- •1. Валюта курсының белгіленген және өзгермелі жағдайында макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін салыстыру.
- •2. Кәсіпорынның мәні, мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Кәсіпорынның іс- қызметіне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жіктелімі.
- •1 . Қазақстанның әлемдік экономика одағына кіруі сапалы дамудың негізі.
- •2. Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам. Қоғамды әлеуметтік жаңғырту міндеттері.
- •2. Еңбек ақы төлемінің тарифтік емес түрлері мен мәні.
- •1 . Қазақстан экономикасын жаңғырту, тұрақты экономикалық өсу іргетасы ретінде.
- •1. ЕурАзэс мүше елдердің қазіргі кезеңдегі валюта нарығы жағдайы.
- •2. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық зардаптары және оны тоқтату шаралары.
- •1. Қазақстан экономикасының Әлемдік экономикалық дағдарыстың жақындағанда қазіргі кезеңдегі жағдайы.
- •2. Кәсіпорында айналмалы капиталды тиімді пайдаланудың негізгі жолдары.
- •1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
- •2. Айналым кұралдарының ауыспалы айналымы және оның айналым көрсеткіштері.
- •1.Қазақстандағы транспорт инфрақұрылымының дамуы (Қазақстан Республикасы президентінің – « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалдары бойынша 2014 жыл 11 қараша).
- •Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы. ЕурАзэс шеңберіндегі проблемалары және болашағы. Оны жүзеге асыру қорытындысы.
- •Өндірістің жалпы тиімділігі және көрсеткіштер жүйесі. Тиімділіктің дифференциалданғант көрсеткіштері. Өндіріс тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар.
- •1.Халықаралық капиталды миграциялау және халықаралық несиелеу түсінігі және формалары.
- •2.Негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары.
- •1.Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы. Алтын стандарт.Генуэздік Алтынұран стандарты. Бреттон – Вудтағы конференция. Ямайка конференциясы.
- •2.Инновациялық экономика. Түсінігі және мәні. Технологиялық укладтар
1. ЕурАзэс мүше елдердің қазіргі кезеңдегі валюта нарығы жағдайы.
ЕурАзЭқ-тің берілуі экономикалық форумы осы жылы, яғни 2003 ж. 19- 20 ақпан аралықтарында Москвада өтті. Бұл форумның өтуі өте маңызды. Өйткені бұл форум ЕурАзЭқ тоқтап қалмай дамып келе жатқанын көрсетеді және бірнеше ұсыныстар, шешімдер қабылданды. Соның бірі, бірінші экономикалық форумның декларациясы қабылданды. Бұл декларацияда сауда – экономиканың оң жақтары көрсетілген және биліктің айқын іс- әрекеттері көрсетілген. Қоғамдастықтың мүшелері арасындағы интеграциялық әріптетіктегі іс-әрекеттерін дамытуға бағыт–бағдарлар бар.
2. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық зардаптары және оны тоқтату шаралары.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
3. есеп
5кг өнім бірлігіне шикізат шығыны 2000 т болатын бағамен, өнім бірлігін еңбектің шығын нормасы 3 адам сағат, тариф кесімі 1 сағатқа 800тг. Жоспарланған тікелей шығындарды анықтаңдар.
Билет 23
1. Қазақстан экономикасының Әлемдік экономикалық дағдарыстың жақындағанда қазіргі кезеңдегі жағдайы.
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия,Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
