Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зари 26.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.99 Mб
Скачать

Сурет-2.4.1

Таңдамаға сүраныс нэтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сүрыптауды қолданамыз. Төменгі бланкінің сол жағында Сүрыптау деген жол орналасқан. Сол батырмаға екі рет басу арқылы ашылған тізімнен сүрыптау эдісін таңдап алуға болады: өсу немесе кему бойынша. Төменгі бланкінің Экранға шығару жолында жалпы жағдайда Барлық өрістер үшін экранға шығарылсын деген (V) жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мәліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сэйкес жалаушаны алып тастауға болады.

Сүрыптау шартын пайдалану мәліметтерді қандай да бір критерий бойынша сұрыптауды қамтамасыз етудің қосымша қүралы болып Сүрыптау шарты есептеледі. Оған сэйкес келетін жол Үлгі бойынша сұраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналасқан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.

Есептеулері бар сүраныс - бұл сұраныс берілген өрістерде, қандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда қүрылады. Ол үшін мәліметтер базасын ашқан соң пайда болатын негізгі терезеден Сұранысты таңдап, оны Конструктор режимінде қүрамыз. Сұраныс конструкторы терезесінде өріс жолына сэйкес формуланы жазу қажет. Ең дұрысы, өрнектерді дайындауды Өрнектерді тұрғызушы терезесінде жүргізу.

Түрғызу терезесі төрт аймақтан түрады:

• бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады.

Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:

  • екінші аймақта сұранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;

  • үшінші аймақта - екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;

  • төртінші аймақта - үшінші аймақтан таңдалынып алынған элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.

Өрнектерді түрғызушы терезесін ашу үшін Сүраныс конструкторының аспаптар панелінде Тұрғызу батырмасын басамыз.

Өрнектерді түрғызушы терезесіндегі формулаға стандарттық функцияларды енгізуге және ол туралы анықтама алуға болады. Қолданушы сол алынған функцияның мэндерін енгізсе болғаны.

Өрнектерді түрғызушы терезесінде өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мәліметтер түптегі тізімінен (екінші аймақтан) Функция қаптамасын ашып, Енгізілген функциялар қаптамасын таңдап алу қажет. Ал ортаңгы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймақтан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру батырмасын басу керек.

Мәліметтер қорын қолданушы тек дайын сүраныстармен жұмыс істей алады. Егер жобалаушы құрған сұраныста бағасы 80 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алуды ғана қарастырса, онда біз бағасы 400 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп ала алмаймыз. Өйткені оған сэйкес сұраныс дайындалмаган. Осы жагдайда параметрлі сүранысты пайдаланамыз, яғни параметрдің мэнін өзіміз енгізу арқылы, бағасы көрсетілген параметрден кем кітаптар санын шығарып аламыз. Параметрлі сүранысты құру үшін сүраныс бланкісінің төменгі жағында Экранға шығару жолындағы жалаушаны алып тастаймыз. Іріктеу шарты жолындағы сэйкес өрістің астына [Параметрді енгіз] деген мәтінді теру қажет.

Қорытынды сүраныс электрондық кестелердегі қорытынды функциялардың қолданылуындай қызмет атқарады. Топтау амалдарының көмегімен қайсібір өрісте қорытындылау функцияларын қүруды жеңілдетеді. Қорытындылау функцияларына — avg (орта мэнін табу), sum (қосындыны есептеу), max (ең үлкен мэнін табу), min (ең кіші мэнін табу), count (берілген аргументтер санын анықтау) т.б. жатады.

Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс конструкторының аспаптар панелінде Топтау операциялары батырмасын басып, сұраныс бланкісінің төменгі жағына Топтау операциясы жолын енгізу қажет. Қорытынды жүргізілетін өрістің үяшығында топтау операциясын таңдап аламыз.

  • Сүраныс құру үшін: мәліметтер қорын ашыңыз.

  • Сүраныс анықтамасын ашып, зерделеп алыңыз.

Қосымша сүранысқа өтіңіз —> создать —> конструктор —> диалогтық терезедегі кесте қосу—> закрыть мәліметтер қоры схемасы пайда болады.Төменде конструкторлық сұраныс терезесінде кесте атын,

тиісті өрістерді қалыптастырыңыз. Екі рет кезегімен негізгі кестедегі есімдерді басып, ата-тегін алфавит бойынша орналастырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]