Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әнет баба шежіресі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.78 Кб
Скачать

ӘНЕТ БАБА

Тарихи-танымдық зерттеулер

Алматы

Қағанат — ҚС

1997

ББК 82

Ә 61

Әнет баба.

Ә 61 Тарихи-танымдық зерттеулер. Құраст. Б. Сапаралы. Алматы: Қағанат—ҚС,1997.100-бет.

ISBN 5-7667-4642-3.

Іргелі мемлекет заңы — “Жеті жарғының” өмірге жолдама алуына тікелей атсалысқан Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі, қазақтың үш ұлы биінің пір тұтқан ұстазы, діндар ғүлама, бабалардың бабасы — Әнет баба аға тарихымыздагы өзіме лайықты орнын әлі күнге еншілей қойған жоқ. Осы олқылықгың орнын азғантай да болса толтыра түсу мақсатында арғы-бергідегі Әнет баба жайлы ел аузындағы, халық жадындағы ескілікгі сөздер, шежіре деректер, баспа бетінде жарық көрген зерттеу мақалалар жинақталып, ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмекші Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық торқалы тойына тарту ретінде тұңғыш рет жеке кітап болып басылып отыр.

Жауапты шығарушы, құрастырушы,

қаржыландырушы

Бейбіт қажы САПАРАЛЫ,

жазушы, Қазақ Халық

Экология академиясының

академигі, “Әнет баба

қорының төралқа мүшесі.

4702250201-02 Ә-------------------------

00 (06)-97

ББК 82

Isbn 5-7667-4642-3 © Әнет баба, 1997

І-бөлім

БАБАЛАР ТҮЗГЕН БАБА ЗАҢ

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Қазақтардың көне ел билеу заңы

Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құның төлеу (ер адамға — 1000 қой, әйелге — 500);

  • ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

  • денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн толенеді (бас бармақ — 100 қой, шынашақ — 20 қой);

  • төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

  • егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғаиа кұтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

  • егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді;

  • ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

  • өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

  • егер екі қабатты әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға әр айына — 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

  • әйел зорлау, кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаган қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;

  • әйелі ерінін көзінше шөн салу үстінде ұсталса, ер: оны өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 сенімді

адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

  • біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

  • әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады;

  • қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

  • құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

  • кәпір болған адам мал-мүлкінеи айырылады;

  • құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде (казақ құлдарды жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған);

  • ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін камшыменен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

  • ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

  • ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

  • ерінің ұрлығын біле-тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстімен шагым айту әбестік саналады;

  • өсиет ағайындар мен молланың қатысуы арқылы жасалады;

  • барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

  • дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

  • куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.

(Мына кіт. : Жеті жарғы. А. , “Айқап”, 1993. 4-5-6).

ІІ-бөлім

ЕЛ ЕСІНЕН – ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА ДЕЙІН

Елім-ай”

Салқам Жәңгір, Шығай, Әз-Тәуке сынды хандардың заманында әділ қазы, Төбе би атанған аузы дуалы мемлекет қайраткері Әнет баба Кішікүлы (1626-1723 ж. ж. ) үш жүздің, Қара-қалпақ, Ноғай (қазақпен бірге қалғандарына), Барабы, Барын, Ескер (соңғы үшеуі Сібір татары рулары) жұрттарының дерек алты алаштың біріккен қалың қолын көп жыл басқарған делінетін Орга жүз Ашатайлы керей Толыбай сыншы Ордабасы Дәуленұлының (1603-1680 ж. ж.) жас жігіт кезінде батасын да алыпты. Ал, Толыбай сыншының аты төл тарихта әбден мәлім кенже ұлы Қожаберген жырау Әнет би Кішікұлына шәкірт болыпты. Оған дәлел ретінде Ордабасы Қожаберген жыраудың (1663- 1763 ж. ж.) “Елім-ай” атты ұзақ тарихи дастанының бірінші бөліміндегі мына төмендегі шумақтарды келтіруге болады:

Толыбай сыншы кенже ұлы ем Қожаберген, Бага алған Әнет пенен Әз-Тәукеден.

Күйзелген ел жағдайын көзбен көріп,

Өзегім өртенген соң айттым өлең.

………………………………………

………………………………………

Қанға бөкті қазақтың кең даласы,

Өлік пен ашқа толды сай-саласы.

Құтқармақ елді апаттан болса-дағы,

Әнеттей жолда қалды ер данасы.

(“Мәдениет және тұрмыс” журналы, N 6,1989 ж;

Ұлан” газеті. Көкек-мамыр айлары. 1991 ж;

Дала дидары” (“Ауыл”) газеті. 1992 жыл;

Тақырыбы: Қожаберген жырау. “Елім-ай” жыры (1723 жылы күзде шығарылған);Ә.Кекілбаев. Заманмен сұхбат. А., “Жазушы”, 1996. 87-117 б.).

Қалқаман — Мамыр

Бұл әңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз казағы Сырдария бойында жүргенде болған аңық іс, біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырынды болғаннан бір-ақ жыл бұрын.

Қалқаман, Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да осы күнгі көңілінің көзі ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек.

Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл, жүз тоқсан жыл болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым: бұл әңгіме ақсақалдар аузынан да қалып бара жатыр, сол асықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім, біздің де ізіміз жоғалатұғынын ойлап.

Шаһкәрім.

Өткен іс ойға күңгүрт, көзге танық,

Көрмесе де, білгенге бәрі қанық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

Әнет-Бабаң — Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молла ғұламасы,

Орта жүзге үлгі айгқан ғаділ екен,

Сол кезде тоқсан бескс келген жасы.

Кішік деген — Бабаңның өз атасы,

Мәмбетей — ол Кішіктің бір ағасы,

Мәмбетсопы, Кішіктің шешесі бір,

Қатаған Тұрсын ханның ханышасы.

Біздің жетінші атамыз Әйтек деген,

Бабаңның бір туысқан інісі екен,

Әйтектің бәйбішеден — жалғыз Олжай,

Тоқалынан — Байбөрі Қалқаманмен.

Бәкең ден атап кеткен Байбөріні,

Бұл сөзім ертегі емес, сөздің шыны.

Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен,

Соның жайын айтайын, тыңда, міне.

***

Мәмбетей өсіп-өнді бара-бара,

Сол таптан бір бай шықты жеке-даpa,

Ол байдың он бес жасар қызы — Мамыр,

Әрі сұлу, әрі есті, еркек шора*.

Онан басқа бала жоқ әлгі байда,

Оны қыз деп еш адам айту қайда,

Байдың көңілі жабырқап қала ма деп,

Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.

Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,

Мамырды жас күнінен біледі екен,

Асықтығын айта алмай, іштен жаньш,

Құрбымыз деп құр ойнап-күледі екен.

Мамыр жылқы бағады күндіз барып,

Тымақ киіп, қолына құрық алып,

Қшіқаман Мамырменен малда жүріп,

Біраз сөз сөйлесіпті кез боп қалып.

Жігіт сонда қызға өзін сүйдірмекке,

Ғашық болса, оны да түйдірмекке,

Жүмбақ-мыеал сықылды бір сөз айтты,

Көңіліндегі мақсұтын күйдірмекке.

— Әй, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,

Хауа-Ананы Адамға қаратыпты,

Бірін еркек, біреуін әйел қылып,

Екеуінен көп жанды таратыпты.

Құдай неге қылмаған Адамды тақ,

Балаларын өзінен өсіріп-ақ,

Хауаны жаратудан мақсұты не? —

Сол арасын білуге ақылым шақ.

— Әй, Қалқаман, теңі жок құдай жалғыз,

Мұқтаж емес жолдасқа, тіпті армансыз,

*Еркек шора - еркек бшіаша киініп жүргсн қыз (Авгорлық түсіндірме).

2-003

Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз

Өмір қызық дегенді естен қалғыз!

Жоқ болса махаббатлы бір сүйгенің,

Ойлашы, керегі не дүниенің?

Сүйсін, жолдас болсын деп жаратты Алла,

Бұл туралы білгенім осы мснің.

Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын,

Сөйтсе-дағы тағы бір сөзім дайын:

Махаббатлы жарым жоқ, жәрдемшім жоқ,

Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын?

Қалқаманның мақсұтын Мамыр білді,

Аз ойланып, үндемей сабыр қылды,

Жылы жүрек өзіне жар тапқандай,

Тыншымады, тулады, жүз құбылды.

Қызарды, бір ағарды байдың қызы,

Бетке шыкпай қоя ма жүрек ізі,

Іші ыстық, сыртқы дене суық тартып,

Салқын термен мөлдіреп нұрлы жүзі.

Аздан соң Мамыр айтты:

Әй, Қалқаман,

Байқадым, сөз аяғы бізге таман.

Қазір жауап берерлік уақытым емес,

Сөйтсе де үміт үзіп, өлмек жаман. . .

Мұны айтып, амандасып Мамыр кетті,

Күн сайын Калқаманнан сабыр кетті,

Мамыр бүгін қыздарша киінді деп,

Қалқаманға бір күні хабар жетті.

Қуанды атқан оғым тиді ме деп,

Мен үшін қыз киімін киді ме деп,

Қауіп шіркін тағы да ойлатады,

Менен басқа біреуді сүйді ме деп.

* * *

Ол күнде жерге талас қазақ, қалмақ,

Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ.

Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп,

Тобықтының бәрі де тойға бармақ.

Той қылған Орта жүз Сәмеке хан,

Жиылды той болған соң бірталай жан.

Бай, бәйбіше, үлкендер сонда кетіп,

Жас-жігіт, қыз-келіншек үйде қалған.

Қазақта бастан* деген бір ырым бар,

Мал сойып, жастар ойнап бір жылысар,

Қалқаман бастап қыл деп қызға келді,

Азар болса, бір тоқты шығын болар.

Сойғызды Мамыр сонда тоқтыны әкеп,

Ойнады қыз-бозбала етінен жеп,

Оңашада Қалқаман Мамыр қызға

Ымдады бір жауабың болмай ма деп.

Айтса да қыздан жауап үміт етіп,

Естімеген кісі боп қалды кетіп,

Сөйтсс дағы сонда айгқан сөзі мынау,

Еш адамға елеусіз өлеңдетіп:

“Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,

Бүрсігүннен арғы күн болады алыс,

Жас кісіде бар болса жігер, намыс,

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс”.

Солайша жауап берді Қалқаманға,

Бұл сөзі байқалмады басқа жанға.

Бүрсүгіні қамыстан жолықпасаң,

Мсн саған жоқ деді ғой байқағанға.

* Бастан -- Әке-шсшесі үйде жоқта қыз балалар мал сойып, құрбыларын жипап ойнайды. (Автор).

Қалқаман оймен шешті қыздың сөзін,

Таптым деп шешуінің аңық өзін,

Бүрсүгіні күн бата сол қамысқа

Келіп кірді сол ғой деп айтқан кезің.

Ел жата қыз да келді шоқ қамысқа,

Қалқаман айтты сонда көз танысқа:

Бүгін кешке осынан жолыкпасаң,

Кетемін деп неге айттың тым алысқа?

Әй, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған,

Біржолата келген жоқ Мамыр саған,

Тағдыр бізді қоспады, айып етне,

Ертең құда түседі біреу маған.

Кеше білдім төбемнен ұрғандығын,

Құдалықтың дап-дайын тұрғандығын;

Бүрсүгіннен кешіксең, жауап жоқ деп,

Сол еді сөз ишарат қылғандығым.

Әке берсе қыз болмас кімге қатын,

Кайтейін, сенде-ақ еді махаббатым.

Еркекше киімімнен үялам деп,

Уақыт өтті, сол болды қатты оғатым.

Алдыңа кешу сұрай келіп түрмын,

Көзге тірі болсам да өліп тұрмын,

Қалқаман, осы саған қоштасқаным,

Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.

  • Әй, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң,

Сүрау жоқ озің сүйіп тандамасаң,

Ер жеткен қыз еркімен ерге барар,

Молдалардан естідім әлдеқашан.

Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа,

Құдайға хақ, сөзім жөн шариғатқа,

Басы Бабаң, аяғы шала молда,

Бәріне аңық оқыған жамиғатқа.

  • Қалқаман, рас болса айтқан сөзің,

Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.

Сүйген жарым, сүйенген жақыным — сен,

Не қылсаң да біле бер мейлің өзің.

  • Олай болса кетейін қазір алып,

Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.

Азар болса мал алар, адам алмас,

Тобықтыны жиярмын бара салыл.

  • Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір, Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір,

Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,

Сен сау калсаң, болар ем мен-ақ нәзір.

Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденсні,

Шариғат қосады екен немерені.

Қайғы ойлап, жаман ырым айта берме,

Алаңсыз сүйген болсаң аңық мені.

Мамыр айтты:

Мен сенсіз тірі тұрман,

Үш қайырдым сөзінді мен антұрған,

Бір құдайға сиынып ал да жөнел,

Жолында өлсем разымын, жаным құрбан!

Алдандырдым мен сізді сөзбенен құр,

Тәуекел деп Аллаға, тез жылдам жүр.

Заман қандай болар деп дайындап ем,

Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.

* * *

Мінді де екі ғашық кетіп қалды,

Ауылға бір сагагга жетіп барды.

Не болса да қылдым мен бір жұмысты,

Бара сала Олжайға кісі салды.

Олжай барды Бабаңа түн ішінде, Қысылшандық бар еді жүрісінде,

Бабаң басын көтеріп Олжайға айтты:

  • Here келдің, асыққан жұмысың не?

  • Қалқаман қашып келді Мамырды алып,

Қапы болдық өзгеміз білмей қалып,

Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба,

Ақыл сұрай келіп ем сізге салып.

Бабаң мұны есітіп қайғы жеді:

  • Бір жаман түс көріп ем бүгін, — деді,

Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен,

Көкенайдың мінезі қатаң еді.

Көкенай — Мәмбетейдің бастаушысы,

Өзі батыр, мінезі қатты кісі,

Сол кісінің алдынан тараушы еді

Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.

Бабаң айтты:

  • Кете алмас бір жас бала,

Тобықтыға хабар қыл бара сала,

Болар іс болған шығар, малды аяма,

Өзі оңдасын ақырын хақ тағала.

Тобықты, Қанжығалы, Бәсентиін,

Атығай, Қарауыл мен бәрі жиын,

Бабаң хабар айтқан соң ел жиылды,

Сөйтсе де сөз аяғы болды қиын.

Мәмбетей жатып алды ырық бермей,

Қалың мал ал, біт деген сөзге келмей,

Қалқаман мен Мамырды өлтірмссе,

Кетеміз деп Бабаңды тіпті көрмей.

Бабаң айтты:

  • Өлтірер жұмыс емес,

Таспенен атып өлтірмек — бұл іс емес.

Біреудің некелісін бұзбаған соң,

Қанына ортақ болу дұрыс емес.

Көкенай тағы көнбей жатып алды,

Бітім болмай, неше күн жұрт сандалды.

“Қалқаман мен Мамырдың дауындай” деп,

Мақал болып бұл елге сонан қалды.

* * *

Бітім болмай, созылды сөз аяғы,

Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы.

Бір күні төркініне амандаса

Мамыр келді, тағдыр ғой ол баяғы.

Көкенай бітпей жүрген сөзді ұзартып,

Сол күні келген екен аңнан қайтып.

Анау бір топ жаяу кім деп сұраса,

Ол — Мамыр деп бір қойшы қойған айтып.

Ести Сала садағын қолына алды,

“Мамырдан аулақ жүр! — деп айғай салды,

Ұялмай жүзқараның жүргенін!” — деп

Аямай қак, жүректен атып салды.

Бүкшиіп, иман айтып, қаны кашып,

Қолтығын қолыменен тұрды басып.

Бишара, бір-екі ауыз тілге келді,

Өзін атқан кісімен арыздасып.

- Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,

Ісім жөн, бір қүдайға көңілім хақ,

Мойныңа менің қаным халал болсын,

Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.

Екі қан ауыр болар бір озіңе,

Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе,

Айырған екі ғашықты оңа ма екен,

Деп түрсың алғыс айтар кім өзіңе?

Тілегім келді орнына, арманым жоқ,

Артында Қалқаманның қалғаным жоқ,

Мені сен өлтіргенмен жасармайсың,

Сөйткенмен жас жанымды алғаным жоқ.

Қалқаман, аман бол!. . — деп көзін ашты, Алла. . . — деп, алақанмен көзін басты. Қоштасып қасындағы қатындармен,

Опасыз бұ жалғанға амандасты.

* * *

Көкенай жиды барып Мәмбетейді,

Өлтірдім тентегімді өзім дейді,

Бабаңа кісі салды дамыл бермей:

“Ол неге Қалқаманды өлтірмейді!

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын, Қорлыққа тартып алған шыдамаймын,

Егер де Қалқаманды тірі қойса,

Ел болып Кішікпен бас құрамаймын.

Уа, Алла! Біз кетеміз қазір ауып,

Менен басқа туысқан алеын тауып!”

Бұл хабар Тобықтыға жеткеннен соң,

Сөзінен елдің бәрі қылды қауіп.

Бабаң айтты:

  • Ел бітпес оныменен,

Жүрейік шариғаттың жолыменен,

Бір еркек, бір қатынның құнын алсын, Мәмбетей разы болсын соныменен.

Көнбейді Мәмбетейлер оған тағы:

  • Ауамыз біз болсақ, — деп, — қор қылмағы, Әнет-Бабаң әділет қылмаған соң,

Көз кормеске жат болып кеттіктағы.

Көп берген түкке тұрмай қалың малы,

Ем болмады жалынып айтқан жалы, Тобықты осы сөзге қақ бөлініп,

Болысты Мәмбетайға Қанжығалы.

Әй, Баба, тәңіріге аян адал ісің,

Сөйтсе де ел бүлінер бір бала үшін,

Болған соң қазақ та жау, қалмақ та жау,

Бұл елдің обалына қалмаймысың.

Болсын да Мәмбетайдың бір айтқаны,

“Еркек тоқты — құрбандық” деген қані?

Қалқаман Тобықты үшін жанын қиса,

Кетпей ме шаһит болып оның жаны!

Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі,

Не қылсын көп наданға жалғыз кәрі.

“Кеселі көпке болып жүрмегей!” — деп,

Бабаңның шын кейіген шықты зары.

Салған соң өңкей надан көбтік күшке,

Қалыпты қайран Бабам қиын іске,

“Бір Алла, өзіңе аян жүрегім” — деп,

Байлапты өлтірмекке ертең түсте.

Бабаңның нұр жүрегі болды мүздай,

Жазасыз жасқа ешкімнің қаны қызбай,

Мысалы көз алдында тұрған жоқ па,

Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай?!

Аллаға Бабаң сонда сиыныпты,

Акқан тер нұр жүзіне құйылыпты,

"Калқаман жүйрік атпен шауып өтсін,

Көкенай сонда атсын!. . ” — деп бұйырыпты.

Өлтірсе, оғы тисе, өзі айтқан жол,

Онан кетсе, түкте жоқ, бітімі сол!

Мәмбетей шуылдады разымыз деп,

Осыған тамам Арғын басыпты қол.

Көкенай құлдық дейді бұл билікке,

Мәмбетей шығып тұрды бір биікке,

Мінгізді Қалқаманды алып келіп,

Дейтүғын Ардакүрең бір жүйрікке.

3-003

Төгілді көзден жасы көрген жанның,

Шолағын қарай көр деп бұл жалғанның.

Жиналған көп қауымға қарап тұрып,

Қоштасқан сөзі мынау Қалқаманның:

Ай, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,

Орнына бауыздадың айтқан малдың.

Өз бауырын оққа байлап өлтірді деп,

Калдыңдар обалына мына шалдың.

Назасы нақақ жанның қате кетпес,

Деймісің қалмақ сені тентіретпес.

Мамырдан қалған жанның керегі не,

Ісім ақ, қосылармын, еш нәрсе етпес.

Белгілі Мамырдан соң көп жүрмесім,

Дәм-тұзын Орта жүздің жеп жүрмесім,

Жалғыз-ақ Тобықтының дүшпандары

Рақымсыз, бауырсыз ел деп жүрмесін.

Қош, Баба, бата бер! — деп түрегелді,

“А, құдай, сақтай көр!” — деп бата берді.

Жөнелді күрең атпен сырылдатып,

Ажалға көпе-кернеу байлап белді.

Көкеней садақ тартты дүрілдетіп,

Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп,

Әйтеуір, ұлы дене аман қалды,

Оң жақта қара саннан өтіп кетіп.

Атының жалын құшып жүріп кеті,

Басына бір төбенің барып жетті,

Бір жеңін көйлегінің жыртып алып,

Аузына жарасының таңу етті.

Ат қойды а қүдайлап көп бозбала,

Ажалдан қақты ғой деп хақ тағала,

Той қылып, ат шаптырып ойнаймыз деп,

Жабылды үйге жүр деп бара сала.

Қалқаман айтты:

  • Тоқта, құрбыларым,

Жоққа есеп осы күнде менің барым.

Аямай елім оққа байлаған соң,

Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,

Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.

Өлерде аямады, — қайда аяйды,

Сендерге енді мойын бұра алмаймын.

Соны айтып, қамшы басты күрең атқа,

Қуса жеткізбеді жәмиғатқа,

Ұлы жүз Елібайда нағашысы,

Жөнелді соған қарай Бұхар жаққа.

Қалқаман сол кеткеннен кетіп қалды,

Халқыңа Әнет-Бабаң хабар салды.

Жаз шыға Қалқаманды іздейміз деп,

Тобықты ат жаратып дайындалды.

* * *

Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл,

Қазақ-қалмақ атысқан мұны да біл. Қалмақтың бастаушысы Cyaн Раптан,

Өзі батыр, соғысқа дым айлашыл.

Шөп құрып соғысыпты қазақ-қалмақ,

Қорқаққа оңай емес шепке бармақ,

Бабаңның бес баласы садаққа ұшып,

Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.

Қазақты ол ұрыста қалмақ алды,

Үш есенің екеуін қырып салды,

Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.

Осы жол бар қазаққа белгілі жол,

Ақтабан — шұбырынды дегені сол,

Жаяу жүріп табаны аппақ болып,

Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.

Сол себептен Қалқаман қалды ізделмей, Іздемеймін деген жоқ, шама келмей,

Ол түгіл, Әнет-Бабаң көшке ере алмай, Тірідей дөң басында қалған өлмей.

Тұқым бар Қалқаманнан осы күнде,

Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде.

Өздері Елібаймыз десе керек,

Білмейді кейінгісі бізді мүлде.

Бар болса Қалқаманның нәсілдері,

Оқыған осы өленді талапты ері.

Осында туысқаны Олжай, Бәкең,

Семипалат облысы тұрған жері.

Хан Шығыс деген тауда тұрмыз біз де,

Егер де іздессңдер сонан ізде.

Тобықтыда Құнанбай қажы десе,

Басты кісі — біледі Орта жүзде.

(Құдайбердіұлы Шәкәрім. Жолсыз жаза. А. , Жалын, 1988. 151-168-б).

Шәһкәрім қажы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]