Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_biletteri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать
  1. Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы. ЕурАзэс шеңберіндегі проблемалары және болашағы. Оны жүзеге асыру қорытындысы.

Инновациялы индустрияландырудың негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн біріктіру және елдiң резервтерін экономиканың басты секторларын дамытуға шоғырландыру; қолайлы кәсiпкерлiк орта мен инвестициялық климатты қалыптастыру; ұлттық экономиканың қарқындылығы мен өнiмдiлiгiн арттыру. Бас басымдылықтар болып: өнiмдердiң әртараптандыруы мен олардың терең өңделуiне дейiнгі технологиялық тiркестiң жалғасы арқылы дәстүрлi экспорттық секторларды дамыту; жоғары қосылған құны бар өнiмнiң және еңбек өнiмдiлiгiнiң биiк деңгейi көмегімен инновациялық өндiрiстерді дамыту болып табылады. Партия съезінде мемлекет басшысы үкiметке аймақтардың ресурстық базасымен және инфрақұрылымның дамуымен байланыстырылған өндiрiстiк қуаттардың тиiмдi орналастыру схемасы қосылатын жаңа бағдарламаның iске асыруына қажеттi негiзгi құжатты – 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасын әзірлеуді тапсырды. Президент үдетілген индустриалды-инновациялық дамытудың негiзгi бағыттарын белгiлеп берді. Олар агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл шаруашылық өнiмдерді өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамыту; мұнай өңдеу және мұнай-газ секторы инфрақұрылымын дамыту; металлургия және дайын метал өнiмдерінiң өндiрiсiн дамыту; химия, фармацевтикалық және қорғаныс өнеркәсiбін дамыту; көлiк және телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту. Барлық жоспарлардың іске асырылуы нәтижесінде қосымша экономиканың өсуi 7 триллион теңгеден астам жылдық қосылған құнды құруға мүмкiндiк беретiн болады. Парламент палаталарының жақында өткен бiрлескен мәжiлiсiнде Президент Үкiметке жыл аяғына дейiн екi бес жылдыққа бөлінген, алдағы 10 жылда елдiң индустрияландырылуын ынталандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар жыл аяғына дейін 2010-2015 жылдарға арналған индустрияландырылу картасы мен 2020 жылға дейiнгі өндiрiстiк қуаттардың тиiмдi орналастырылуы схемасын дайындау қажет.

  1. Өндірістің жалпы тиімділігі және көрсеткіштер жүйесі. Тиімділіктің дифференциалданғант көрсеткіштері. Өндіріс тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар.

Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым —қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.

Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне  мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Тиімділік — ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар — ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық — құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі.

  1. Есеп

Маманның айлық еңбек ақысын есептеңдер, егер оның айлық алымы 65000 т құраса. ағымдағы айда 26 жұмыс күнінің ол нақты 21 күн жұмыс атқарған. Оған айлық төлемінің 15 пайызы тең үстеме бекітілген. Ағымдық айда ол 5 сағат үстеме уақыт жұмыс істеген, ол сағат кесімінен 1,5 мөлшерде төленеді. Ж: 61937 тг.

Билет 28.

  1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы және оның халықаралық және ұлттық сауда дамуындағы маңыздылығы.

Д. Рикардоныц салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізіндс құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А.Смит зерттеген еді. А.Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді жәпе әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпеп айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясьша да таралады.

  1. Негізгі капиталдың мәні, құрылымы және құрамы. Негізгі капитал құнының бағалануы.

  1. Есеп

Өнім бірлігінің сатылым бағасын анықтаңдар. Егер негізгі қызметтен табыс сату бағасының 15 пайызы мөлшерде. Бастапқы мәлімттер: Жоспарланған өнім шығарымы-10000 дана. Шығын нормалары:

-негізгі материалдар-бір бірлікке -2 кг, бағасы-30 ш.б. негізгі жұмысшылардың еңбек ақысы-1 сағатқа 5 шартты бірлік

Өзгермелі үстеме шығындар-120000 шартты бірлік

Тұрақты үстеме шығындар-230000 шартты бірлік Ж: бағасы 115тг өнім бірлігі

Билет 29.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]