Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_OShM_kaz.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.9 Mб
Скачать

Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау Практикалық сабақ №1 Ұңғыны меңгеру

Практикалық жұмыстың мақсаты: Теңіздегі ұңғыларды меңгеру әдістерімен таныстыру

Практикалық жұмысты орындаудың тәртібі:

Барлық ұңғыны меңгеру әдістері түп қысымын төмендету принципіне негізделген. Бұл кезде қабаттан сұйықтықты ұңғы түбіне шақыру жағдайы туады.

Түп қысымы мына формуламен анықталады:

pз=ρЖ gH+py (1)

мұндағы Н — ұңғыдағы сұйықтық деңгейі биіктігі, м;   ρж — сұйықтық тығыздығы, кг/м3; ру —ұңғы сағасындағы қысым.

Осы үш көрсеткішке түп қысымы байланысты болады. Сондықтан да қабат қысымы жоғары және орташа ұңғыларда ұңғыға ағысты шақыру үшін саға қысымын нолге дейін төмендетіп, кейіннен ұңғыда сазды ерітіндіні жеңіл сұйықтық – сумен ауыстыру арқылы, кейін оны мұнаймен ауыстыру арқылы қысымды бертіндеп азайту арқылы жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ сұйықтық деңгейін компрессорлы әдіспен төмендету жағдайлары да қарастырылған. Қабат қысымы өте төмен болған жағдайда ұңғыны поршендеу әдісі қолданады.

Ұңғыны меңгерудің әртүрлі әдісін қолдану кезінде түп қысымын анықтау.

Берілгені: ұңғы тереңдігі Н; қабат қысымы рқаб; тығыздығы ρсұй ; ұңғының саға қысымы рсаға.

Осы берілген ұңғыны әртүрлі әдісте меңгеру кезінде түп қысымын төмендетудің тәсілдерін қарастырамыз.

1. Саға қысымын нолге дейін төмендету. (1) формулада бұл жағдайда екінші мән рсаға = 0. Сондықтан да, ұңғыдағы саға қысымы

pтүп=ρсұй gH. (1)

2. Ұңғыдағы сұйықтықтың тығыздығын төмендету. Бұны аэрацияланған немесе «өлі» мұнайды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

3. Компрессорлық тәсіл. Максималды түп қысымы бұл тәсілде көтеру құбырының башмагындағы ауаның (газдың) жұмысшы қысымы мен башмактан түпке дейінгі сұйықтық деңгейінің қысымы қосындысына тең, яғни

Pтүп = ρсұй gL+pсаға(H-L), (2)

Мұндағы, L — СКҚ-ды түсіру тереңдігі; ρв— құбыр ішіндегісу тығыздығы,

4. Ұңғыны поршендеу. Қабаттан ұңғыға поршендеу кезінде сұйықтық ағысын шақыруға кететін уақытты анықтаймыз.

Поршеннің көмегімен өндірілетін сұйықтық мөлшері келесі формуламен анықталады

Q1 = 0,785D2hСТ , (3)

Мұндағы, hCT —500 м тең сұйықтықтың статикалық деңгейі.

Әрбір поршенді көтерген сайын алынатын сұйықтық мөлшері келесі формуламен анықталады

Q2 =π( ­ )h/4; (4)

мұндағы dT — сорапты – компрессорлы құбырлардың ішкі диаметрі, м; dK — канат диаметрі, м; h — деңгей астына поршеннің орташа батуы, м.

Поршенді түсірудің орташа тереңдігі

hcp = hCT + 0,5h.

Полршенді орташа жылдамдықпен түсіру және көтеру сәйкесінше v1 = 2 м/с және v2 = 5 м/с болады. Поршенді түсіруге қажетті уақытты табамыз.

t1= ;

поршенді көтеруге

t2= .

30 с есептегенде поршенді төменге түсіруді бастар кезінде жылдамдықтарды төмендету процестеріне және поршеннің ұңғы сағасына көтерілуіне кететін бір рейске ететін уақыт:

t= t1+ t2+30 .

Статикалық деңгейге дейінгі барлық сұйықтық деңгейін сорып алуға кететін жалпы уақыт

T=t .

Тек осыдан соң ғана қабаттан ұңғыға қарай сұйықтықтың ағысы басталады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұңғыны меңгеру не үшін қолданылады?

  2. Ұңғыны меңгеру тәсілдерін атаңыз?

Әдебиеттер тізімі:

1. Асеев А.Г, Распопов В.М, Хворостовский С.С “Бурение разведочных скважин на шельфе” –М; “Недра” 1988 жыл;

2. Пронкин А.П. “Морские буровые моноопорные основания” элек. оқулық;

3. Скрыпкин С.Г. “Техника для бурения нефтяных и газовых скважин на море” –М; “Недра” 1982 жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]