Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының жер қорының жіктелуі...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.34 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының жер қорының жіктелуі және динамикасы

Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасында оның территориясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.

Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бұл қауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында тәлімі егіншілік дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру себеінен респпубликаның жер қорында түбегейлі өзгерістер пайда болды. Бұл процестің бастамасы СОКП ОК 1954 жылдың ақпан-наурыз айларында қабылдаған “Елде астық өндіруді әрі қарай дамыту және тың мен тыңайма жерлерді игеру туралы” атты Қаулысы болып табылады.

Аталған мерзімнің ішінде Қазақстан территориясында 25 млн. га жуық тың және тыңайма жер жыртылды. Бұл процестің маңыздылығын жете түсіну және объективті бағалу үшін сонша көне емес тарихи фактілерге жүгінген қажет. Шығыс аймақтарға Европалық Ресейден шыққандардың жаппай қоныстануы ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында басталып, Столыпин реформасын жүзеге асыру кезінде, ХХ ғасырдың басында күшейе түсті. Бұның себебі ғасырлар бойы қалыптасқан кең байтақ даланың құнарлы жерлері мен Рейсейдің орталық аймақтарындағы жер тапшылығы. Мысалы, қазақ даласына (Орал , Торғай, Семей және Ақмола) 1906ж. - 25100, 1907ж. - 81300, 1908ж. - 80159, 1909ж. - 89711, 1910ж. - 67097, 1911ж. - 55508, 1912ж. – 41077 шаруа қожалықтары қоныстанды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда қоныс аудару процесінің асып тұрған кезі 1909 жылға келеді. Кейінірек көшкіндердің саны екі есе кемейе түсті. Осымен қатар олардың Ресейге қайта көшуі (“обратничество”) өрби бастады.

Мысалы, 1906-1908 ж.ж. аралығында барлығы 1553,4 мың адам көшірілсе, соның 564 мыңы жаңа жерде орнығып, ал 285,0 мыңы қайта оралған екен. Қалған 700 мыңнан астам адамның тағдыры белгісіз.

ХХ ғассырдың екінші жартысында тың дәне тыңайма жерлерді игері процесі едәуір басқаша бейнеленуде.

Алғашқы рет бұл мәселе 1930 жылы көтерліген еді. Көрнекті ғалым академик Н.М.Тулайковтың сол кездегі болжауы бойынша Қазақстанда егістікке жарамды жерлердің көлемі 50-55 млн. га шамасында болған. Осы орасан зор ауданның 36 млн. га Сібір мен Оралға таяу Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар және Семей округтарында орналасқан екен. Барлық жыртуға жарамды жерлердегі бидай егістіктерінің үлес салмағы қарастырып отырған жылдары не бары 5% қана құраған.

Тек қана 1954 жылы кең байтақ өлкенің өміріне түбегейлі өзгерістер енгізген, жаппай қозғалыс орын ала бастады. Еекі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріне 650 мыңға жуық адам көшіп келді, солардың ішінде 130 мың механизатор. Қазақ КСР-ның сол кездегі ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша, 1954-1960 ж.ж. республиканың территориясында 25,5 мдн. га жер жыртылған екен, соның ішінде 17 млн. га бес Солтүстік Қазақстан облыстарында 1963 жылға қарай Қазақстанда 2695 совхоз бен басқа мемлекеттік шаруашылықтары және 542 колхоз жұмыс істеді. Олардың қарамағында 190 млн. га жер болып, соның 34 млн. га жыртылған жерді құрады.

Онжылдың ішінде Солтүстік Қазақстандағы негізінен астық өндіру бағытындағы 600 жаңа совхоз ұйымдастырылды.

Сол жылдары осы бес совхохдар мен колхоздардағы траткорлар саны 6,8 есе, комбайн- 6,4 есе, жүк таситын автомобильдер – 11 ес, электростанциялардың қуаттылығы- 27 есе арта түсті. Тың совхоздарының энергиямен қаруландырылғандығы сол кезде- ақ бір жұмысшыға 60 а.к. құрады, ал КСРО көлемінде бұл көрсеткіш тек 7,2 а.к. шеңберінде ғана болды.

Совхохдардың басым бөлігі астық өндіруге бағытталды. Сонымен бірге, мал шаруашылғы мен басқа салаларға мамандырылған совхоздардың да саны бірте-бірте көбейе бастады. Ұйымдастырылған миграциялық процестердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның бес облысындағы ауылшаруашылық жұмысшыларының саны 103 мыңнан (1953 ж.) 536,7 мыңға дейін (1964 ж.) өсті, демек 5 еседен астам.

Тың және тыңайма жерлерді жаппай игеру айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге мүмкндік берді. Егер де, бұдан бұрын ( 1949- 1953 ж.ж. ) тың игерілген аймақтардың ел бойынша жалып астық сатып алудағы үлес салмағы 30% шамасында болса, 1954- 1964 ж.ж. бұл көрсеткіш 52% дейін өсті. Тың игерілгенге дейін 10 жылдың ішінде аталған облыстар 8 млн. т. көлемінде 58 млн, т. астық құйылды, демек 7,2 есе көп.

Қоғамдық мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер пайда болды: ірі қара мал құстың басы 2 есе, қой- 1,3 есе, шошқа- 3 есе арта түсті. Өндірілген еттің көлемі 3,3 есе, сүт 3 есе, жұмыртқаның саны 7 есе көбейді.

Тың жерлерді игеруге жұмсалған қаржы толығымен өтелді: алғашқы 7 жылдың ішінде (1955-1962 ж.ж.) астық сатудан түскен айнаым салығы 3,5 млрд. сом құрады, ал совхоздардың негізгі қорлары 1962 жылдың аяғына қарай 237 млрд. сомға жетті.

Тың жерлерді игері орасан зор өлкенің өндіргіш күштерін күрт жоғарлатты. Ауылшаруашылық машина жасау және энергетика, азық-түлік өнеркәсібі мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, ғылым мен жоғары білім беру, мәдениет пен спорт айтарлықтай дамыды.

Өкінішке орай тың жерледі игерудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі едәуір жоғары болар еді, егер де бұл процесті жүзеге асыру барысында бірқатар қателіктер жіберілмесе. Соңғылардың ең негізгілерін атап өтелік.

Алдымен- егістікке қолайсыз, құнарлылығы төмен топырақтарды жыртып тастау. Осының салдарынан Павлодар мен Қостанай облыстарында миллиондаған га жыртылған жерлерде дифляциялық процестер өрбіді.

Соңғы жылдары елеулі түрде су эрозиясы орын ала бастады, әсіресе сызықтық эрозия (жыралық). Оны уақытша болса да тоқтатқанмен, шамалы еңісті баурайлардың өзінде- ақ су және жел эрозияларының қосыла әсері байқалады.

Осымен қатар жыртылған жердің ең кемінде 10% сортаңданған, эрозияға ұшыраған, тастақ және басқада аз дамыған топырақтар алып жатыр. Бұндай жерлерге жұмсалған еңбек пен қаражат әрине, өтеле қоймайды. Сонымен бірге олар, жыртылған жердің территориясында орналасқанына байланысты, межелес егістіктерді өңдеуге кедергі жасайды.

Жаңа жерлерді игеру процесінің жоғары қарқындылығы, әрбір гектарды айналымға қосуды ынталандырып отыру бір қатар кемшілітерді жіберуге жағдай жасайды. Жерлерді шамадан тыс асығыстықпен, тиісті зерттеулерсіз игеруге таңдайдың салдарынан жер пайдалану жүйесінде көптеген қолайсыздықтар орын алады. Танаптарды төртбұрышыты пішінде, жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың ерекшеліктерін елемей жобалаудың нәтижесінде қарапайым экологиялық талаптар да орындалмады. Өзендер мен көлдердің маңындағы жерлерді жыртып тастаудың салдарынан олардың көбісі батпақтанып кетіп, су режимдері бұзылды. Белгілі бір деңгейде өлкенің флорасы мен фаунасына да залал келтірілді.

Тың совхоздарының құрылу және даму барысында көптеген іс-шаралар байқап көру әдісімен жүзеге асырылып отырды. Осыған байланысты жер пайдаланушылықтар межелерінің тұрақты қажеттіліктер қамтамасыз етілмеді. Олардың және жер пайдаланушылық аудандарының жиі-жиі өзгеріп отырғаның салдарынан жер пайдалануда иесздік, жоғарғы мәдениетті егіншілікті қамтамасыз етуде қиыншылықтар, дұрыс ауыспалы егістерді енгізуде кедергілер пайда болды.

Бірақ ең үлкен зиян келтірген- КСРО - ның батыс аймақтарында қолданылатын егіншілік тәсілдерін тура көшіріп алып, тың өлкесіне бейімдемей пайдалану. Осының нәтижесінде бірінші жылдары өнімнің едәуір бөлігі кем алынып, топырақтың тек қана алғашқы құнарлылығы пайдаланды. Кейінгі жылдары дақылдардың, бірінші кезекте бидайдың түсімділігі едәуір төмендей бастады. Бұл теріс құбылыстың салдарын жою мақсатымен егіншіліктің эрозияға қарсы бағытталған жүйесі жасалды. Аталған жүйе 60-70 жылдары өндіріске енгізіліп ауыл шаруашылығын бірте-бірте көтеруге мүмкіндік берді.

Дегенмен әлі де бірқатар мәселе шешімін күтуде. Жерді аса ұқыпты пайдалану, оның сапасын мұқият зерттеу, егіншіліктің тиімділігін арттыру жөніндегі жаңа технологияларды әзірлеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі. Осымен бірге, қазіргі кезде бос, игеруге жарамды жерлердің, аудандары шектелгенін, ескеру қажет. Олардың өзін а.ш. айналымға тарту шаралары қыруар еңбек пен қаражат талап етеді.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығын жүргізудің экстенсивтік әдістеріне жаппай және табанды түрде көшу қажет, Интенсивтік технологияларды өндіріске енгізу, жаңа табиғи ландшафттарды қалыптастыру, барларын сақтап қалу бүгінгі күннің шешімін күттірпейтін мәселелер.

Қазіргі кезде Қазақстанға 20 млн. га жыртылған жер мен 35 млн. га жайылым эрозияға ұшыраған, немесе осы жағынан қауіпті. Сонымен қатар 17 млн. га жер мен су ирригациялық эрозиядан зақымданған. Реформаға дейінгі жылдар елде жыртылған жердің бір жанға шаққандағы мөлшері 2,8 га еді. Бұл әлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен. Бірақ қазіргі кезде жыртылған жердің көлемін одан әрі кеңейтудің қажеті жоқ және мүмкіншілік те күрт шектелген. 90-жылдардағы дағдарыс республика жер қорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді. Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын (ЖҚ) құрайды. ҚР Жер кодексі бойынша ЖҚ . категорияға бөлінеді:

1) Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;

2) Елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жері;

3) Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер;

4) Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың , сауықтыру, рекреациялық және тарихи – мәдени мақсатындағы жер;

5) Орман қорының жері;

6) Су қорының жері;

7) Босалқы жер.

Әрі қарай осы 7 категорияны (ҚР Жер Кодексінің ІІІ-Бөлімі) нақты түрде сипаттайтын мәліметтер келтіріледі.

Бірінші категорияға ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осы мақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға, серіктестіктерге, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына және басқа да шаруашылық құрылымдарға жеке меншікке сатылған уақытша немесе тұрақты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер. Бұнда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатын ауылшаруашылық алаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым, жеміс-жидек көпжылдық көшеттері) қатар, ауыл шаруашылығының өзі міндеттерін ойдағыдай атқаруға қажетті ішкі шаруашылық жолдар, коммуникациялар, тұйық оңашаланған су көздері, мелиоративтік жүйелері, құрылыстар және басқалары орналасқан жерлер кіреді. Ауылшаруашылық алаптары, негізінен мал азығын өндірілетіндері, тек ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің арасында ғана болмайды. Олар басқа категориялардың құрамында да кездесе береді.

Ауылшаруашылық алаптарының жалпы аудан 220 млн. га астам. Олардың ішіндегі ең құндысы- жыртылған жер. Тың және тыңайма жерлерді игеру кезеңінде оның көлемі айтарлықтай кеңейіп, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамындағы үлес салмағы 16%- ға, ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 13%- ға дейін жетті.

Бірақ та соңғы жылдары жыртылған жердің ауданы күрт қысқарды. Қалған ауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағы жайылымдар мен шабындықтарды қамтиды. Олардың тек шамалы бір бөлігі ғана түбегейлі және үстіртін жақсартылған. Орасан зор ауданды жайылымдарды орынды пайдалану мәселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.

Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді. Қай ел болса да, аграрлық саясатының ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті табылады.

Бірінші кезекте бұл принцип ауылшаруашылық алаптарға, әсіресе ең өнімдісі- жыртылған жерге қатысты. Оларды тек ерекше жағдайда ғана ауылшаруашылық емес мақсаттарға пайдалануға болады. Егер де ондай қажеттілік туа қалса ( пайдалы қазбаларды шығаруға) сапасы өте төмен және ауданы барынша үнемделген жер учаскілері бөлінеді. Осымен қатар а.ш. өндірістің шығындарын өтеу тәртібі белгіленген. Алаптарды бір түрінен екіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.

Өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған дағдарыспен бірге ақылы жер пайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесіне елдің жер қорында елеулі өзегрістер пайда болды: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 2,4 есе қысқарса, босалқы жерлер 7 есе ұлғайды; едәуір мал азығы алаптарын жер тұрғындарының жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берудің нәтижесінде, елді мекендердің жерлері 10 еседей өсті; ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бұталы жерлердің есебінен орман жерінің қоры аздап көбейді.

Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатымен байланысты.