01_01_04_Внутренние болезни_каз
$$$001
Науқас 21 жаста. Бетіндегі бөртпелерге, шашының түсуіне, айқын әлсіздікке, ауыз қуысындағы жараларға, дене температурасының 38,80С жоғарылауына, кейде мұрыннан қан кетуге шағымданады. Объективті: мұрын, бет аймағында эритематозды бөртпелер, ернінде ойық жаралар. ЖҚА: Нв - 90 г/л, эритр. - 3,4*1012г/л, лейк.- 3,8*109/л, ЭТЖ- 36 мм/сағ. РФ- 15,4 IU/ml, СРБ - 2,4 мг/л, ЖЗА: белок - 0,4, лейк. - 1-2 көру алаңында, эритр.- 0-1-2 көру алаңында. Антинуклеарлы антиденелер- 4,83 пг/мл (қалыпты 0,9 кем); денатурирленген ДНҚ антиденелер - 200 МЕ/мл жоғары (25 МЕ/мл кем). Төмендегі дианоздардың қайсысы неғұрлым болжамды:
A) Дерматомиозит
B) Такаясу ауруы
C) Шегрен ауруы
D) Жүйелі склеродермия
E) Жүйелі қызыл жегі
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Ревматология: Нац. рук-во / ред.Насонов Е.Л.; ред Насонова В.А. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007, 2008. - 720 с.)ә
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
Ревматоидты артритте буын ішіне глюкокортикоидтарды енгізуге көрсеткіш болып табылады:
A) Буындардың ауырсынуы
B) Буын саңылауының тарылуы
C) Моноартрит синовитпен
D) Екінші ретті остеоартроз
E) Буын маңындағы тіндердің зақымдануы
{Дұрыс жауап} = С
{Қиындығы} = 2
{Оқулық} = (Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008г. – 832с.; Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Т. 1-10. М., Мед., 2010г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
$$$004
Науқаста көп жылдар бойы кезеңдік бұлшықет әлсіздігі, миалгия, бетінде, қолында эритематозды бөртпеллер байқалады. Қанында миозит спецификалық антиденелер табылады. Науқастық болжам диагнозы:
A) ревматоидты артрит
B) жедел ревматизмдік қызба
C) созылмалы дерматомиозит
D) деформациялық остеоартроз
E) созылмалы жайылмалы қызыл жиегі
{Дұрыс жауап} = С
{Қиындығы} = 3
{Оқулық} = (Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство для врачей / В.С.Моисеев. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008г. – 832с.; Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов. Т. 1-10. М., Мед., 2010г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
$$$005
38 жастағы науқаста кей кезде АҚ 200/120 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы анықталады. Анамнезінен: жүктілік кезінде мерзімінен бұрын босанып, өлі ұрықпен аяқталған ауыр нефропатия. 30 жасында ишемиялық инсультты басынан өткерген. Қарағанда: торлы ливедо, АҚ 180/110 мм сын.бағ. Зерттегенде-аздаған зәр тұнбасы бар протеинурия 0,23 г/л, антикардиолипді антиденелер 34,1 МЕ (қалыпты 23 МЕ дейін). Төмендегі дианоздардың қайсысы неғұрлым болжамды?
A) Түйінді полиартериит
B) Созылмалы гломерулонефрит
C) Криоглобулинемиялық вакулит
D) Біріншілік антифософолипидті синдром
E) Екіншілік антифософолипидті синдром
{Дұрыс жуауп} = D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Ревматология: Нац. рук-во / ред.Насонов Е.Л.; ред Насонова В.А. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007, 2008. - 720 с.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
39 жасар науқас «бетінің маска тәрізділенуіне», қол басы маңы терісінің қатаюына, саусақтарының қысқаруына, дисфагия, жиі бас айналуға, олигоурияға шағымданады. Сырқаттанғанына 2 жыл, суықтанумен байланыстырады. Соңғы аптада жағдайының нашарлап, АҚ 220/100 мм сын.бағ. жоғарылауымен, бел аймағында ауырсынулар, аяғында массивті ісінулер пайда болған. Қан анализінде: Нв - 82 г/л, эритр. - 3,1*1012г/л, лейк.- 3,8*109/л, ЭТЖ- 45 мм/сағ. Зәр анализінде: оксипролин экскрециясының жоғарылауы, белок- 1,65г/л. Эр – 8-10, цил-5-6. Биохимиялық сынамада: креатинин 283 ммоль/л, несепнәр 18,9 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л. Осы жағдайда науқастың жағдайының ауырлауын немен түсіндіруге болады:
A) Шынайы склеродермиялық бүйректің туындауы
B) Жегілік нефриттің туындауы
C) Созылмалы пиелонефриттің өршуі
D) Гемолитико-уремиялық синдромның дамуы
E) Бүйрек артериясының тромбозы туындады
{Дұрыс жуауп} = А
{Күрделілігі}=3
01_01_04_ каз
Терапия 01
Тақырыбы «Ішкі аурулар» 01
Тақырып ішілік «Ревматология» 04_
$$$001
Жүректің ревматизмдің ауруы, стеноз басымдылығымен жұптасқан митральді ақау, ЖШ ФКII (NYHA) диагнозымен ем қабылдап жатқан науқаста кенеттен тұншығу, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Обьективті: ортопноэ, ТАЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды майда көпіршікті ылғалды сырылдар, ЖСЖ 120 рет мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқыну:
A) Үлкен қан айналым шеңберіндегі іркіліс
B) Өкпе шемені
C) Бронхоспазм
D) Коронар тамырларының түйілуі
E) Ми сауыты ішілік қысымның жоғарылауы
{Дұрыс жауабы}=В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Национальное руководство. Ревматология. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой. Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм» сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:1280. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек:
A) Азатиоприн
B) Преднизолон
C) Ритуксимаб
D) Сульфасалазин
E) Метотрексат
{Дұрыс жауабы}=С
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под ред.Е.Л. Насонова. М.:2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
24 жасар науқаста сол тізе, тобық буындарының ауыруы, ісінуі, қозғалысының шектелуі; дене қызуының 38С дейін көтерілуі, кіші дәретінің ауырсынумен бөлінуі байқалады. Обьективті: сол тізе, тобық буындары ісіңкі, сипағанда ыстық, ауырсынады; оң өкше сүйегі мен сіңірі де ауырсынады. Қан анализінде : Нв-130 г/л, эр-3,8 млн., лейк-10 мың., ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). РФ латекс тестпен 1:10. Осы жағдайда емдеуге қажет дәрмек:
A) алтын дәрмегі
B) Қабынуға қарсы дәрмек
C) Цитостатик
D) Макролид тобының антибиотигі
E) хинолинді дәрмек
{Дұрыс жауабы}=D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том-2. Москва. Мед.литература. 2010.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
01_01_04_ каз
Терапия 01
Тема «Ішкі аурулар» 01
Тақырып ішілік «Ревматология» 04_
$$$001
30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінің ауыруы, бұлшық ет әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, жоғарғы қабақтарында эритемалық бөртпе, дауысының қарлығуы, дисфагия анықталды. Обьективті: аяғын сүйреп басады, қабақтары ісіңкі, жоғарғы қабағында, мұрын қанаттарында, «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер анықталды. Иық, сан бұлшық еттерін сипағанда ауырсынады, қолды жоғары көтеруі қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 мин. Қан анализінде: эр. 4,5 млн., Нв110 г/л, лейк.7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін арнайы және сезімталдылығы жоғары тексерулерді көрсетіңіз:
A) КФК, КФК БЕ фракциясының, ЛДГ деңгейінің артуы
B) ЭТЖ жоғарылауы
C) қос спиральді ДНҚ антидененің артуы
D) ревматоидты фактор титрінің жоғарылауы
E) лейкоцитоз
{Дұрыс жауабы}=А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Национальное руководство. Ревматология. Под ред. Е.Л.Насонова, В.А.Насоновой. Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$002
16 жастағы науқасты ірі буындарының ауыруы, субфебрильді температура мазалайды. Басының ауыруы, айналуы, көз көруінің күрт нашарлауы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі қосылды. Об-ті: жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық тыңдау нүктелерінде мойын тамырларына, құрсақтық аортаға таралатын систолалық шу естіледі. Сол жақ білезік артериясында пульс әлсіз, АҚ оң қолында 230/130 мм.сын.бағ., сол қолында 150/130 мм.сын.бағ., аяқтарында 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгеруі. Осы жағдайда тағайындаған дұрыс:
А) Қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектерді
В) Цитостатиктерді
С) Антикоагулянттарды
D) Аминохинолин туындыларын
Е) Кортикостероидтарды
{Дұрыс жауабы}=E
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Клинические рекомендации. Ревматология. Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінің және жамбас-сан буындарының күшті ауыруына шағымданды. Рентгендік зерттеуде сегізкөз-мықын қосындыларының жіктерінің тарылуы мен контурларының біркелкі еместігі анықталды. Ең тиімді емдік тактьика:
A) преднизолон + метотрексат
B) преднизолон + диклофенак
C) ритуксимаб + метотрексат
D) алтын дәрмектері + ҚҚСЕД
E) циклоспорин + преднизолон
{Дұрыс жауабы}=C
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Том-2. Москва. Мед.литература. 2010г.)
{Курс}=7
{Семестр}=14
