Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сико 27.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.23 Mб
Скачать

1.4 Мәліметтер базасының объектілері

Microsoft Access 2010 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді қүруға жэне қолдануға мүмкіндік береді.

Кестелер. Бүл кез келген мэліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден мәліметтер базасындағы барлық ақпарт сақталады. Екіншіден кестелер мэліметтер базасының қүрылымын анықтайды.

Сүраныс. Бүл объекті кестедегі мэліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сүраныстардың көмегімен мэліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сүраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мэліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Жаңадан қолданушылар сүраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жүмыс істегенде кез келген уақытта ондағы мэліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін.

Сүраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте қүрады. Негізгі кестемен жүмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

Реттелген кестелік қүрылымдардың ең басты кемшіліктер — оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бүл мэселе МББЖ - де өз шешімін тапқан.

Мүндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сү_рыпталған, сүзгіленген мэліметтер алғысы келсе, онда ол сэйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сүраныс болмаса, онда ол жобаланушыға тапсырыс береді.

Қалыптар. Егер сүраныстар мэліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мэліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мэні мынада - ол қолданушыға тек толтыруға рүқсат етілген өрістерді толтыру қүралдарын үсынады. :

Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мэліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мэліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мэліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.

Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мэліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар ( жоғарғы жэне төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мэліметтер ).

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2010-да ғана жүзеге асырылған. Бұл Web — бетте оналастырылатын жэне қолданушыға сол Web - беттен берілетін, HTLM кодында жазылатың өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бүл объект мэліметтер базасы болып есептелмейді. Бірақ ол сервердегі мэліметтер базасын жіберілген Web -бетпен байланыстыратын компоненттерді қолдана отырып Web - тораптағы қолданушы мэліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.

Макростар мен модульдер.Бүл категориядағы объектілер осы МББЖ - мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға жэне программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мэліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МББЖ - ның ішкі командалар тізбегінен тұрады жэне мэліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.