнынан радиохабар мәселесін ұйымдастыратын өкілді жіберуіңізді сұраймын.
Жиналыстың басталуы- сағат 15:00-де. Ғимаратқа кіру- жеке басын куәландыратын құжатпен ғана жүзеге асырылады. Өкілдің аты-жөнін мына телефон нөмеріне 4-42-03, сағат 18:00-ге дейін хабарлауыңызды сұраймын.
Қол қойған: әкімшілік басшысының көмекшісі Акимжанов, анықтама үшін байланыс телефоны 4-12-01.
30 сәуір 2000ж.
15-мәселе Мына құжаттың мәтінін тиісті орнына жазыңыз.
Мәжілісі болады, сіздің, қатысатын, жіберулеріңізді, көрмесі, ұйымнан, мәжіліске, өкіл, ұйымдастырушы, осы, сұраймыз, «информатика-2001», комитетінің.
HighTech компаниясының директоры Бейсембинге
Ақпанның 8-і күні программистердің кезекті мәжілісі болады. Сіздің компанияңыздың атынан қатысатын қызметкерлерді осы айдың 8-і күні жіберулеріңізді сұраймыз. Мәжілістен кейін «Информатика-2001» көрмесі өтеді. Осы мәжіліске біздің ұйымнан бірнеше өкіл қатысады. Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ақпараттық технологиялар комитеті.
Қол қойған: ҚР Ақпараттық технологиялар комитетінің бастығы Серіков А
Жіберуші: Алмағанбетова Қ. Тел. 356-48-79
Қаңтардың 26-сы, 2001 жыл, сағ. 19-да.
16-мәселе мына телефонхатқа мәтін құрастырыңыз.
Телефонхат
00.00.00 10 : 30
«Вист» АҚ директоры
А.И. Рогозинге
т. 148-19-25
17-ші маусым күні SoftProgram көрмесі өтеді. Осы көрмеге сіздің компанияңыздан 35 үстел дайындап беруіңізді сұраймын.
Жіберуші: Салпыков П.
Қабылдаушы: Меркова Л.
Мамырдың 29-ы, 2014 жыл, сағ. 10:32-де.
17-мәселе Факс, жеделхат, электронды почта, телефонограмма туралы толық мәліметтерін жинақтап, баяндап беріңіз.
Факс, факсимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы. Факс телефон арналары арқылы графикалық мәліметтерді: мәтінді, кестені, сызбаларды, графиктерді, фотосуреттерд, т.б. жөнелту, тасымалдау, жеткізу жұмыстарын атқарады. Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады. Факстың стандартты мәлімет тасымалдау жылд. 4800—9600 бит/с шамасында болады.
Жеделхат (телетайпхаттар) – ақпарат беру әдісі (телеграф) жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Жеделхаттың ішінде мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, апат); мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымының байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, күні.
Жеделхатта сондай-қ тапсырылғанын ескертетін, талап ету бойынша алатын, қабылдаушының өз қолынан тапсырылатын, жеткізіліп берілетін, жауабына ақысы төленген түрлерде де болады.
Жеделхаттар мен телетайптар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады, олар жоқ болса, қажет пішімдегі жай қағазға толтырылады. Жеделхаттың екінші данасы (көшірмесі) ұйымның іс қағаздарында сақталады.
Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі түрлері болмаса, сандар сөзбен жазылады. Мәтін қысқа, жинақылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс. Екіұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: НКТ-нүкте, ҮТ-үтір, ҚТ-қос нүкте, ТР-тырнақша, НР-нөмір.
Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
Телефонограмма – телефон я радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат.
Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз.
Телефонограмма мынадай деректемелерді қамтиды:
кәсіпорынның атауы
құжат түрі
қабылдаушы
күні
индексі
мәтіні
қолы
жіберілу уақыты туралы белгі,
телефонограмманы қабылдаған және жәберген адамның лауазымы мен аты-жөні.
Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша берілсе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмерлері қоса беріледі
18-мәселе Мына жағдаяттарды қайда жіберуге болады.
1-жағдаят
Италия мемлекетіне оқуға бару керек болатын, алайда оның бір құжаты аяқталмай қалды. Ал оның билеті алынып қойған.
Тиісті құзырлы органдарға жеделхат, телефонограмма жіберу арқылы мәселені шешу керек.
2-жағдаят
Шет мемлекетте жүрген студент қатты науқастанып қалды. Оның еліне хабарласу үшін қалай хабарласады?
Сол елдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің көмегіне жүгінуі тиісті(жеделхат, телефонограмма арқылы.)
