Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01_01_03 каз кард.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93 Кб
Скачать

01_01_03 Каз Кардиология вариант 1

$$$001

Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады:

A) Бұрын өткерген қақпақшалардың протезденуі

B) Регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы

C) Өкпе артерияларының эмболиясы

D) Науқас тамырішілік нашақор

E) 38ºС –тан жоғары қызба

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$002

52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200 м жүргенде және баспалдақпен 1 этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-сараң экстрасистолалар. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған. Бір айдан кейін стенокардияның толық басылуын байқаған. Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы физикалық күшке толеранттылықтың өсуін анықтауда БАРЫНША ақпаратты:

A) Сцинтиграфия

B) Рентгенография

C)Велоэргометрия

D)Коронарография

E) Электрокардиография

{Дұрысжауап}= C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$003

60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшеетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: ST V1-V6 элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.

Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A)Кардиогенді шок

B) Жедел аневризма

C) Миокардтың жарылуы

D) Тромбоэмболия

E)Өкпе ісінуі

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$004

22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Об-ті науқастың мәжбүрлі отырған қалпы, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

A) Миокардит

B) Эндокардит

C) Стенокардия

D) Кұрғақ перикардит

E) Адгезивті перикардит

{Дұрысжауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$005

35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

A) Аортальді стеноз

B) Күштемелік стенокардия

C) Рестриктивті кардиомиопатия

D)Гипертрофиялық кардиомиопатия

E) Митральді қақпақша жетіспеушілігі

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$006

17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек түрткісінің күшеюі және «мысық үні»анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

A) Фалло тетрадасы

B) Аорта саңылауы стенозы

C) Ашық артериальды өзек

D) Ашық атриовентрикулярлы канал

E) Қарыншааралық перденің ақауы

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$007 25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A) Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы

B) Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі

C) Митральді қақпақшаның жетімсіздігі

D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы

E) Аорта саңылауның тарылуы

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$008

45 жастағы ер адам соңғы айларда 15-20 минуттан кейін өздігінен басылатын, кеуде артындағы ауыру сезімдерінен ояна бастады. Ауыру сезімі кезінде ЭКГда кеуде әкетілерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Эргометринмен сынама жүргізілгенде оң нәтиже анықталды. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау осы дертте БАРЫНША мүмкін патогенетикалық маңызды?

A) Нитраттар

B) В-блокаторлар

C) Дезагреганттар

D) АПФ ингибиторлары

E)Кальций антагонистері

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$009

28 жастағы жас әйелді ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін ентігу, жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, шамалы физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: АВ бөгеме 1 дәрежесі. ЭхоКГ: СҚ лақтырыс фракциясы-48%. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) Метаболиктерді

B) Антибиотиктерді

C) АПФ ингибиторларын

D) Жүрек гликозидтерін

E) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0010

Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

A) Гепарин

B) Варфарин

C) Аспирин

D) Клопидогрель

E) Фраксипарин

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0011

Фурункулезді өткерген 46 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігу және жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: төмен қабақтың конъюктивасының ауыспалы қатпарында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Көз түбін тексергенде –Рот дақтары.

Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?

A) Нитраттар

B) Вирусқа қарсы

C)Антибактериалды

D) В-адреноблокаторлар

E) Кальций антагонистері

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0012

30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған. Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

A) Диуретиктерді

B) Кортикостероидтарды

C) β-адреноблокаторларды

D) Кальций антагонистерін

E) Антиаритмиялық препараттарды

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0013

Қасақана шылымшы 46 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II үн акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, тобық ісінуі. ЭхоКГда миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды.

Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) Диуретиктерді

B) β-бөгемелерді

C) ААФ ингибиторларын

D) Кальций антагонистерін

E) Альфа-адренобөгемелерді

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$0014

65 жастағы әйел кеуде артындағы ауыру сезіміне, жиі жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевттің тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таблеткасын күнделікті қабылдайды. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, суық тер, өкпесінде ылғалды сырылдар және ырғақ бұзылысы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. АҚҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГ: жүрекшелердің жыпылықтауы ЖСЖ 160 рет мин. QT интервалы 0,40 мс дейін ұзаруы. STV1-V4 4 мм элевациясы. Амиодаронды тағайындаудан ұстануда. Көрсетілген қағидалардың қайсысы амиодаронды қолданудан бас тартуда БАРЫНША мүмкін болған себеп?

A) ЖСЖ болуы

B) Кардиогенді шок

C) QT интервалының ұзаруы

D) Дигиталисті улану

E) Синусты түйіннің әлсіз синдромы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система. М.: Бином, 2003.

{Курс}=7

{Семестр}=14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]