- •1. Валюта курсының белгіленген және өзгермелі жағдайында макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін салыстыру.
- •2. Кәсіпорынның мәні, мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Кәсіпорынның іс- қызметіне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жіктелімі.
- •1 . Қазақстанның әлемдік экономика одағына кіруі сапалы дамудың негізі.
- •2. Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам. Қоғамды әлеуметтік жаңғырту міндеттері.
- •2. Еңбек ақы төлемінің тарифтік емес түрлері мен мәні.
- •1 . Қазақстан экономикасын жаңғырту, тұрақты экономикалық өсу іргетасы ретінде.
- •1. ЕурАзэс мүше елдердің қазіргі кезеңдегі валюта нарығы жағдайы.
- •2. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық зардаптары және оны тоқтату шаралары.
- •1. Қазақстан экономикасының Әлемдік экономикалық дағдарыстың жақындағанда қазіргі кезеңдегі жағдайы.
- •2. Кәсіпорында айналмалы капиталды тиімді пайдаланудың негізгі жолдары.
- •1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
- •2. Айналым кұралдарының ауыспалы айналымы және оның айналым көрсеткіштері.
- •1.Қазақстандағы транспорт инфрақұрылымының дамуы (Қазақстан Республикасы президентінің – « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалдары бойынша 2014 жыл 11 қараша).
- •Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы. ЕурАзэс шеңберіндегі проблемалары және болашағы. Оны жүзеге асыру қорытындысы.
- •Өндірістің жалпы тиімділігі және көрсеткіштер жүйесі. Тиімділіктің дифференциалданғант көрсеткіштері. Өндіріс тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар.
- •1.Халықаралық капиталды миграциялау және халықаралық несиелеу түсінігі және формалары.
- •2.Негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары.
- •1.Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы. Алтын стандарт.Генуэздік Алтынұран стандарты. Бреттон – Вудтағы конференция. Ямайка конференциясы.
- •2.Инновациялық экономика. Түсінігі және мәні. Технологиялық укладтар
2. Айналым кұралдарының ауыспалы айналымы және оның айналым көрсеткіштері.
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы — инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.
Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.
3. Есеп
Бір кәсіпорындарда өнімнің жылдық сатылымы-18000 мың тг, ал екінші кәсіпорында -21000 мың тг, орташа жылдық айналым қорлараның қалдығы-3000 және 4000 тг. Таза табыс 5000 және 7000 тг. Айналым қорларының айналымдылығын есептеңдер және кәсіпорынның қайсысында материалдық және ақша ресурстары тиімді пайдаланады?
Ас1=6
Ас2 =5.25 екінші кәсіпорында материалдық және ақша ресурстары тиімді пайдаланылады.
Билет 25.
1.Қазақстандағы транспорт инфрақұрылымының дамуы (Қазақстан Республикасы президентінің – « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалдары бойынша 2014 жыл 11 қараша).
Осы жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014жылғы 17 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында бұлай деген еді: «Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр».
2.Материалдық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың жолдары. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және әдісі.
Кәсіпорынның материалдық ресурстарға мұқтаждығын өсіру экстенсивті жолмен (материалдар мен энергияның көп мөлшерін сатып алу және дайындау) немесе интенсивті (күшейту) жолмен (өнім өндіру процессінде қолда бар запастарды неғұрлым үнемді пайдалану) қанағаттандырылуы мүмкін.
Бірінші жол материалдық шығындардың өнім бірлігіне арналған үлестік өсіміне әкеліп соқтырады, алайда оның өзіндік құны бұл жағдайда өндіріс көлемін ұлғайту және тұрақты шығындардың үлесін азайту есебінен төмендейді.
Екінші жол меншікті материалдық шығындарды қысқартуды және өнім бірлігінің өзіндік құнын арзандатуды қамтамасыз етеді. Шикізатты және энергияны үнемді пайдаланудың өндірісті ұлғайтумен маңызы бірдей.
Материалдық ресурстарды пайдалануды және қамтамасыз етуді талдаудың міндеттері:
— материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының нақтылығын, олардың орындалу дәрежесін және өнім өндіру көлеміне әсерін, оның өзіндік құнын және басқа да көрсеткіштерін бағалау;
— материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің деңгейін бағалау;
— материалдық ресурстарды үнемдеудің өндіріс ішілік резервтерін анықтау және оларды пайдалану жөніндегі нақты шараларды жасау. Материалдық ресурстарды талдауға арналған ақпарат көздеріне
мыналар жатады: материалдық-техникалық жабдықтау жоспары, шикізаттар мен материалдарды жеткізіп тұруға арналған келісімдер мен мәлімдемелер, материалдық ресурстардың бар болуы және пайдалануы туралы және өндіріске арналған шығындар туралы статистикалық есеп түрлері, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің оперативті мәліметтері, материалдықресурстардың түсуі, шығыны және қалдығы туралы талдағыш бухгалтерлік есеп жүргізу және т.б.
3-есеп.
Есеп беру жылында еңбек өнімділігінің өсу пайызын және жоспарлау жылындағы жұмысшылар санын анықтаңдар.Ұйымдастыру-техникалық шаралар негізінде кәсіпорын 12 жұмысшыны қысқартады.Жоспар бойынша өндіріс көлеім-15700 мың тг, есеп беру жылы бір жұмысшыға есептегенде өнім 250 мың тг.
Билет 26.
1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және оның түрлері.
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚ Өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы[1]‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі – еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны. Экономикалықтиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы – шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады.
2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері және оның пайда болуының негізгі себептерін түсіндіріңіз.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын
көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
3-Есеп
Есеп беру жылы кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақы қоры-84000 тг. Нақты өндіріс көлемі-520000 тг болды. Жоспарланған өндіріс көлемі-654 000 тг. болады. Техникалық қарулану негізінде 8 адамды қысқарту жоспарланған. 1 жұмысшыға есептегенде орташа еңбек ақы 46000 тг болды. Жоспарланған еңбек ақы қорын анықтаңдар.
Билет 27.
