Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01_01_04 каз ревм.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.4 Кб
Скачать

01_01_04 Каз Ревматология 1 вариант

$$$001

Сіздің қарауыңызда соңғы айдың ішінде болған қызбаға шағымданған жас жігіт. Ол осы уақыт аралығында 8 кг-ға арықтаған, диарея (тәулігіне 2-6 рет) болған. Тексеріп қарау кезінде бұғана асты, шат пен қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы анықталған. Бұл жағдайда ең алдымен қандай ауруды болжауға болады?

A) Созылмалы дизентерия

B) Крон ауруы

C) Сепсис

D) АИВТ-жұқпасы

E) Уиппл ауруы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

36 жастағы әйел білек буындарында ісіну мен ауыру сезімінің болуына, қолындағы әлсіздік пен қатты ауыруға, саусақтарын қыса алмауға және онымен бір нәрсені ұстап тұра алмауға, кешкі мезгілде болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың оның буындарына дипроспан салуы ауруды тез арада жеңілдетті. Келесі күні науқастың буыны қатты ісініп, қызарып, тартып ауыруы пайда болып, температурасы көтерілді. Жалпы қан анализі: Л- 12*109/л, п/я – 10%, с/я 60%, ЭТЖ – сағатына 34 мм. Егер буындардың пункциясын жасап, синовиалдық сұйықтықты тексергенде қандай нәтиже болуы мүмкін?

A) Ашық түсті тұтқыр сұйықтық, 10-20 мың/мм3 нейтрофильді цитоз

B) Ашық түсті тұтқыр сұйықтық, 50 мың/мм3 нейтрофильді цитоз

C) Бұлыңғыр түсті тұтқыр сұйықтық, 50-100 мың/мм3 нейтрофильді цитоз

D) Бұлыңғыр түсті тұтқыр сұйықтық, 20-50 мың/мм3 лимфоцитарлы

E) Ашық түсті бұлыңғырлау сұйықтық, сары кристалдар

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

44 жастағы науқас білек, алақан-бақай сүйегі буындарының ауыруы мен ісінуіне, омыртқаның кеуде және бел аумағының ауыруы мен қозғалысының бөгелушілігіне, қол саусақтары мен аяқтың ұюына («әлсіз аяқ»), парестезия мен тахикардияның болуына, тершеңдікке, синкопе көріністеріне және дене салмағының 2 айдың ішінде 8 кг-ға төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: 2 жыл бұрын кеуде-қабырға буындасулары ісініп ауырған. Буындардың Р-графиясы буын маңы остеопорозы, субхондралды склероз бар екендігін көрсеткен. ЖҚА: лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ - сағатына 22 мм. РФ – оң, РХ және РА – теріс (5 дипроспан еккеннен кейін). Науқасқа төменде көрсетілген тексерулердің қайсысын міндетті түрде жүргізу керек?

A) РПГА, ИФА, бруцеллезге АСЛ

B) С және В гепатиттерінің маркерлеріне ИФА

C) Екі спиарлды ДНК-ға антидене

D)Антицитруллиндік антидене

E)Антистрептолизин-О

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

Білезік, тізе, қолбасының және табанның симметриялы деструктивті полиартриті (II-III рентген кезеңі) бар науқаста гепатоспленомегалия, ентігу, аяғындағы гиперпигментациямен аяқталатын ұсақнүктелі қышу сезімсіз дақтар пайда болды. Кеуде Р-графиясында: өкпе тамыры кеңейген,фибрознды компонент әсерінен өкпе суреті күшейген. ЖҚА: Л- 2,2 *109/л, нейтрофилдер 50%. ЭТЖ 65 мм/сағ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

A) РА бар науқаста метотрексат қабылдаудан бамыған асқыну

B) РА менкриоглобулинемиялықваскулит

C) Қарамақайшы синдром РА және ЖҚЖ

D) Жүйелі қызыл жегі

E) РА, Фелтисиндромы

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Ревматология. Национальное руководство. Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

44 жастағы науқас саусақ, иық, шынтақ және тізе буындарының қимылының нашарлауы мен ауыруына, күннің астында болғаннан кейін пайда болған терінің ашық жерлеріндегі қызаруларына шағымданады. Объективті тексеріп қарау кезінде: жақ сүйегі мен мұрын терісінде - эритематозды дерматит, аяқтарда, бетінде ісіктер, жүрек тондары бәсең, жүрек ұшында – систоликалық шу, АҚҚ - 140/90 мм. рт.ст. Жалпы қан анализі: Эр - 2,1, Нв - 90 г/л, ЭТЖ - сағатына 40 мм; Жалпы зәр анализі: 2,88 г/л, Л- 7-8 в п/з, Эр-10-12 в п/з, гиалиндік цилиндрлер - 3-4 в п\з; тәуліктік протеинурия -3,58г, қандағы креатинин - 130,0 мкмоль/л, клубочковая фильтрация -72,0 мл/мин. Қандай ем тиімді?

А) тамыр ішіне 1500 митипредпен жүргізілетін пульс-терапия

B) тәулігіне 120 мг прелнизолон, тәулігіне 200 мг делагил

C) аптасына 600 мг циклофосфамид, тәулігіне 60 мг преднизолон

D) плазмаферезбен бірге тәулігіне 120 мг

E) тамыр ішіне 500 мг митипредпен және тамыр ішіне 600 мг циклофосфамидпен жүргізілетін пульс-терапия

{Дұрыс жауап}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

21 жастағы науқас қол мен аяқ бұлшық еттерінің айқын білінетін әлсіздігіне (науқас жүре алмайды), тыныс алудың қиындауына шағымданады. Тамақ ішу мен киінуге көмекті қажет етеді. Проксималды фалангаралық буындардың үстіндегі теріде экзематозды өзгеріс байқалады. КФК деңгейінің нормадан 80 есеге жоғары екендігі, антинуклеарлық анти дене анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді?

A) Циклофосфамид 600 мг/нед мен плазмаферез

B) тәулігінеплазмаферезбен бірге 50 мг преднизолон

C) аптасына 600 мг циклофосфамид + тәулігіне 60 мг преднизолон

D) тәулігіне парентералды түрде 100 мг преднизолон + аптасына 7,5 мг метотрексат

E) тамыр ішіне тамшылату арқылы 600 г циклофосфамидпен және 500 мг метипредпен жүргізілетін пульс-терапия

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)

{Курс}=7

{Семестр}=14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]