Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.55 Кб
Скачать

Оқушылар ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазу үлгісі

 І. Сынып туралы жалпы мәліметтер

 1.      Сынып

2.      Оқушылар саны

3.      Оның ішінде: ұлдар -            қыздар –

4.      Сыныпта  «қиын» балалардың болуы

 ІІ. Сыныпқа мінездеме

1.      Оқушылардың ынтасы, белсенділігі, оқуға деген жауапкершілігін сезінуі. Сыныптағы үлгермеушілердің үлгермеу себептері. Ұжымдағы өзара көмек.

2.      Сыныптағы жалпы тәртіп. Тәртіп бұзушылар, ұжымның оларға қатынасы. Сынып белсенділерінің тәртіп орнатудағы ролі.

3.      Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы. Ұжымның басқа ұжымдармен байланысы.

 ІІІ. Сыныптың  эстетикалық жағдайы

  1. Оқушылардың сыртқы түрі

  2. Эстетикалық көзқарасы мен талғамы

  3. Музыкаға, театрға, көркем әдебиетке деген қызығушылығы

 ІҮ. Сыныптың дене тәрбиесі мен  спортқа деген қарым-қатынасы

  1. Денсаулығына ерекше қарауды қажет ететін балалардың болуы.

  2. Дене тәрбиесі сабағына қатысуы.

  3. Түрлі спорттық жарыстар мен туристік жорықтарға қатысуы.

 Ү. Ұжым ішіндегі қарым-қатынас

1.      Сынып ұжымының қалыптасу деңгейі

2.      Белснділерге қысқаша сипаттама

3.      Ұжымдағы кемшіліктер

4.      Сынып жетекшісінің сынып ұжымын ұйымдастырудағы ролі, оқушылар арасындағы беделі

5.      Ұжымды қалыптастыруға байланысты пікірлер мен ұсыныстар

 «Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:

   Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

   Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

   Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

   Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар ұжымы деп  ортақ мақсатқа бірікен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді.

Сынып жетекшісі қоғамдық пікірді ескеруі тиіс.

Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:

1)      мақсат анықтау;

2)      жоспарлау;

3)      дайындық және ұйымдастыру;

4)      жұмысты жүзеге асыру;

5)      нәтижені талдау;

Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.

Дәріс № 7. Тәрбие түрлерін қалыптастыру әдістемесі. Ақыл-ой тәрбиесі.  Адамгершілік тәрбиесі

        Жоспар:

1.     Ақыл-ой тәрбиесі

2.     Адамгершілік тәрбиесі

 Ақыл-ой тәрбиесі жастарға білім берудің негізгі құралы. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-ой күштері мен интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттері - білім қорын жинау, ойлау операцияларын меңгерту, дүниетанымды қалыптастыру.

Адамгершілік  тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай  санасына,  сезіміне,  әдет қылығына,   мақсат   бағытына  

жүйелі   түрде   ықпал   ету.  

Адамгершілік   тәрбиесінің   негізгі   міндеттері:  

1) ізгілік   сана   қалыптастыру; 

2) инабаттылық   сезімдер   тәрбиелеу   және   дамыту; 

3)адамгершілік  әдетқылықтың   ептіліктері   мен   дағдыларын   қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің  құрамы:

  • адам  және   қоғам   байланысын   қалыптастыру,  

  • өз  қылығының   қоғаммен   сәйкес   болу   қажеттілігін   сезіндіру;  

  • адамгершілік   білімді   адамгершілік   нанымға   ауыстыру;  

  • тұрақты   адамгершілік   сезімдер   мен  сапалар   орнықтыру;  

  • адамның   басқалармен   қатынасында   жоғары   мәдениет   пен   адамгершілік   әдеттерді   бекіту.

Қазіргі   мектептерде   адамгершілік   тәрбиесінің   мазмұны   жалпы   адам  

құндылығын   жоғарылату   қажеттілігінен   көптеген   өзгерістерге   бет   бұрды

Осыдан   әр   оқушыларға   төмендегі   проблемалардың   маңыздылығын  

түсіндіру   керек: 

1) адамға   ең   қымбат - өмір 

2) балалар   өмір   жалғасы 

3) тәртіптілікпен   байланысқан   еркіндік 

4) отансүйгіштік  ( патриотизм)  

5) ұлтжандылық 

6) интернационализм 

7)борыш,   ар,   намыс,   ождан,   тәртіп   сақтау,   кішіпейілділік   және  т.б.

Оқушылардың саналы тәртібі, жағымды мінез-құлқы, соған сәйкес сенімі мен сезімі - адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік тәрбиесі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғасады. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері - оқушыларды қоғамдық моральдық нормаларды орындауға қатыстыру, Отанға, халыққа деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Дәріс № 8. Эстетикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие

Жоспар:

  1. эстетикалық тәрбие

  2. экологиялық тәрбие

Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен қүруға үмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты. Табиғатқа, өдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т.б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Дене тәрбиесі сұлулықтың көп элементтеріне арқау: дене дамуының үйлесімі, жүріс-тұрысы, адам мінезі, ойлау мәнері т.б. "Эстетика" термині гректің "эстезис" - сезімталдық деген сөзінен шыққан. Бүл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізді. 1750 ж. оның "Эстетика" деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Эстетика категориясының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік - бұл өмірдің өзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - өнер, әдебиет, табиғат. Сонымен қатар ана тілі, музыка, бейнелеу өнері сабақтары. Басқа сабақтарда да тақтаға, дәптерге әдемі жазу, мәнерлеп сөйлеу, өзін ұстау дағдылары қалыптасады.

Қазіргі кезеңце экологиялық апат қаупінің алдын алатын, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу көкейкесті проблемалардың бірі болып түр.

Өмір бір жақты экологиялық тәрбиемен шектелмей, оларды үздіксіз табиғат қорғау әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап етеді. Осыған орай тәрбие бастауы экология туралы білімдерге, яғни қажетті ақпараттарды қабылдау, талқылау, түсіну.

Жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтерге қосымша табиғатқа көмек қажеттігін түсіндіру — педагоггың тікелей парызы.

Егер жасөспірім өзінің ертеңгі күні, өзімен бірге достары жене жақындарының бақыты ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға көмек тигізсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары - экологиялық нормалардың қажеттілігін балалар мен жастардың бойында тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу, жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты көркейту, күту, экологиялық білімді насихаттау.  Экологиялық және эстетикалық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыс формалары - экскурсия, конкурстар, т.б. қолданылады.

Дәріс № 9. Құқықтық тәрбие. Дене тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі

Жоспар:

  1. Құқықтық тәрбие

  2.  Дене тәрбиесі

  3.  Еңбек тәрбиесі

Құқықтық тәрбие дегеніміз - балалардың құқықтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру. Құқықтық тәрбиенің міндеттері - құқықтық мемлекеттің азаматын тәрбиелеу, өмірге қажетті қарапайым заңгерлік сауаттылықты меңгерту, балаларды өз құқықтары мен міндеттерімен, құқықтық жауапкершілігімен таныстыру.

Рухани және материалдық байлық еңбек жемісі болады; еңбектің арқасында адам кемелденеді, өз тұлғасын қалыптастырады. Сол үшін мектептегі еңбек тәрбиесі оқушыларды психологиялық тұрғыдан және тәжірибе жүзінде еңбеккерлікке дайындауға бағытталған. Қазіргі экономикалық және қоғамдық даму кезеңі тұлғаға жоғары талаптар қояды:

1) Еңбекті маңызды қоғамдық борыш ретінде бағалай білу;

2) Барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті және оның нәтижесін құрметтей білу;

3)  Еңбекте үнемі белсенділік, жаңалық, шығармашылық таныту;

4)  Ой-сана және дене күші деңгейіне қарай еңбек ету қажеттілігін іштей түсіну;

5)  Еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптеріне сүйене жүргізу;

6) Еңбекке адам өмірінің негізгі қажеттігі ретінде қарым-қатынас жасау.

Еңбекке психологиялық дайындық тәрбие жүйесінде қалыптасады, ол келесі міндеттер негізінде шешіледі:

1)  еңбек мақсаты мен міндетін түсіну;

2)  еңбек мотивтерін тәрбиелеу;

3) еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру.

Мектептегі  еңбек тәрбиесінің жүйесі - оқу еңбегі, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Еңбек тәрбиесінің міндеттері - еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбекті құрметтеу, кәсіптік бағдар беру. Еңбек және экономикалық тәрбиелер бір-бірімен тығыз байланысты. Экономикалық тәрбие дегеніміз - оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, экономикалық саясатты, қатынастарды  түсіндіру.

Дене тәрбиесінің мақсаты дене  саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:

1)  Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуіне көмектесу;

2)  Спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;

3)  Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;

4)  Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);

5)  Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақтылық, тәртіп, үжымшылдық);

6) Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-түрыс мәдениеті);

7)  Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;

8)  Гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.

Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы зор. Дене тәрбиесін ұйымдастыруда туризм, спорт, дене жаттығулары, ойын маңызды роль атқарады. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде құқықтық лекторийлер мен кинолекторийлер, заңтану мектептері, лекция, баяндамалар, кездесулер қолданылады. Сабақта басталған құқықтық білім беру ісі сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғасады. Адамның құқықтық білімі неғұрлым толық әрі терең болған сайын оның құқықтық мәдениеті соғұрлым бай болады, заңдылық сезімі бекиді. Мемлекеттік құқық,  елтаңба,  Ту, Әнұранға деген құрмет пайда болады. Саналы тәртіп пен мінез-құлықты құқықтық мәдениеттің іргетасы деп қарастыруға болады.

10. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]