
- •Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті курстық жұмыс тақырып
- •Мазмұны
- •Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық
- •Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық аспектілері
- •1.1. Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың мәні және мағынасы
- •1.2. Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың әдістері
- •“Қазақтелеком” ақ – ның экономикалық жай – күйін талдау.
- •2.1. “Қазақтелеком” ақ-ның қызметіне қысқаша сипаттама
- •2.2. «Қазақтелеком” ақ-ның экономикалық жай – күйін талдау
- •Өтімділікті бағалау* %
- •Іскерлік белсенділікті бағалау*
- •Табыстылықты бағалау*(%)
- •IV Экономикалық тұрақтылық коэффициенті.
- •Экономикалық тұрақтылықты бағалау*%
- •Консолидированный Отчет о доходах и расходах Группы ао "Казахтелеком" за 12 месяцев 2014 года, подготовленный в соответствии с мсфо
- •Консолидированный Отчет об изменениях в собственном капитале Группы ао "Казахтелеком" за 12 месяцев 2014 года, подготовленный в соответствии с мсфо
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті курстық жұмыс тақырып
АҚ «Қазақтелеком» компаниясының экономикалық жай-күйін бағалау
-
Орындаған: 3 курс студенті
«Экономика» мамандығы
Абайханова Акбота Канатовна
Ст.преподаватель Берстембаева Р.К.
Қабылдаған: Раимбеков Жанарыс Сабирович
Астана, 2015 ж
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................ 3
Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың теориялық
аспектілері.
Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың мәні және
мағынасы ............................................................................................................4
Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалаудың әдістері...........6
“Қазақтелеком” АҚ – ның экономикалық жай – күйін талдау.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама ........................8
“Қазақтелеком” АҚ-ның экономикалық жай – күйін талдау ..............15
Қорытынды ………………………………………………………….……......20
Қолданылған әдебиеттер тізімі .......................................................................22
Қосымшалар ......................................................................................................23
Кіріспе
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалау үшін, ең алдымен оның экономикалық жағдайына талдау жасау керек. Экономикалық жағдай, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді.
Экономикалық талдаудың мақсаты, кәсіпорынның экономикалық жай – күйін бағалау және де оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізу болып табылады. Сонымен қоса бұл жұмыстардың нақты қай бағытта жүргізілу керек екендігі көрсетіледі.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты, кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық басқару шешімдерін қабылдау үшін, кәсіпорынның экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, кәсіпорынның экономикалық – жай күйін бағалау болып табылады.
Курстық жұмыста байланыс қызметін ұсынатын «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ – ның бухгалтерлік балансы негізінде экономикалық – жай күйіне баға берілді. Осы мақсатқа жету үшін, біз курстық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның экономикалық жай – күйін талдаудың мәнін және мағынасын, онымен қатар, экономикалық талдау кезіңде қолданылатын әдістерді қарастырдық.
Екінші бөлімде, компанияның қызметіне қысқаша сипаттама беріледі және онда келесі :
өтімділік коэффициенті
іскерлік белсенділік коэффициенті
табыстылық коэффициенті
экономикалық тұрақтылық коэффициенттерін қолдану арқылы компанияның экономикалық жай – күйіне талдау жүргізіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында біз отандық және шетелдік экономистердің еңбектерін және «Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметтерін қолдана отырып, кәсіпорынның экономикалық жай – күйіне талдау жүргіздік.