- •1. Валюта курсының белгіленген және өзгермелі жағдайында макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін салыстыру.
- •2. Кәсіпорынның мәні, мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Кәсіпорынның іс- қызметіне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жіктелімі.
- •1 . Қазақстанның әлемдік экономика одағына кіруі сапалы дамудың негізі.
- •2. Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам. Қоғамды әлеуметтік жаңғырту міндеттері.
- •2. Еңбек ақы төлемінің тарифтік емес түрлері мен мәні.
- •1 . Қазақстан экономикасын жаңғырту, тұрақты экономикалық өсу іргетасы ретінде.
- •1. ЕурАзэс мүше елдердің қазіргі кезеңдегі валюта нарығы жағдайы.
- •2. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық зардаптары және оны тоқтату шаралары.
- •1. Қазақстан экономикасының Әлемдік экономикалық дағдарыстың жақындағанда қазіргі кезеңдегі жағдайы.
- •2. Кәсіпорында айналмалы капиталды тиімді пайдаланудың негізгі жолдары.
- •1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
- •2. Айналым кұралдарының ауыспалы айналымы және оның айналым көрсеткіштері.
- •1.Қазақстандағы транспорт инфрақұрылымының дамуы (Қазақстан Республикасы президентінің – « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалдары бойынша 2014 жыл 11 қараша).
- •Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы. ЕурАзэс шеңберіндегі проблемалары және болашағы. Оны жүзеге асыру қорытындысы.
- •Өндірістің жалпы тиімділігі және көрсеткіштер жүйесі. Тиімділіктің дифференциалданғант көрсеткіштері. Өндіріс тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар.
- •1.Халықаралық капиталды миграциялау және халықаралық несиелеу түсінігі және формалары.
- •2.Негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары.
- •1.Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы. Алтын стандарт.Генуэздік Алтынұран стандарты. Бреттон – Вудтағы конференция. Ямайка конференциясы.
- •2.Инновациялық экономика. Түсінігі және мәні. Технологиялық укладтар
2. Кәсіпорында айналмалы капиталды тиімді пайдаланудың негізгі жолдары.
Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен жетуге болады:
- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;
- құралдарды жөндеулерді уақытында және сапалы түрде жоспар бойынша өткізіп тұру;
Билет 24.
1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.
Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту.
Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:
Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;
Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:
Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау;:
Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
