Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_OShM_kaz.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.9 Mб
Скачать

Практикалық жұмыс № 4 Танкерлерді жуу әдісі

Практикалық жұмыстың мақсаты: Мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған танкерлерді жуу тәсілімен таныстыру.

Практикалық жұмысты орындаудың тәртібі:

  • Танкерлерді тазарту әдістерінің теориясын талқылау.

  • Зертханалық жұмыста берілген сұлба бойынша танкерлерді тазартудың процесін түсіндіру.

Мұнай өнімдерін су акваториялары арқылы тасымалдау үшін суасты арқылы жүргізілген магистральдық құбырлар немесе танкерлер қолданылады. Танкерлердің сыйымдылығы (дидвейт) мемлекеттің жылдық мұнай өндіру деңгейіне байланысты болмақ. Сонымен қатар осы көрсеткішке байланысты танкердің рейсі анықталады. Кеме капитандары мұнай және мұнай өнімдерін тиеу т.б. бойынша жүргізілген операциялар, мұнаймен ластанған ақаба суларының тасталған нүкесі жөнінде ақпараттарды арнайы журналға тіркеп отыруы қажет. Қазіргі таңда елімізде сыйымдылығы 12 000 тонналық 3 танкер бар. Бұл танкерлер Ресей, Азербайжан, Иран бағытында мұнай өнімдерін тасымалдайды.

Сурет – 4.1-Мұнай өнімдерін бортқа тастамай танкерлерді тазарту сұлбасы.

1- тұндырғыш; 2 - танкерді МЛ реагенті қосылған тазартылған сумен

жууға арналған сорап; 3 – жылытқыш; 4 – су таратушы құбыр; 5 – шашыратқыш; 6 – танкер; 7 – танкерді мұнай эмульсиясынан тазартуға арналған сорап; 8 – эмульсияға арналған құбыр; 9 – тұндырғыштағы жылытқыш.

Құрғақ жүк тасымалдаушы кемелердің отынға арналған цистерналарын тазарту үшін жүзбелі тазарту станциялары қолданылады. Қондырғы сұлбасы бойынша су бүркігіштен және сорапты қондырғылардан тұрады. Екі қазандығы бар сужылытқыш құрылғы суды 80 – 90 °С дейін қыздырып, сораптар оны танкерге таратады. Ластанған су мұнаймен бірге кері, тазарту станциясына түседі. Мұнда ластанған су тұндырғышта тұндырылады. Содан соң тазартылып, қыздырылған су танкерге айдалады. Суды қыздыру үшін ластанған судан бөлінген мұнай қолданылады.

Порттық су акваторияларын байқаусызда төгілген мұнайдан және ластанулардан тазарту үшін жүзбелі мұнай жинағыштар және жағалаулық кедергілер қолданылады. НСМ – 4 мұнайжинағышы желдің 4 баллдық және теңіз толқынының 3 баллдық жүйесі кезінде жағалаудан теңізге қарай 10 теңіз миліне дейінгі арақашықтықта қоқыстар мен мұнай қалдықтарын жинауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1.Танкерлердің ролі қандай?

2. Танкерлер аударылып қалған жағдайда болатын қауіп түрлері.

3. Танкерлерді жуу тәсілдерінің түрлерін атаңыз?

Әдебиеттер тізімі:

1. Асеев А.Г, Распопов В.М, Хворостовский С.С “Бурение разведочных скважин на шельфе” –М; “Недра” 1988 жыл;

2. Пронкин А.П. “Морские буровые моноопорные основания” элек. оқулық;

3. Скрыпкин С.Г. “Техника для бурения нефтяных и газовых скважин на море” –М; “Недра” 1982 жыл.

Сөж арналған оқу-тәжірибелік материалдар:

Тапсырма тақырыптары

Тапсырманың тақырыптарының мазмұны

Әдебиеттер

Сағаттар саны

Есеп беру және бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

СӨЖ

СӨЖП

1.

ҚР перспективалы шельф кен орындары. Теңіздегі іздеу-барлау және инженерлік-геологиялық жұмыстар.

ҚР шельф кен орындарының геологиялық-өндірістік сипаттамасы.

Кен орындарын игеру үшін қажетті геологиялық мәліметтер.

Мұнай және газ кен орындарын барлау.

1.Золотухин А.Б., Основы разработки шельфовых нефтегазо-х месторождений и строительство морских сооружений в Арктике. Учебное пособие. - М.: Изд-во «Нефть и газ» РГУНиГ, 2000 – 770б

2.Карабалин У.С, Ермеков М.М. Эксплуатация морских нефтегазовых месторождений. - Алматы: Эверо, 2004– 434б

Акульшин А.И., Бойко В.С. «Эксплуатация нефтяных и газовых скважин»- М., Недра, 1989ж-480б.

6

2

Рефер.

1

2.

Бұрғылау қондырғыларының жалпы қабылданған және арнайы түрлері.

Теңізде бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары

10

2

4-5

3.

Теңіз кен орындарын игеруді жобалаудың есептері

Мұнай кен орындарын игеруге қажетті негізгі жобалау құжаттары

6

3

6-7

4.

Кен орындарын игеру және пайдаланудың технологиялық режимдері.

Мұнай және газ қабаттары режимдері

10

3

8

5.

Қабат қысымын қолдау әдістері.

МКОИ ҚҚҚ арқылы игеру жүйелері

10

3

9

6.

Теңіз құбырларын пайдалану және құрылысы ерекшеліктері. Теңіз кеме тасымалы.

Шельф құбырларын тұрғызу технологиясы. Мұнайды құйып алатын кемелер түрлері және олардың сипаттамалары.

10

3

Рефер.

10

11

7.

Жағалаудың және су бетінің ластануын жою.

Теңіз мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде қоршаған ортаны және еңбекті қорғау.

8

2

Рефер.

12

8.

Ұңғыларды жөндеу жұмыстарының түрлері

Ұңғыны жөндеу сипаттамалары мен түрлері.

10

2

13

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]