Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекциялар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.55 Кб
Скачать

Жоспар:

1.     Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысы

2.     Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру

3.     Тәрбие сағатын ұйымдастыру әдістемесі

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат - оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету. Соған орай, жеке оқушымен жұмыстың мәні - оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті тәрбиелеу. Ол үшін мына жағдайларды ескеру қажет:

  1. Бала жанын жақсы түсіну.

  2. баланың таңдау еркіндігін қолдау.

  3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

  4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету.

Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынаста тікелей және жанама түрде ықпал етуге болады. Тікелей әсер етуде мұғалім талап қою немесе ұсыныс жасау арқылы тікелей ықпал етеді. Жанама әсер етуде мұғалім өзінің ықпалын тікелей оқушыға емес, оның ортасына (сынып оқушыларына немесе жолдастарына) бағыттайды.

Салауатты өмір салты дегеніміз не? Салауаттылық дегеніміз деннің саулығы, яғни дене, моральдық және әлеуметтік саулықтың жағдайы. Өмір салты  деп адамның денелік, интеллектуалдық, еңбек әрекетін, тұрмыстық қарым-қатынасын, мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын, жұмыс, демалыс ерекшелігін айтуға болады. Салауатты өмір салты күрделі мәселе. ХХІ ғасыр адамы дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы керек. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы. Оқушыларды алдына өмірлік маңызы бар мақсат қоя білуге, тәрбиелеу қажет. мақсатқа жету үшін ерінбей, шалдықпай еңбек ету керек. Дені сау адам ғана қажымай еңбек ете алады. Салауатты өмір салтының үш негізі бар: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Салауатты өмір сүру идеясы мен әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуы тиіс. Ең алдымен оқушыларды салауатты өмір сүруге ынталандыру керек. Ол үшін басшылыққа алатын ережелер құрастырылады.  Ережені құрастырғанда ғалымдардың, дәрігерлердің кеңесіе ескерген жөн.

Дәріс № 11. Дарынды және қиын балалармен жұмыс әдістемесі

Жоспар:

1.     Дарынды балалардың ерекшелігі

2.     Қиын балалардың пайда болу себептері

3.     Балалармен жұмыс әдістемесі

Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту мәселесі бүгінгі күні әлемде кең тараған және көптеген жоғары дамыған мемлекеттерде маңызды деңгейге жетіп отыр. АҚШ, Жапония, Германия және Ұлыбританияда берілген мәселе ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап, қоғамның интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға бағытталған  жалпы мемлекеттік іс болып қабылданды. Қазақстанда бұл мәселе ХХ ғасырдың аяғында ғана мемелекеттік статусқа ие болды.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3002 Жарлығы тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы жаңа деңгейді айғақтайтын ең алғашқы әрекет болды. Осы кезден бастап дарынды балалар қоғам мен мемлекеттің негізгі интеллектуалдық потенциалы ретінде қарастырылып, бағалана бастады.

Дарынды балалар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатты оряндау бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық-құрылымдық және мазмұнды іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

-   дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестірудің негізгі стратегиясын анықтау;

-   Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалының қалыптасуының біріккен, үздіксіз үрдісін дамыту және сүйемелдеу;

-   талантты жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуына ат салысу;

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

-   дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдау бойынша білім беретін мекемелердің іс-әрекетін реттеудің құқықтық базасын құру;

-   дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестіру бойынша практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құрастыру;

-   әр түрлі мекемелерде дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы;

-   дарынды балалар мен жастарды дамыту мекемелерінде кешенді дамыту бағдарламаларын қалыптастыру, дарынды балалар және жастармен жұмыс жасау үшін педагогикалық кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру;

-   дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау және қолдауды жүзеге асыту;

-   оқыту үрдісінде дарынды балалар мен жастарды анықтаудың және таңдау технологияларын құрастыру;

-   бюджетте қарастырылған қаражат негізінде қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыру;

-   білім берудің жаңа технологияларын құрастыру және жүзеге асыру.

Қиын  балалар  дегеніміз – түрлі  себептермен  мектепте,  отбасында  жүргізілетін  дәстүрлі  тәрбиеге 

көнбей,  жағымсыз  қылық,  теріс  тәртіп,  бұзақылық  көрсетулері  тұрақтылыққа  айналған  балаларды  айтамыз  (педагогикалық  энциклопедиядан  алғанда –

баланың  тәртібінің  нормадан  тыс  ауыткуы).

Қиын  балалар  барлық  жаста  пайда  болады,  әсіресе  жеткіншік  шақта өте  көп   кездеседі.  “Қиын”  балалар  қатарына  психикалық  дамуы  уақытша  баяулаған,  тез  ашуланшақ,  уайымшыл,  өзін  төмен  санайтын,  мінез-құлқында  психопатиялық  формалар  кездесетін,  кейде  ашулары  қайнағанда 

дәрідәрмек  беру  арқылы  қозу  күйін  тежейтін  балалар  жатады.  Осындай  оқушыларға  педагог  тарапынан  гуманистік  қасиеттер  мен  этикалық  талап-тілектер  қоя  білетін  педагогтық  шеберліктер  қажет.

Қиын  балаларды  зерттеудің  қорытындысы  дәлелдегендей,  олардың 

пайда  болуына  бірден-бір  себепші  болатын  және  жағымсыз  жағдай  туғызатын - отбасы  тәрбиесі. Оның  бастылары:

  1. баланың  күнделікті  жүріс-тұрыстарын  қадалағамау;  оның  көзінше  арақ-шарап  ішу,  дау-жанжал,  ұрыс-керіс  туғызу. 

  2. тәрбиенің  көзі - баланы  киіндіру,  тамақтандыру,  мұң-мұқтаждығын  қамтамасыз  ету  деп  санаушылық.

  3. жастайынан  еңбектену  әдет-дағдыларын  қалыптастырмау,  оқушының  жан-дүниесіне  көңіл  аудармау,  отбасындағы  ажырасу  және  жаңа  адамның  отбасы  мүшесі  болып  енуі  де  себеп  болады. 

Демек,  мұндай отбасындағы  балалар  жылылықты,  сүйіспешілікті,  бірін-бірі  сыйлау  сияқты  қасиеттерді  сезінбейтіндегі  аян.

Отбасындағы  тәрбиеден  кеткен  кемшіліктер  мектеп  жағдайында  одан  да  бетер  шиеленісе  түстіндігі  айқын.  Себебі,  мектепте  де  баланың  жеке 

басын  сыйламай,  әкімшілік  көрсете  беру  баршылық.  Мектеп  мұғалімдері 

мен қиын  балалардың  қарым-қатынастары  “ақыл”  айтумен,  ұрысу,  ар-ожданына  тию  тәрізді  педагогикаға  жат  әрекеттермен  сипатталынады.

Мектептегі  қиын  балалардың  сабақты  үлгермеулеріне  көп  жағдайда мұғалімдер  кінәлі.  Себебі,  сабақта  оқушылардың  дара  бейім-қабілеттерін  ескермеуден,  оқу  материалдарына,  оқуға  деген  қызығушылықты  дамыта  білмеуден,  факультативтік  сабақтарды  жоспарлы  түрде  ұйымдастырмаудан  оқушылар  үлкен зиян  шегеді.

Көп  жағдайда,  қиын  балалардың  80-90%    сабақ  үлгермеушелер:  Сонымен  қатар,  әлі  де  болса  көптеген  мектептер  оқушыларды  қоғамдық  жұмыстарға  тартуда.  Әлсіздік  көрсетсе,  мектептен  тыс  мекемелер  өз  қанатының  астына  қиын  балаларды  қамтымай  келеді.  Отбасындағы,  мектептегі  тәрбие  жұмыстарынан  кеткен  кемшіліктер  жинақтала  келе,  қоғамдық  тәрбиедегі  қателіктермен  байланысып  қиын  балалардың тәртібін  одан  әрі  шиеленістіре  береді.

Тәрбиедегі  қиындықты  туғазатын  тағы  бір  жәйт - кездейсоқ  балалардың,  топтардың жекелеген  оқушыға  тигізетін  теріс  ықпалы  педагогтың  назарынан  тыс 

болмауы  қажет.  Өйткені,  жеткіншек  жастағы  балада  өз  қатарындағы 

құрбыларымен  достық,  жолдастық  қарым-қатынаста  болу  мұқтаждығы  сияқты  ерекшелік  болады.

Көптеген  зерттеулердің  дәлелдегеніндей,  оқушылардың  мектептен  тыс  кездеріне  тиянақты  түрде  араласып,  сырласып  тұратын  компаниялары,  серіктері  баршылық.  Бұл  серіктес  достардың  ұстаған  бағыты  дұрыс  болса  жақсы,  ал   оған  керісінше  болса  уақыттарын  қалай  болса  солай  келеңсіз  өткізіп,  бір  істен  екінші  бір  іске  ауысып,  бұзықтық  жасауға  қолайлы  жағдайлар  туады.

Өтірік  айту  тек  олардың  арына  тиетін  жағдайларда,  яғни  күшпен  әсер  етуде  ғана  емес,  ешқандай  сырттай  қысым  жасалмай-ақ  өтірік—фантазия  құрып  айтуға  икем  болады.

Тәрбиесі қиын балалармен жұмыста сынып жетекшілері мына мәселелерді ескеруі керек:

а) Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін;

ә) Кемшіліктерін терең зерттеу;

б) Тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру;

Тәжірибеде оқушы тәртібінде, мінез-құлқында  ауытқулар  кездесіп  отырады.  Сондықтан  тәрбиелеу  жұмысында  қайта  тәрбиелеу  де  орын  алады.  Қайта  тәрбиелеу  оқушы  жүріс-тұрысындағы  ауытқулардың  алдын-алуға  және  жеңуге  бағытталады. Қайта  тәрбиелеу - тұлға  құрылымын  түгел  қайта  құру, адамның  барлық  психологиялық  сапаларын  қайта  жасау.  Түзету  деген 

ұғым да бар. Оны оқушы сапасындағы және жүріс-тұрысындағы  жеке  кемшіліктерді  жеңу  деп  түсінуіміз  керек. Әрбір  қиын  балаға  жинақталған  мінездемелерді  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп,оларды  қайта  тәрбиелеуде  жеке  тәрбие  жұмыстарын  ғылыми тұрғыдан  ұйымдастырған  жөн. Осы  саладағы  қайта  тәрбиелеу  әдістерінің  бірі — этикалық  әңгімелесу,  ол  оқушыны  зерттеп  тануда,  тәрбиелеуде,  қайта 

тәрбиелеуде  және  жеке  тәрбие  жұмыстарында  өз  ерекшіліктерімен 

танылуда.

Әңгімелесу оқу-тәрбие  үрдісінде  ең  қажетті  құрал.  Оқушының  жеке  уайым-қайғысы,  кейбір  моральдық  нормаларға  жатпайтын  іс-әрекеттері,  отбасы  жағдайындағы  ыңғайсыз  келіспеушілік  қылықтар  жайлы этикалық  мәселелерді  оқушылар  арасында  жария  етуге  болмайды  немесе  қиын  баланың  кейбір  қылықтарының  себебін,  ауыр  сезімдер,  қайғы-қасіреттерін  сынып  ұжымы  түсінбеуі  де мүмкін. Осындай  жағдайда  тәжірибелі  сынып жетекшісі  баланың  басынан  өткен  оқиғаны  немесе  әр  түрлі  жағдайларды 

дұрыс  түсінуге,  болмаса  ұжымның  объективті  түрде  ұғынуына  әңгімелесу,  сырласу  арқылы  көздерін  жеткізеді.  Бір  ескеретін  ерекшелік,  қиын  бала 

мағынасыз  әңгімелерді  жақтырмайды.  Жөнсіз  арнайы  әңгімелесуге  тарта 

беріп мазасын  алса,  әр  уақытта  олар  қарсылық  көрсетеді.  Қиын  жас 

өспірімдер  дербес  мінезді,  өмір  тәжірибелері  ұлғайып,  айналасындағы 

адамдармен қарым - қатынасы  күрденеліп,  көп  жағдайда 

тәуелсіздікке  талаптану  әрекеттері  жеке бастарын  жоғары  санаушылыққа,  өркөкіректікке  итермелеп,  дау-жанжалдасуға,  дөрекілікке,  қатыгездікке  себепші  болатындығын  жеке  тәрбие  жұмысында,  соның  ішінде  жеке  әңгімелесу  тәсілдерімізде  ескерген  жөн.Қиын  оқушымен  әңгімелесуге  қойылатын  талап,  олардың  дара  және  жас ерекшіліктерін  жан-жақты  білу  қажет.

Дәріс№  12. Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістемесі

Жоспар:

1.     Кәсіби бағдар педагогикалық категория ретінде

2.     Кәсіби бағдар берудің мазмұны

3.     Кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру әдістемесі

Кәсіптік бағдар беру - шешімі табылуға тиіс өте күрделі, кешенді мәселе. Өзінің  әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік сипаты бар.

Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтың және еңбектің әр түрлерімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай оларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсету процесі ретінде қарастырылады.  Солардың негізінде ол халық шаруашылығы мен мәдениетінің негізгі салаларымен оқушыларды таныстырады, кәсіби бейімділігі мен қызығушылығын қалыптастырады.

Мамандықты таңдау оқушыларды алдағы болатын қоғамдық пайдалы әрекетке шешуші сынақ ретінде болады. Онда жасөспірімдердің әлеуметтік және рухани тұрғыдан  пісіп жетілуі көрініс береді.

Мектеп педагогикасы тұрғысынан қарағанда, кәсіптік бағдар беру - жалпы, политехникалық және еңбекке даярлау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, еңбектің түрлерімен таныстыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі деуге болады.кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік адаптация, кәсіптік іріктеу кіреді.

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауға байланысты баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістер қолданылады: оқушылардың құжаттарын, жазба жұмыстарын зерттеу, анкета, әңгіме. педагогикалық эксперимент, педагогикалық бақылау.

Кәсіптік білім беру - бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Мамандықты саналы таңдауда екі түрлі нәрсені ескеру қажет: біріншісі  оқушылардың білім деңгейі, екіншісі оқушылардың жеке қасиеттері. Оқушылардың білімі терең де тұрақты болуы керек. сол сияқты жеке қасиеттері оқушы таңдаған мамандыққа сай келуі керек.

Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсету. Оқушының мамандыққа сәйкестігі жөнінде шешім қабылданады. Кәсіптік консультация үш кезеңге бөлінеді: дайындық, аяқтау, анықтау. Дайындық консультациясы - оқушыларға жыл бойы дұрыс кәсіптік бағдар беру. Аяқтау консультациясы кезінде оқушылардың бейімділігі, психофизиологиялық қабілетінің сәйкестігі анықталады. Анықтау консультациясы кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі. Онда таңдаған мамандыққа адамның денсаулығының сәйкес келуі, психофизиологиялық дайындығы анықталады, жұмысқа орналасу жөнінде анықтамалық ақпарат беріледі.

Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта жіне ЖОО, әртүрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға әртүрлі талаптар қояды. Кәсіпорындар жастарды жұмысқа іріктеп алады. Кәсіптік іріктеудің мақсаты - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдығы не жарамсыздығын анықтау. ол үшін адамның жағымды, жағымсыз жақтарын білумен қатар, оған мамандық қоятын талаптарды білу керек. Оған байланысты профессиограмма жасалады. профессиограмма - белгілі мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу, жазу. Профессиограмманы құруға педагогтар, психологтар, физиологтар мен дәрігер мамандар қатысады.

Кәсіптік адаптация - жастардың еңбек ету жағдайына бейімделуі.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысымен бүкіл ұжым айналысады. Сынып жетекшісі сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлайды, ақпараттарды ұйымдастырады. Пәе мұғалімдері өз сабақтарында еңбектің әр түрімен таныстырады. Кітапханашы мұғалімдерге, сынып жетекшісіне көмектеседі. Мамандық туралы кітаптар, мақалалар көрмесін, оқырмандар конференциясын, тақырыптық кештер ұйымдастырады, кәсіптік бағдар беру мәселесіне байланысты библтография жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлайды,  кәсіптік бағдар беру кабинетін ұйымдастырады, онда анықтамалық материалдар жинайды, сынып жетекшісіне оқушыға психолого-педагогикалық мінездеме жазуға көмектеседі, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізеді,

Мектеп директоры барлық жұмысқа жауап береді. ол кәсіптік бағдар беру жұмысын басқарады, бақылайды.

Дәріс №13. Оқушының тәрбиелілігін диагностикалау әдістемесі

 Жоспар:

1.     Тәрбиелік процесті бақылау және бағалау

2.     Тәрбиеліліктің көрсеткіштері

3.     Тәрбиелілікті зерттеу әдістері

Тәрбиелік процесті бақылау ең алдымен оқу процесінің барысында жүреді, өйткені тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.

Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі.

Оқушы тәрбиелілігі -  оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижесін анықтау - оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтау деген сөз.

Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы дигностикалық әдістер арқылы білуге болады. Олар: сауалнама (анкета), шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті таңдау" орнына қояды және бұл таңдау арқылы ол жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.

Тәрбиелілікті әңгіме-сұқбат, бақылау арқылы анықтауға  болады.  Әңгіме топпен де, жеке оқушымен де жүргізіледі. Сұрақтар ашық не жабық, тура не жанама болуы мүмкін. Бақылау кезінде баланың сыртқы көрінісі, мимикасы, тілі, қылықтар, қоршаған ортамен қатынасы байқалады.

Дәріс № 14. Отбасы тәрбиесінің негіздері

Жоспар:

1.     Отбасы -  тәрбие факторы

2.     Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері

      Отбасы тәрбиесi – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналармен жанұя мүшелерiнiң тарапынан жасалатын ықпал процестерiнiң жалпы атамасы. Әлеуметтiк, отбасы және мектеп тәрбиесi ажырамас бiрлiкте орындалатын iстерi ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенiң мектеп тәрбиесiмен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ол сол мәселенiң әлеуметтiк жағдайлары әлеуметтiк педагогиканың үлесiнде. Отбасының жетекшiлiк маңызы онда тәрбиеленiп жатқан адамның тән дене және рухани дамуына әсер етушi ықпалдар мәнi мен мағынасының тереңдiгiне тәуелдi келедi. Бала үшiн отбасы бiр жағынан – тiршiлiк қоршауы болса, екiншi тараптан тәрбиелiк орта. Баланың алғашқы өмiрi жағдайндағы отбасы ықпалы басқа жағдайлармен кейiнгi жас кезеңдерiндiе болатын ықпалдардан басымдау келедi. Зерттеу деректерiне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзi де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос – жарандар да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кiлтi де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келiп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелiлiгi ең алдымен отбасына тәуелдi. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелiк ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани- адамгерщiлiк, еңбектiк тәрбиесiнiң өнiмi де жоғары. Аса бiр кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуi келесi заңдылыққа тәуелдi: жанұя қандай болса, онда өсiп, ер жеткен адам да сондай. Жеке адамның қалыптасу процесi мен оның нәтижесiне болар отбасы тәрбиесiнiң күшi мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелiк шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениеттi елдер ұстанған бұлжымас ереже.

     Неке мен отбасыға деген көзқарас, халықтық және ұлттық үрдiстердi естен шығару инабаттылық принциптерiнен тайғу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдiк, iштей тәртiптiң болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлi-зайыптылар арасында жоғары белең ажырасулар – бәрi де отбасындағы бала тәрбиесiне болатын терiс ықпалдар көзi.

Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесiк. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесiгiңдi түзе» - деп ұлы ұґлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық  қатынастар негiзi қаланады, бүкiл өмiрге жетер еңбектiк және әлеуметтiк бағыт- бағдар түзiледi. Отбасыда өз ретiмен қарапайым да жеңiл шешiлiп жатқан көптеген проблемалар, есейген ересек шақта бiтiскен шырқалаң күйге түсiп жататыны баршаға аян.

     Жоғары да әңгiме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесiдей қорытындылар жасауға болады:

-         отбасы ықпалы басқа тәрбиелiк әсерлердiң бәрiнен де күштiрек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуi мүмкiн де, бiрақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

-         Отбасы тұлғаның әлеуметтенуiн қамтамасыз етедi, оның тәндiк, моральдық және еңбектiк тәрбиесiне болған мүмкiндiктердi мейлiнше шоғырландырып, iске қосады.

Қоғамның азамат мүшесi отбасыдан бастау алады, қоғам келбетi отбасыдан көрiнедi:

Отбасының аса маңызды әлеуметтiк қызметтерi – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерiн кемелдендiру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам мүшесiн жетiлдiру.

Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.

Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Репродуктивтік - баланың туылуы.

  2. Тәрбиелілік - отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасау.

  3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.

  4. Коммуникативтік -  отбасылық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.

  5. Рекреативтік -  іс-әректті ұйымдастыру.

Обасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы конвенция" маңызды негізгі құжат болып табылады. Конвенцияда: "балаға, дене жағынан және ақыл ойы жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау қажет", - деп жазылған.

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажеттін" орындамаған жағдайда өз құқықтарынан айрылады.

ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

  1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік, және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.

  2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті.

  3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған "Неке және отбасы туралы" Заңның 52 тарауында былай делінген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар".

Дәріс №15.  Мектеп пен ата-аналардың ынтымақтастығы

Жоспар:

1.     Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының мазмұны мен міндеттері

2.     Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының формалары

Мектеп пен ата-аналардың бірлесіп атқаратын жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен іс-әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. сынып жетекшісі мектеп пен отбасының арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен тығыз жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қажет етеді. Ата-аналармен жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

  • Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;

  • Атбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;

  • Ата-аналар ұжымын құру;

  • Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесін мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;

Осы міндеттерге сай сынып жетекшісі келесі бес қызметті атқарады:

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен таныстыру;

  2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;

  3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру;

  4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру;

  5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс;

 Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы, т.б.

Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты ата-аналардан құрылған қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпымектептік ата-аналар комитеті) және сыныптық (сыныптық ата-аналар комитеті) жиналыстырда сайланады. Ол 5-6 адамнан (төрағасы және негізгі міндеттерді бөліп алған мүшелерден) тұрады. Ата-аналар комитеті  мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие шараларын ұйымдастыруға, өткізуге көмектеседі.

Ата-аналар жиналысы немесе конференциясы жалпы мектеп бойынша, не сынып бойынша өтеді. Онда отбасы мен мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің маңызды мәселелері талқыланады. Жалпымектептік ата-аналар жиналысы жылына екі не үш рет өткізіледі. Сынап ата-аналар жиналысында сынып өмірі, оқу үлгерімі, тәртібі туралы ақпараттар беріледі.

"Ашық есік" күндері ата-аналар сабақтарға қатысады, балалардың сабақтағы белсенділігін бақылайды, оқушылардың өнерін тамашалайды, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]