- •Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті курстық жұмыс тақырып
- •Мазмұны
- •Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық
- •Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық аспектілері
- •1.1. Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың мәні және мағынасы
- •1.2. Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың әдістері
- •“Қазақтелеком” ақ – ның экономикалық жай – күйін талдау.
- •2.1. “Қазақтелеком” ақ-ның қызметіне қысқаша сипаттама
- •2.2. «Қазақтелеком” ақ-ның экономикалық жай – күйін талдау
- •Өтімділікті бағалау* %
- •Іскерлік белсенділікті бағалау*
- •Табыстылықты бағалау*(%)
- •IV Экономикалық тұрақтылық коэффициенті.
- •Экономикалық тұрақтылықты бағалау*%
- •Консолидированный Отчет о доходах и расходах Группы ао "Казахтелеком" за 12 месяцев 2014 года, подготовленный в соответствии с мсфо
- •Консолидированный Отчет об изменениях в собственном капитале Группы ао "Казахтелеком" за 12 месяцев 2014 года, подготовленный в соответствии с мсфо
Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық аспектілері
1.1. Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың мәні және мағынасы
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның экономикалық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамассыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен экономикалық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және экономикалық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржьлық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы
төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың экономикалық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
экономикалық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
активтер мен олардың қалыптасу көздері apaсындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
баланстың өтімділігін, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
кәсіпорынның экономикалық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның экономикалық стратегиясын анықтау.
Экономикалық жағдайды талдауды экономикалық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау;
табыстылығын талдау;
экономикалық тұрақтылығын талдау;
