Біз өз елімізді мақтан тұтамыз
ЕҚЫҰ саммиті әлем тарихына кең түрдегі еуразиялық диалог пен ынтымақтастықтың бастауы ретінде енеді. Бұл оқиғаны Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің мойындалуы деп қабылдаймыз.
Біз өз елімізді, оның жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Бұл оқиға біздің халқымыздың ынтымағын арттыра түседі.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл — біздің Елбасымыздың табысы! Бұл — барша қазақстандықтардың табысы!
Құттықтаймыз!
Халықтық-демократиялық «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының саяси кеңесі.
6-мәселе Құрбыңызға оқудың кеш басталатынын хабарлап жеделхат жіберіңіз.
Жеделхат
Алматы қаласы
Сейфуллин көшесі 14/8
Алишер Көсембаевқа
Сабақ 1 қыркүйек күні белгілі бір себептермен болмайды. 6 қыркүйектен бастап сабаққа келеміз.
Алматы қаласы
Фурманов көшесі 176/9
Қасым Сейтқазыдан
7-мәселе Мына мекенжайға жеделхат жолдаңыз.
250000, Украина,
Г. Киев, Почтовая пл, дом 18,кв44
Осы айдың 28-не дейін соңғы 6 айдың есеп-шоттарын жіберуіңізді сұраймыз.
250000, Украина
УкраинЭнерго
г. Харковь, Ленинградская 18/2
8-мәселе жеделхатта мына сөздерді қолдануға бола ма?
Тез арада, жеделдетіңіз, жедел, қалай да т.б.
"Тез арада", "жеделдетіңіз", "жедел", "қалай да " сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ, себебі сіздін жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп түр.
9-мәселе Жеделхат туралы мәліметтің дұрыс бұрыстығын анықтаңыз.
Дұрыс:
- Жеделхат мәтіні дәл, анық болуы керек;
- кейбір сөздерді қысқартып жазуға болмайды;
- цифрлар жазбаша беріледі;
- ешбір түзетулер болмағаны жөн;
Бұрыс:
- мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылады.
10-мәселе мына сұрақтарға жауап беріңіз
Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы неде?
Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып алады.
Телефонограммамен жұмыс істейтін маман қандай болуы тиіс.
Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту қабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қағаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.
Телефонограмма неше бөліктен тұрады?
"Телефонограммалар журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберліген телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады.
11-мәселе телефонограмманың құрылымын жазыңыз.
Телефонограмма құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Телефонограмма құрылымына:
- адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы көрсетілмейді.
- негізгі мәтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем)
- жіберушінің аты-жөні
- ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, телефонограмма жіберілген телефонның нөмірі.
12-мәселе Мына үлгіге қарап телефонограмма жазыңыз.
үлгі
№ 4 завод өндіріс бөлімінің бастығы Сардаровқа
Желтоқсанның 23-і күні сағат таңертеңгі 9-дан 16-ға дейін өндіріс цехы мен заводқа қарасты № 3,4,6,7 тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылады. Осы мәліметті завод әкімшілігі мен № 3,4,6,7 тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.
Қол қойған: № Тэц бастығы Кеңесов С.
Жіберуші: Бейсенбаева Г. Тел. 40-50-86
Желтоқсанның 22-сі, 1999 жыл,сағ.16-да
