Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ нұсқаулық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

4. Дипломдық жұмыс (жоба) мазмұнын қалыптастыру тәртібі

Дипломдық жұмыстың (жобасы) мазмұны өз кезегінде оның құраушылары тізімінен (кіріспе, тараулар, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі) және жұмыста қаралатын негізгі сұрақтардан құралады.

Өз уақытында және дұрыс құралған жоспар және ғылыми жетекшіден алынған алғашқы кеңес ұйымдастырушы фактор болып табылады. Ол өз уақытында ақпарат көздерін дұр

ыс іріктеуге, нақты мекеме бойынша мәліметтер жинауға, дипломдық жұмыста материалды жүйелі және тәртіппен саралауға ықпалын тигізеді. Осыған байланысты студент жоспардың дұрыс орындалуына ерекше көңіл бөлуі керек.

Дипломдық жұмыстың жоспарын құрғанға дейін студент осы тақырып бойынша негізгі ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік береді.

Мазмұнның әзірленген жобасын студент ғылыми жетекшіге береді. Ол оны қарастырады, қажет болса түзету енгізеді, нақтылайды (Қосымша В).

5. Ақпарат көздерін таңдау мен зерттеу

Дипломдық жұмысты жазуда тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін негізді және шығармашылық тұрғыда дұрыс таңдау мен зерттеу ұтқырлық пен ұтымдылықты қамтамасыз етеді.

Ақпатар қөздерін зерттеуге студент дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы таңдалып және бекітілгеннен кейін кіріседі. Сонымен қатар студент дипломдық жұмысқа тақырып болған зерттеу пәнінің қазіргі жай күйін саралауға тиіс.

Студент зерттеуге кіріспес бұрын пән бойынша бағдарламаларда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысқаны жөн. Тақырыпты жан жақты ашу үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сонымен қатар ведомствалық нормативтік құжаттарды қолданған абзал. Ұлттық және халықаралық құқық жүйесіндегі нормативтік-құқықтық базамен танысып оны тақырыпты ашуда қолданған дұрыс.

Қайнар көздерге сілтемелер келтіру шынайы болуы тиіс. Авторлардың пікірлеріне және нормативтік құжаттардың ережелеріне жүгіну сыни тұрғыда жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар аталмыш пікірлермен келісетіндігі немесе келіспейтіндігі жайлы дипломдық жұмыстың авторы (студент) ойын білдіргендігі шығармашылықпен кіріскендігін аңғартатын критерий ретінде танылады.

6. Тәжірибелік материалдарды жинау және талдау

Дипломдық жұмыс (жоба) зерттеу тақырыбы бойынша теоретикалық және сұрақтарды қамтуы тиіс.

Тәжірибелік материалдарды іріктеу және оларды қолдану барысында студент қажетті қосымшаларды рәсімдеуге, оларды дұрыс дайындау мен өзара үйлестіруге, дипломдық жұмыста (жобада) қосымшаларға сілтемелер келтіруге ерекше назар аударуға міндетті.

7. Дипломдық жұмысты (жобаны) мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар

Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:

- Мұқабасы (Қосымша Д);

  • Бірінші бет (Қосымша Е);

  • Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға (Қосымша Б);

  • Мазмұны; (Қосымша В);

  • Кіріспе;

  • Негізгі бөлім;

  • Қорытынды;

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Г);

  • Қосымшалар.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:

  • Мұқабасы (Қосымша Д);

  • Бірінші бет (Қосымша Е);

  • Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға (Қосымша Б);

  • Мазмұны; (Қосымша В);

  • К іріспе;

  • Негізгі бөлім; түсіндерме жазбасы

  • Қорытынды;

  • Графикалық немесе электрондық бөлім;

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Г);

  • Қосымшалар: 1) жоба түрінде орындау нысанын бекіті туралы кафедра шешімінен үзінді; 2) ҚазГЗУ-нің кітапханасы қорына жоба нәтижесін өткізу-қабылдап алу актісі.

Мұқаба

Мұқабада келесі ақпараттар келтіріледі:

- Дипломдық жұмыс (жоба) орындалған мекеменің аты,

- студенттің аты жөні,

- дипломдық жұмыстың немесе жобаның тақырыбы,

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба),

- шифр және мамандықтың атауы,

- қала, жыл (Қосымша Б).

Бірінші бет

Бірінші бет дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Мұқабада келесі ақпараттар беріледі:

- Дипломдық жұмыс (жоба) орындалған мекеменің аты;

- Дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедраның аты,;

-кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы;

-жұмыс түрі – дипломдық жұмыс немесе дипломдық жоба;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) аты «тақырыбында:» - деген бастаумен,

- мамандықтың шифрі және атауы,

- сол жақтан - «орындаған» сөзі, оң жақта қарсыда студенттің фамилиясы мен аты жөні жазылады,

- бір жол төменде «ғылыми жетекші»және оның фамилиясы мен аты жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жазылады,

- қала, жыл.

Бірінші бет дипломдық жұмыстың беттерінің жалпы нумерациясын қамтиды. Бірінші бетке номер қойылмайды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында студенттерге оны әрбір бөлімінде келесі ұлгі мазмұнды ұстанған жөн.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал тізімі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетіп, кафедра меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа (жобаға) қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.

Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада студенттің өзі, ғылыми жетекші және көзделген жағдайда тапсырыс берушінің (жұмыс берушінің) өкілі қол қояды.

Мазмұны. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнына кіріспе, барлық тараулар мен параграфтардың реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында дипломдық жұмыстың әрбір элементінің қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.

Кіріспе. Кіріспеде дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектілері және нысаны қалыптастырылып, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы (жалпыланған түрде: тиісті заңнамалық актілер, оқу әдебиеттері, монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдер материалдары және т.б.) суреттелуі қажет.

Негізгі бөлім (бөлімдер мен параграфтар). Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде зерттеудің нормативтік-құқықтық базасы, орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша негізгі бөлімде дипломдық жұмысты орындаушы автордың немесе басқа да ғалымдардың (міндетті түрде аталмыш авторларға және ақпарат қайнар көздеріне сілтеме жасалуы тиіс) зерттеу сұрағын жетілдіруге бағытталған ұсыныстары талдануы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінің мазмұны мамандықтың, зерттеу тақырыбының ерекшелігімен анықталынады және ғылыми жетекшімен келісілген түрде бекітіледі. Әдетте құрылымы 2-4 бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлімдер мен параграфтар өзіндік тұжырымдар аяқталуы тиіс.

Ұсынылады: дипломдық жұмыстың 1- тарауы жұмыстың теориялық бөлімін ашуға арналады, 2-тарау салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы талдау немесе мәселелер немесе сұрақтарды шешудің халықаралық тәжірибесі мазмұндалады, 3-тарауда өндірістік тәжірибеден өткен орыны бойынша жинақталған материалдар мен нәтижелердің талдауы және де зерттеліп отырған мәселе бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар көрініс табуы қажет.

Қорытындыда дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша теоретикалық және тәжірибелік қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталмыш тізім «Қорытынды» бөлімінен кейін дипломдық жұмыстың сонында келтіріледі (Қосымша Г). Бұл тізімге тек шын мәнінде студентпен дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған қайнар көздер енуі тиіс. Сонымен қатар тізім пайдалану кезегі тәртібімен құрылады.

Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдар жатады. Дипломдық жұмыста (жобада) қабылданған шешімдерге, мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін жауапкершілік студентке – дипломдық жұмыстың (жобаның) авторына жұктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]