01_01_04 Каз Ревматология 1 вариант
$$$002
20 жастағы студент қыз. Оқуының соңғы жылында Чех елінде білім алған. Сонда болған жылы көктемде студенттермен бірге туристік жорыққа шыққанда жабысқан кенені өзі жұлып алып тастаған. Демалыс кезінде Қазақстандағы үйіне келгенде кешкі уақыттарда субфебрилитет, тізе буындарында сыздаған ауыру пайда болған. Кейіннен буындары ісініп, локалды температура, ауыруға байланысты қозғалыстың шектелуі пайда болған. Рентген суретінде: буын маңының остеопорозы, буын тесігінің тарылуы. Науқаста кене шаққаннан кейін және буын синдромы басталғанға дейін аталған аурудың қандай тері көрінісі пайда болуы мүмкін?
A) Аяқтағы папулезді бөртпе
B) Сақина тәрізді шашыранды эритема
C) Геморрагиялық бөртпе
D) Кене шаққан орындағы макулезді-папулезді бөртпе
E) Кене шаққан орында жайылған қызыл түсті бөртпе
{Дұрыс жауап}=B
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$003
50 жастағы ер адам ірі буындардағы ауыспалы ауыру сезіміне және балтыр-табан буындарының ісінуі мен ондағы ауырудың болуына шағымданады. Ауырудың пайда болғанына 2 ай болғандығын айтады. 2 апта бұрын осы аталған буындардың аумағында майда дақты эритематозды бөртпе пайда болған. Буындардың рентгенографиясын жасағанда патология анықталмаған. Жалпы қан анализі – ерекшеліксіз. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, зәр қышқылы – 320 мкмоль/л, АЛТ – 62 МЕ/мл, АСТ 42 МЕ/мл, билирубин 22 мкмоль/л. РФ - оң, АНА - теріс. Науқасқа төменде көрсетілген анализдердің қайсысын міндетті түрде жүргізу қажет?
A) С және В гепатиттерінің маркерлеріне ИФА
B) В19 парвовирустарына антидене IgMИФА
C) Екі спиралды ДНК-ға антидене
D)Антицитруллиндік антидене
E)Антистрептолизин-О
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$004
24 жасар әйел тамағының ауруына, дене қызуының39,6º дейін көтерілуіне, түстен кейінгі қалтыраумен, қатты терлеумен жүретін дене қызуының төмендеуіне; қызбаның ең жоғарғы белгісінде ашық-қызғылт эритематозды бөртпенің пайда болуына шағымданады.Дәрігер цефазолинтағайындады, бірақ әсері болған жоқ. Жағдайы одан сайын нашарлады- артралгия ( білезік, тізе) пайда болды. Аурудың 3 аптасында кардит пен полисерозит белгілері пайда болды. РФ – теріс, ферритин – айқвн оң.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
A) Шарп синдромы
B) Бехчетауруы
C) Ювенильдыполиартрит
D) Жүйелі қызыл жегі
E) Ересектердің Стилл синдромы
{Дұрыс жауап}=E
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$005
35 жастағы науқас дене температурасының қалтыраусыз 38-40-қа дейін көтерілуімен болатын қызбаға және тердің шығуына, екі жыл бойына шынтақ, білек, саусақтың майда буындарының ісінуі мен ондағы қимылдың шектелуіне және ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне (6 айдың ішінде 7 кг-ға) шағымданады. Объективті тексеру: полилимфоденит, гепатоспленомегалия. Буындар р-граммасы – эпифизарлық остеопороз, буын тесіктерінің тарылуы. Жалпы қан анализі:Л-3,6x10 9/л,с/я -35%, лимфоциттер -53%, ЭТЖ – сағатына 44мм. Зәр талдауы - 1010, белок жоқ, Эр-1-2 көру аймағында.СРБ – резко положительный, фибриноген 5,9г/л. Ревматоидты фактор – оң,АНА- р/положительные. Қандай ем тиімді болып табылады?
А) Тәулігіне 3 г сульфазалозин
B) Тәулігіне 20 мг преднизолон
C) Тәулігіне 60 мг преднизолон
D) Тәулігіне 120 мг преднизолон
E) Аптасына 600 мг циклофосфан
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
$$$006
65 жастағы науқасты 3 жылдан бері жүйелі склеродермиядан зардап шегеді.Осы ауруы бойынша тәулігіне 30 мг преднизолон қабылдаған. Соңғы аптада АҚҚ-ң 180/110 мм рт.ст дейін көтерілуі байқалған. Жалпы зәр анализі: белок - 0.86 г/л, эритроциттер- 3-4 в поле зрения: қан креатинині – 180,0 мкмоль/л, клубочковая фильтрация – 72,0 мл/мин. ІІІ РНК-полимеразға анти дене анықталған. Бұл науқастың жағдайында қандай болжам жасауға болады?
A) преднизолонды триамциналонмен ауыстырған кезде -жағдайының жақсаруы
B) преднизолон мөлшерін төмендетіп метотрексатты тағаындаған кезде -жағдайының жақсаруы
C) науқаста жыл бойына терминалды бүйрек жеткіліксіздігі дамиды
D) науқаста жарты жыл бойына терминалды бүйрек жеткіліксіздігі дамиды
E) преднизолонды қабылдауды тоқтатыпмоноприл және Д-пеницилламинді тағайындаған кезде – жағдайының жақсаруы
{Дұрыс жауап}=E
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Ревматология. Национальное руководство Под ред.Е.Л. Насонова. М.: 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
