1.2 Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері :
Өрістер мэліметтер базасының қүрылымын ғана емес, сонымен қатар мэліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды. Төменде Microsoft Access 2010 мэліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:
Сурет - 1.1. Конструктор бланкісіндегі өріс қасиеттері.
Өріс атауы ( Наименование поля ). Мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды ( жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақарыптары ретінде қолданылады);
Өріс типі ( Тип поля ). Берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;
Өріс өлшемі ( Размер поля ). Берілген өріске енгізілген символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;
Енгізу қаласы ( Маска ввода ).Енгізудің түрін анықтайды
( енгізуді автоматтандыру қүралы );
Қолтаңба ( Подпись ). Берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды ( егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдалынады );
Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән ( Значение по
умолчания ).¥яшыққа автоматты түрде енгізілетін мэн ( енгізуді автоматтандыру қүралы );
Мэнге қойылатын шарт. ( Условие на значение ). Мэліметтерді енгізудің дү-рыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;
Қате туралы хабар ( Сообщение об ошибке ). Қате мэліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту ( Мэнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);
Міндетті өріс ( Объязательное поле ). Мэліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет.
Бос жолдар ( Пустые строки ).Бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рү-қсат беретін қасиет;
Индекстелген өріс ( Индексированное поле ). Егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді үйымдастыруға болады.
Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мэтіндік типті өріске қатысты. Дұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы жэне болмауы да мүмкін.Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола
алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мэліметтерге ғана тэн қасиет -үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал суреттерді, бейнеклиптерді , дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.
: 1.3 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ
Microsoft Excel кестесімен танысқанда біз мэліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мэтіндік, сандық жэне формулалар. Мэліметтер базасының кестесі көптеген мэліметтер типімен жүмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:
Сурет -1.2. Мэліметтер типі
Мэтіндік ( Текстовый ). Өлшемі арқылы кэдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мэліметтер типі (255 символға дейін );
MEMO өрісі ( Поле MEMO ). ( 65535 символға дейінгі ) үлкен көлемді мэтінді сақтауға арналған мэліметтер типі. Шын мэнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мэліметтер базасының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның түрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді;
Сандық ( Числовой ). Нақты сандарды сақтауға арналған мэліметтер типі.
Мерзімі/уақыты ( Время/Дата ). Күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытын сақтауға арналған мэліметтер типі;
Қаржылық ( Денежный ). Қаржылық шаманы сақтауға арналған мэліметтер типі;
Санауыш ( Счетчик ). Жазбаларды автоматты түрде номірлеуге арналған мэліметтер типі;
Логикалық. Логикалық мэліметтерді сақтауға арналған типі ( Иэ немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды ).
OLE объектілер өрісі ( Поле объектов OLE ). Әр түрлі объектілерді сақтауға арналған мәліметтер типі.Бүл да MEMO өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE объектілері өрісінде оның түрған жері көрсетіледі;
Гиперсілтеме ( Гиперссылка ).Интернеттің Web - объектілерінің URL - адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның
батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктеліп, терезеге Web - объекті шығады;
Ауыстырулар шебері ( Мастер подстановок ).Бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бүл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп үйымдастыруға : болады.
