Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_OShM_kaz.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.9 Mб
Скачать

Практикалық жұмыс № 2 Қайраң кен орындарын эстакадалық әдіспен жабдықтау

Практикалық жұмыстың мақсаты: Қайраң кен орындарын эстакадалық әдіспен жабдықтаудың негізгі ерекшеліктерін анықтау.

Практикалық жұмысты орындаудың тәртібі:

1. Қайраң кен орындарын эстакадалық әдіспен жабдықтаудың сұлбасын сызу.

2. Қайраң кен орындарын жабдықтаудың екі түрін сипаттау: жағалаулық және ашық

Қайраң кен орындарын пайдалану үшін субетілік эстакадалардан және эстакада маңындағы алаңдардан тұратын арнайы негіздер құрастырылады. Алаңдардан (платформалардан) ұңғылар бұрғылау процесі жүргізіледі (әдетте шоғырланған ұңғылар) және технологиялық қондырғылар, өндірістік, басқару және мәдени – тұрмыстық обьектілер орналастырылады. Эстакадалар алаңдарды өзара байланыстырады және тасымалдаушы құбырлар үшін тірек болып табылады. Эстакадалардың екі түрі болады:

1. Жағалаулық, яғни жағалауға жақын орналасқан және онымен субетілік байланысы бар эстакадалар;

2. Ашық, жағалаудан шалғай орналасқан және онымен субетілік байланысы жоқ эстакадалар.

Сурет 2.1- Қайраң кен орындарын эстакадалық әдіспен жабдықтау

а – жағалауға жақын орналасқан кен орын; б – жағалаудан алшақ орналасқан кен орын.

Бірінші жағдай үшін мұнай, газ және суды дайындау жағалауда жүзеге асырылады. Екінші жағдай үшін кен орынды игерудің бірінші сатысында өнімді дайындау процесін жағалауда, ал өнімнің сулану деңгейі жоғарылаған сәтте эстакада маңындағы алаңдарда, яғни платформаларда жүзеге асырылады. Өндірілген өнім жағалауға құбырлар арқылы немесе танкерлер арқылы тасымалданады.

Жағалауға жақын орналасқан «А» кен орны жеке (1) немесе шоғырланған (2) ұңғылармен пайдаланылады. Ұңғылар жағалаумен байланысы бар эстакада маңы платформаларында (3) орналасқан. Ұңғы өнімдері эстакадалар бойымен субетілік жүргізілген лақтыру желісі арқылы жағалауда орналасқан топтық өлшеу қондырғысына (ТӨҚ) (5) келіп түседі. Одан әрі қысым арқылы 6,7 және 8 үш фазалық айырғыштарға өтеді. Тазартылған мұнай шикі өнім сақталушы сыйымдылықтарға (9) жинақталады, одан әрі мұнайды кешенді дайындау қондырғысына (МКДҚ) (10) беріледі. Нормативтік талаптарға сай келтірілген мұнай тауарлық сыйымдылықтар паркінде жинақталып (11), одан әрі сапалық бақылау қондырғыларында (16) автоматты түрде тексерілген өнім ГСМН – ның (20) сыйымдылықтарына (19) беріліп, содан соң І желі арқылы тұтынушыға жеткізіледі.

Айыру процесінің бірінші сатысында газ 21 және 22 қондырғыларда эжектрленеді, айырудың келесі сатыларындағы газ бір ағыспен газды кешенді дайындау қондырғысына (ГКДҚ) (23) және ГСМГ (24) келіп түседі, одан әрі ІІ желі арқылы тұтынушыға таратылады.

Ақаба сулары МКДҚ – дан СКДҚ – ға (12) келіп түседі, одан әрі сорапты компрессорлық станцияларға (СКС) (13), содан соң құбырлар арқылы су айдау ұңғыларына (15) беріледі.

«Б» кен орны жағалаудан шалғайдаорналасқан. Ұңғы өнімі ТӨҚ – та өлшеніп болған соң, қабат қысымын төмендетуші автоматтандырылған қондырғыға (25) беріледі, бұл қондырғыда өнімді бір мәртелі газсыздандыру процесі жүргізіледі. Сұйық фаза шикізат резервуарларында (26) жиналып игерудің алғашқы сатыларында құбырлар арқылы дайындықтан өту үшін сығымдау сорап станцияларына (ССС) (27) айдалады немесе ІІІ желі арқылы танкерлерге құйылады. Игерудің соңғы сатыларында сұйықтық сыйымдылықтардан (26) тікелей МКДҚ – ға (28) беріледі. Дайындалған мұнай тауарлы парктың сыйымдылықтарында сақталады (26) және сапалық бақылау қондырғылары (32) арқылы мемлекеттік магистральды құбырлар желісінің (36) шикізат сыйымдылықтарына (35) беріледі. Одан әрі суасты құбырлары арқылы жағалауда орналасқан ГСМН (20) келіп түседі немесе танкерлерге құйылады. Газсыздандыру барысында алынған газ игерудің алғашқы сатыларында факелде (37) жағылады. Соңғы сатыларында сорапты станциялар (38) газды суасты құбырлары арқылы жағалауда орналасқан ГКДҚ (23) айдайды. Игеруді аяқтау сатысында газды дайындау процесі платформада қондырылған ГКДҚ дайындалып, дайын газ СС- да (40) сығылып, суасты құбырлары арқылы ГСМГ (24) айдалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аралдардың қандай түрлері кездеседі?

  2. Аралдар қандай жағдайда тұрғызылады?

Әдебиеттер тізімі:

1. Асеев А.Г, Распопов В.М, Хворостовский С.С “Бурение разведочных скважин на шельфе” –М; “Недра” 1988 жыл;

2. Пронкин А.П. “Морские буровые моноопорные основания” элек. оқулық;

3. Скрыпкин С.Г. “Техника для бурения нефтяных и газовых скважин на море” –М; “Недра” 1982 жыл;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]